Конспект "Күз мерекем, Күз - берекем"

Тақырыбы: "Күз мерекем, Күз--берекем"
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы туралы түсіндіру.Олардың әрқайсысы өз қызығымен
ерекше екендігін ұғындыру.Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін,қуаныш сыйлайтынын жеткізу.
Табиғатты сүюге тәрбиелеу. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп,
Тойға бөлеп елімді, күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Армысыздар құрметті ата-аналар, қонақтар?! Бүгінгі "Күз -мерекем, Күз-берекем" атты ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер! (музыка әуенімен балалар залға кіреді)
Балалар (хормен)
Жер берді жемісті,
Күз келді келісті.
Күз байлық береке,
Алтын күз мереке.
(Балалар орындарына жайғасады)
Жүргізуші: Балаларымыздың күз мерекесіне арнаған тақпақтарына кезек берейік.
Бала:
Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.
Бала:
Тілеймін аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз ырыс бірлік ала келді.
Бала:
Күн суытып келеді,
Жапырақтар түседі.
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, енді қонақтарға күз туралы әнімізді шырқайық.
Ән:"Алтын күз"
Жүргізуші: Балалар әнді тамаша орындадыңдар, тағы да күз туралы тақпақтарымызға кезек берейік.
Бала:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақтар күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Бала:
Алақай! алақай!
Шаттанды балақай.
Күз түсті, дән пісті,
Айтамыз алғысты.
Бала:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Жүргізуші:Өте жақсы, тақпақтарын керемет. Енді балаларымыздың биін тамашалаңыздар.
Би:"Бұлттар"
Жүргізуші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз
Жүргізуші:Қане, кім күз айларын атап шығады?
Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша.
Жүргізуші: Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.
Қыркүйек айы: Менің атым қыркүйек. Күздің бірінші айымын. Байлықтың, барлықтың айымын. Сендер мен
туралы не білесіңдер?
Сабина:Күн ғой бір ең тәуір,
Бірінші қыркүйек.
Қоңырау соғылды,
Күміс күй төгілді,
Білімге талпынған,
Балалар жиылды.
Қазан айы: Менің атым қазан. Жиын-терімнің соңғы айымын. Еңбекқор елді той думанға кенелтемін. Балалар
менде қандай мерекелік күндер бар?
Балалар: Ұстаздар күні мен қарттар күні.
Қараша айы: Күздің соңғы айы мен қараша деген мен боламын. Күннің суып, қыстың жақын екенін естеріңе
саламын. Қыркүйек пен қазанға қарағанда менде қандай ерекшеліктер бар? Кім біледі?
Бала:
Қараша айы жасай бер,
Бар өмірдің белесі,
Адамзатқа бақ берген,
Он екі айдың төресі.
Жүргізуші:Өте жақсы, балалар күз мезгілі және күз мезгілінің айларын толық біліп тұр. Ендеше балаларымыздың
әнін тамашалаңыздар.
Ән:"Күзгі бақ"
Жүргізуші: Ал енді балалар, мерекеміздің сәнін келтіретін күз ханшайымын ортамызға шақырайық.
(Қолында күзгі базарлығы бар, күз ханшайымы билеп шығады )
Күз ханшайымы:
Армысыздар балалар,
Күзгі бақтағы қонақтар,
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар.
Балалар: Көп рахмет сізге алтын күз
Жүргізуші:Балалар, күз ханшайымының сыйын еңбек етіп алуларымыз керек. Күзгі жемістер мен көкөністер
адамның еңбегімен келмей ме? Сондықтан күз ханшайымы сіздерге жасыратын жұмбақтар алып келіпті, шешуін
дәл тапқандарға сыйымды беремін дейді.
Жұмбақтар:
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл,
Түссе сары .
Балалар: Жапырақ
Көкала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді.
Балалар:Қарбыз
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Балалар: Пияз
Күз ханшайымы:Жарайсыңдар балалар, жұмбағымның шешуін дұрыс таптыңдар.
Күтпеген жерден аю кіріп келеді.
Аю: Балалар мен жаңа өзі әдемі киінген қолында себеті бар бір қызды көріп едім. Мына базарлығын жолда ұмытып
кетіпті. Сендерге келді ме?
Балалар: Ия, бізге келді.
Күз ханшайымы:Салеметсіңбе аю? Мен мұндамын, сені көріп тұрғаныма қуаныштымын,
сыйымды да ала келіпсің, рахмет саған .
Аю:күз ханашы саған көмектескеніме қуаныштымын. Балалар мен күз туралы ештеңе білмеймін.Сендерден үйреніп
алайын.
Жүргізуші: Аю сәлеметсіңбе? Олай болса, біздің балалармен ойын ойнап, ән айтып, би биле, міне сонда бәрін де
үйреніп аласың.
Ойын:"Кім жылдам"
Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді, екі жақта себетте тұрған жаңғақтарды қасықпен тездетіп жинайды, қай топ
бірінші жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
Күз ханшайымы:Балалар өте қызық ойын болды. Аю саған ұнады ма?
Аю: Ұнады, өте қызықты ойын екен.
Күз ханшайымы: Айтыңдаршы, жемістер қайда өседі?
Балалар: Бақта
Күз ханшайымы: Көкөністер қайда өседі?
Балалар: Бақшада
Күз ханшайымы:Өте ақылды балалар екен, аю сен үйреніп жатырсыңба? Балаларды мұқият тыңдап түр.
Аю: Әрине
Жүргізуші: Ендеше балаларымыздың көкөністер туралы тақпақтарын тыңдайықшы.
Бала:
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан да сақтаймын.
Бала:
Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалмағын.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алмағын.
Бала:
Нарттай қызыл алмамын,
Мәз болады алғандар,
Жазда әдемі киінем ,
Тілді балдай үйірем.
Бала:
Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін.
Уылжыған өрікпін,
Бау бақшаға көрікпін.
Жүрізуші:Рахмет сендерге, сендер күздің сәнін ғана келтіріп қоймай,біздің мерекеміздің де шырайын келтірдіңдер.
Аю:Балалар менің де сендермен ойын ойнағым келіп тұр.Сендердің өнерлерің, тамаша екен. Ендеше ойынымызды
бастайық .
Ойын:"Кім шапшаң"
Ойынның шарты:Ортаға екі ана және екі бала шығады. Алдарыңызда қыстық киімдер қойылған. Әуен қосылғанда
осы киімдермен өз балаларыңызды балабақша шапшаң киімдіріп жіберуіңіз керек.
Жүргізуші:Өте қызықты ойын болды. Рахмет күз ханшайымы, аю балалардың өнері әлі таусылған жоқ. Төрімізге
шығып тамашалаңыздар.
Бала:
Leaves on the graund ,
Leaves on the steet ,
Leaves on the cot ,
Leaves on the feet .
Жүргізуші:Балалар сендердің өнерлі екендеріңді тамашаладық, енді қонақтарымызға орыс тіліндегі әнімізді
шырқап берейік.
Ән:"Осень в лесу"
Жүргізуші:Өте жақсы, біздің балаларымыз орыс және ағылшын тілдерінде де ән айтып, тақпақтарын айта біледі.
Аю сен үйреніп ал.
Ал енді, әсем қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.
Би:"Орамал"
Жүргізуші: Жарайсыңдар, керемет биледіңдер, ендігі кезекті тағы да күз туралы тақпақтарымызға берейік.
Нұршат:
Қамба толды астыққа,
Алғыс саған алтын күз!
Бір уыс дән шаштықта,
Қап-қап астық алдық біз.
Бала:
О,балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Гүл жапырақ салыпты,
Ел егінін орыпты.
Бала:
Күзде жауын бұлт тұман,
Сары жапырақ жауады.
Сары құйын ұйытқып,
Сапырады даланы.
Бала:
Жарып шыққан қауызын,
Дән өмірлік азығың.
Жегеніңде ақ нанды,
Нәрге толар ауызың.
Бала:
Ерте тұрып ақ таңнан,
Қара жерге нәр құйған.
Айналайын диқаннан,
Егін егіп,нан жиған.
Жүргізуші: Рахмет сендерге балалар, күз туралы тақпақтарыңды тамаша айтып шықтыңдар. Ал енді,
ұлдарымыздың биін тамашалайық.
Би:"Жігіттер"
Жүргізуші:Ал енді, ортамызға күз ханшайымы мен аюды шақырайық.
Күз ханшайымы:Айналайын балалар енді мен сендермен қоштасамын, бұл естен кетпес күн болды. Бәріңізге бақыт
тілеймін. Сау болыңыздар!
Аю:Рахмет сендерге, мен сендердің білімді, өнерпаз балалар екендеріңе риза болдым. Ағылшын және орыс
тілдеріндегі тақпақтарыңызды жаттап алдым, ойындарыңды үйреніп алдым.Келесі кездескенше, қош сау
болыңыздар!
Жүргізуші:Құрметті қонақтар осымен тобының "Күз мерекем, Күз-берекем" атты ертеңгілігіміз аяқталды. Назар
қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!