Классный час "Бар ізгілік бір өзіннен тарайды" 1 класс

Бар ізгілік бір өзіннен тарайды
Мақсаты: Оқушыларды инабаттылыққа, ізгілікке, үлкенді сыйлауға, анаға құрмет көрсетуге,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілер: Нақыл сөздер, суреттер.
Барысы:
Жүздеріне мейірім мен нұр тамар,
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Алаңсыз да балғын шақта балалар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
Міне жыл аралатып, көктемнің алғашқы күндерімен келетін « 8 Наурыз» мейрамы құтты
болсын! Осы отырған барлық әйел адамдарына отбасына береке, бірлік тілеймін.
Мейрамдарыңыз құтты болсын! Қазақ халқы –әйел затын ерекше қадірлеген. Өмірдің ащы
тұщысын көріп, ысыла білген, ұлын жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның
сынығы деп, бөркінің төбесіне үкі қадап үлпілдетіп өсірген.Ана- әрбір адамның жарық
дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да
аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте,
Ана – тірек, тіректі құрметте.
Ана шының, шыңына сағынып жет,
Ана – күнің, күніңе табынып өт.
Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін
беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.
Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ
та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көнілімізді сергітеді. «Ат
биеден туады, алып анадан туады»-дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы
жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың
бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана тіршіліктің гүлі, бүкіл
адамзаттың тәрбиешісі.
Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен,
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың еңбегі зор, дара екен.
Ананың ақ сүтін ақтау парыз деймін,
Еңбегі бізге болар қарыз деймін.
Меккені үш айналса да, өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін.
Дүниеге ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,
Сен деп жаздым алғаш өлең дастаңды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,
Жаңарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Ендеше кезекті әнге берейік.
(Ана тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Өмірде анаға деген
сағыныш, оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас сірә.
Күннің шуақты сәулесіндей ыстық ана жүрегі, одан туындайтын ананың махаббаты әр
перзент үшін қымбат.)
Сыйла әйелді жоғарыдан бер орын,
Көтер оның мерейі мен беделін.
Өз қызыңды сыйлағаның ол сенің
Өз анаңды мәңгі құрметтегенің деп Тұманбай Молдағалиев атамыз жырға қосқандай
ана жер бетіндегі ең қымбат, асыл жан. Сондықтан баршамыз ана атына кір келтірмей,
оларды әр уақытта ардақ тұтып, құрметтеуіміз қажет.
Осы отырған бәрімізде аналарға борыштармыз. Оларға айтылар алғысымыз шексіз емес пе?
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев былай деген:
«Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман
әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын,
қарындасты қатты қадірлейтін халықтардың бірі
де, бірегейі де біздің қазақ»
Айналайын анашым,
Асқар таудай панасың.
Күн көзіндей күлімдеп,
Құшағына аласың.
Бізді өсірген апатай,
Еңбегің де зор екен.
Құтты болсын апатай,
Құтты болсың мерекең.
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мерекең,
Құттықтаймын анашым.
Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
Анасыз бір жоқ күнің,
Әжесіз бір жоқ күнің.
Ұсынамыз біз бүгін,
Сұлу сөздің шоқ гүлін.
«Қарт пен бала әңгімесі»
Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып:-
Ата, мені де ала кетесіз бе?- дейді.
Қарт:-Балам, мен балалар кітапханасында болғалы жатқан «Сиынар ем ана деген
тәңірге» атты ертеңгілікке бара жатырмын. Сен әлі жассың, - дей бергенде:
Бала:- Ата маған сұрақ қойыңызшы, - деді бала.
Қарт:--Балам, үйдің алтын қазығы кім?
Бала:-Ата, үйдің алтын қазығы – бала.
Қарт:--Жоқ балам, үйдің алтын қазығы –АНА. Ана ақылды болса, бала дана болады.
Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, аға
қорғанышың, інің сүенішің, қарыңдасың қанатың екенін ұмытпа.
Қарт:--Балам жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Бала:- -Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін – мейрімді әке.
Қарт:-- Жоқ балам, әке қанша мейрімді болса да ананың жөні бөлек. Ашты тоқ,
жоқты бар ететін – АНА.
Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?
Бала:- Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.
Қарт:-Жоқ балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін
береді, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін келтіреді,
ақыл өмірдің мәнін келтіреді.
(Енді оқушыларға сұрақ қояды)
Қарт:-Адамның ақылы қайда, балаларым, кім айтады екен?
Оқушы: Ханның ақылы тағында, әкемнің ақылы жанында, ғалымның ақылы
басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы
кім көрінгеннің қалтасында.
Қарт:- Адамға ақыл беретін кім, балаларым?
Оқушы: Адамға ақыл беретін – ата-ана, ұстаз, досың. Ата- ана ақылын баласы мен
қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.
Қарт: «Өмірде не жетім?» деген сұраққа өзім жауап берейін.
Өмірде жеті жетім бар.
1. Өмірде ата –анасы жоқ болса, бала жетім.
2. Халқына сенімсіз болса, халқы жетім.
Ханы ақылсыз болса, халқы жетім.
3. Суы жоқ құдық- жетім.
4. Досы жоқ жігіт –жетім.
5. Шәкіртсіз ұстаз жетім.
6. Қызы жетесіз болса, ана – жетім.
7. Ата – ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім.
Иә, балалар, сендер ата – ананың тәрбиесін бағалап өскен боларсыңдар.
Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата- аналарыңды сыйлай біліңдер! Әумин!
Ананың қоғам өмірінде алатын орны үлкен. Ана ғалым, Ана ғарышкер, Ана зейнеткер.
Сондықтан да әркім өз анасы жөнінде толғанады, ойланады, сағынады.
Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен асқарсың сен аспансың, биіктің,
Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.
Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем – аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім.
Анашым менің, саялы қамқор шынарым,
Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.
Тілерің болса алдағы жерде анашым,
Үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр әнім!
Бүгін біз құрметті де, ардақты, әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз.
«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп халқымыз текке айтпаған. Әжелерімізге арнап
тақпақтарымызды айтып берейік.
Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Менің әжем, гүл әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз Ана тілі әжем.
Менің әжем, бұл әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әжем.
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем
Ақ таяққа сүеніп,
Аман есен жүр әжем.
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған,
Үлкен –кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам
Құрт пен майын жинаған,
Балаларға сыйлаған.
Бұл әжемнің өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.
Әйел Ана, Әйел –Өмір, Әйел- тіршілік өзегі.( Алтын құрсағынан адамзаттың алыбы
жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейрімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына
мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі алтын босағасы мен сүкімді
перезенті болар. «Аналар адамды бесіктен бастап баулиды , өмірдің ірге тасы солардың
қолымен қаланады» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай.Адамзат жүріп өткен
небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман есен бүгінгі күнге жеткізген әйел )ана
құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Сондықтан
да өз сөзімді ақын Баязиевтің «Ана туралы ой» деген өлеңімен аяқтағым келеді.
Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі анадан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін,
Сізден жақын адам бар ма аналар.
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар бір ақ нәрсе –Отан ғана!
Осымен Аналар күнінен арналған ертеңгілігімізді аяқтай келе, адам баласы үшін ең қастерлі
сөз – АНА деп білеміз!