Конспект урока "ҒТР-дің дүниежүзілік шаруашылыққа әсері" 10 класс
ҒТР-дің дүниежүзілік шаруашылыққа әсері.
№ 11
Тобы
1
2
3
4
6
Сабақты
өту күні
Сабақтың тақырыбы: ҒТР-дің дүниежүзілік шаруашылыққа әсері.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ Уақыты: 80 мин
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ғылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы
туралы білім беру. ҒТР-дің құрылымы, құрамдас бөліктері, оның негізгі белгілері, ғылыми-өндірістік
кешендер, ғылыми-техникалық революцияның шаруашылық құрылымына ықпалы,
постиндустриялық құрылым ерекшеліктері, үшінші өнеркәсіп революциясының басталуы,
дүниежүзілік шаруашылықтың өндірістік саладағы өзгерістері және ғылым мен техника
жетістіктерін пайдалану нәтижесі туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқулық мәтіні мен қосымша ақпаратты пайдаланып, қазіргі заманғы және
дәстүрлі ҒТР-дің өнеркәсіпке және ауыл шаруашылығына әсерін анықтау. ҒТР-дің шаруашылық
құрылымына ықпалын сипаттау. Қосымша ақпарат көздері арқылы қазіргі заманғы ғылымға
негізделген жоғары технологиялық салалармен таныстыру және ҒТР-дің қоғамға тигізетін кері
әсерлерін талқылау.
Тәрбиелік: Қазақстандағы ҒТР-дің әр кезеңдегі әсерін және ҒТР-дің зиянды әсерлерін айтып
өту.
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Модульдік оқыту технологиялары
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
«Заман тынысы»- аптадағы саяси жаңалықтармен таныстыру.
«Миға шабуыл»-жаңа сабақты түсіндіру кезінде сұрақтар қою арқылы;
Картамен жұмыс бойынша- Дүниежүзінің саяси картасында ҒТРдың үшінші өнеркәсіп революциясы
болған елдерді тауып көрсету және «Көлік географиясы» тақырыбы бойынша кескін картадағы
тапсырмаларды орындауын тексеру.
«Дебат» -сабақты пысықтау кезінде ҒТРдың жақсы және жаман жақтарын айтып өту.;
«Кестемен жұмыс»- «Адамзат іс-әрекеті мен технологиялық әлеуеттегі жетістіктерінің қысқаша
хронологиясы» (Белгілі фантаст – жазушы ағылшын ғалымы Артур Кларктың жобасы бойынша
жинақталған);
Пікірталас: «Келешекті болжау»- Адамзат іс-әрекеті мен технологиялық әлеуеттегі жетістіктерінің
қысқаша хронологиясы»;
Пәнішілік байланыс:
Пәндер аралық байланыс (қамтитын және қамтылатын пәндер):
қамтитын:
қамтылатын пәндер:
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекті құралдар:
Плакат: ҒТР-дың негізгі белгілері мен құрылымы;
Кесте: ХХ ғасырдағы адамзаттың технологиялық әлеуеттегі жетістіктері
Дүниежүзінің саяси картасы.
Әлемдегi аса iрi ғылым қалалары 1-кесте
Ғылымды кажет ететiн өнiмдердi сыртқа шығаратын жетекшi елдер 2-кесте
Үлестірме материалдар:
тарқатпалар.
Техникалық оқу құралдары: Интерактивті тақта, электрондық оқулық. География. Ұлттық
информатизация орталығы. 2008.Мультимедия материалдары.
Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:
Негізгі: В.П.Максаковский, Ш.М.Надыров. Экономикалық және әлеуметтік әлем географиясы.
Алматы: «Просвещение-Казахстана» 2004г.
Қосымша:
География 10, жаратылыстану-математикалық бағыты, Алматы «Мектеп» 2010 ж.
Полулях Л.Н. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы 2-ші бөлім Жалпы шолу.
Тәуелсіз мемлекеттер достсатығының елдері 10 сынып / Қазақ тіліне аударған М. Б. Жакиянова –
Алматы: « 8 & 8», 2010 жыл
Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер 13-тақырып.
13-14 бет.
Сабақтың жоспары мен хронокартасы
№
Сабақ бөлімдерінің атауы
Уақыты
1
Ұйымдастыру кезеңі
3 минут
2
Оқытушының кіріспе сөзі
2 минут
3
Үй тапсырмасын сұрау, тексеру
20минут
4
Оқушылардың білімін бағалау
5 минут
5
Жаңа тақырыпты түсіндіру
30 минут
6
Сабақты қорытындылау
15 минут
7
Үйге тапсырма беру
5 минут
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут): Сәлемдесу, студенттердің және аудиторияның сабаққа
дайындығын қадағалау, түгелдеу және кеңіл-күйі, денсаулығымен қызығу және «Заман тынысы»
апталық саяси жаңалықтармен танысу.
2. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (2 мин):
1. Ғылыми -техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы.
2. ҒТР құрылымы, құрамдас беліктері, оның негізгі белгілері, ғылыми-өндірістік кешендер.
3. Техника мен технология дамуының эволюциялық және революциялық жолдары.
4. Дүниежүзілік шаруашылық. Үшінші өнеркәсіп революциясының басталуы.
Ғылыми -техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы туралы білім
беру. ҒТР құрылымы, құрамдас бөліктері, оның негізгі белгілері, ғылыми-өндірістік кешендер,
ғылыми-техникалық революцияның шаруашылық құрылымына ықпалы, постиндустриялық
құрылым ерекшеліктері, дүниежүзілік шаруашылықтың өндірістік саладағы өзгерістері. Ғылым мен
техника жетістіктерін пайдалану нәтижесі. Оқулық мәтіні мен қосымша ақпаратты пайдаланып,
қазіргі заманғы және дәстүрлі ҒТР-дің өнеркәсіпке және ауылшаруашылығына әсерін анықтау. ҒТР-
дің шаруашылық құрылымына ықпалын сипаттау. Қосымша ақпарат көздері арқылы қазіргі заманғы
ғылымға негізделген жоғары технологиялық салалармен таныстыру. Қазақстандағы ҒТР-дің әр
кезеңдегі әсерін және ҒТР-дің зиянды әсерлерін айтып өту және топтар арасында А, Б командасын
түзіп дебат өткізу және оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер 11-15
тақырыпты орындау және бағалау 11 бет, 18-20 беттерді.
3. Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен бақылау
(20 мин):
«Заман тынысы»- аптадағы саяси жаңалықтармен танысу;
Үйге берілген тапсырманы «Көлік географиясы» бөлімі бойынша қорытындылап, студенттердің
өзіндік шығармашылық жұмыстарын қорғату.
Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер 14 тақырыпты орындау және
бағалау 15-17 бет.
4. Оқушыларды бағалау (5 мин):
Сабақты бағалау параметрлері
№
бағалау
параметрлері
Аты, жөні.
СӨЖ ды
қорғауы
Картамен
жұмыс
тест
Тірек
сызбаны
толтыру
үлестірмесұ
рақтаржауа
бы
Мәтінмен
жұмыс
бағасы
В 3. 6. модулі бойынша тест сұрақтары
(1-ші нұсқа)
1. 1863 ж. алғашқы ... метро пайдалануға берілді.
а) Мәскеуде
б) Нью-Йоркте
в) Лондонда
г) Парижде
д) Пекинде
2. Автомобиль өндірісінің негізгі орталықтары
а) Солтүстік Еуропа, Орта Америка
б) Оңтүстік Корея, Оңтүстік Шығыс Азия
в) Батыс Еуропа, Канада
г) Солтүстік Америка, Жапония
д) Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка
3. Автомобиль өндіруден алдыңғы қатардағы елдер
а) Ұлыбритания, Канада
б) Бразилия, Испания
в) Италия, Финляндия
г) АҚШ, Жапония
д) Жапония, Оңтүстік Корея
4. Кеме жасаудан көзге түсетін елдер
а) АҚШ, Норвегия
б) Жапония, Корея, ГФР
в) Ресей, Франция, Индонезия
г) Греция, Португалия
д) Либерия, ОАР, Египет
5. Аса ірі станок жасауға маманданған елдер
а) АҚШ, Мексика
б) Бразилия, Канада
в) Оңтүстік Корея, Жанония
г) Қазақстан, Қытай
д) Ресей, Беларусь
6. Дүние жүзіндегі автокөлік жолдарының ұзындығы
а) 24-25 млн шақырым
б) 5-8 млн шақырым
в) 100-200 мың шақырым
г) 300-500 мың шақырым
д) 500-800 мың шақырым
7. Дүние жүзінде жүк айналымының 10%, жолаушы тасымалының 80% ... тиесілі
а) кеме көлігіне
б) темір жол көлігіне
в) автомобиль көлігіне
г) әуе көлігіне
д) космос көлігіне
8. Құбырлар арқылы мұнай, газ өнімдері тасымалданады...
аумақтарында 4,5-5 мың шақырым құбырлар орналасқан
а) Қазақстан, Қытай
б) Франция, ГФР, Италия
в) Бразилия, Перу, Чили
г) Египет, Алжир, Оман
д) Ресей, Канада, АҚШ
9. ... көлігінің дүниежүзілік жүк тасымалының үлесі - 60% (4/5)
а) әуе
б) темір жол
в) автомобиль
г) теңіз
д) космос
10. Әуе дамыған жетекші елдер көлігі
а) Қазақстан, Өзбекстан
б) АҚШ, Ресей
в) Бразилия, Перу
г) Қытай, Жапония
д) ГФР, Италия
Жауаптар эталоны: 1-В, 2-Г, 3-Г, 4-Б, 5-В, 6-А, 7-В, 8-Д, 9-Г, 10-Б
5. Жаңа тақырыпты түсіндіру (30 минут):
Модуль В 3. 6. Ғылыми техникалық революцияның дүниежүзілік шаруашылыққа әсері.
1. ҒТР ұғымы.
2. ҒТР-дің сипатты белгілері және құрамдас беліктері.
3. Техника мен технология дамуының эволюциялық және революциялық жолдары.
4. Өндіріс дамуының негізгі алты бағыты.
5. Кестемен және мәтіндік тестпен жұмыс.
Жеке елдiң ғылыми-техникалык күшi осы салада жұмыс iстейтiндер санымен, ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргiзуге бөлiнетiн қаржының көлемiмен және бұл жұмыстардың тиiмдi
ұйымдастырылуымен анықталады. Ғылым мен техника саласында жұмыс iстейтiндер саны жөнiнен
дүниежүзiнде экономикалық даму деңгейi жоғары елдер (АҚШ, Жапония және Германия) жетекшi
орын алуда. Дамыған елдерде ғылымға маманданған қалалар пайда болды, олардың аса iрiлерiнің
керсеткiштерi 1-шi кестеде берiлген.
Әлемдегi аса iрi ғылым қалалары 1- кесте
Жоғ
ары
дам
ыған
елде
рде
сырт
қы
сауд
аның
ғыл
ымд
ы
көп қажет ететiн өнiмдердiң үлесi жоғары. Ғылымды қажет ететiн өнiмдердiң дүниежүзiлiк
нарықтағы көлемi 2300 млрд долларды (2008 ж.) құрайды. Оның 39%-ы АҚШ, 30%-ы Жапония,
16%-ы Германияға тиесiлi болады. Сонымен мұндай өнiмнің 90%-дан астамы жоғары дамыған және
жетекшi елдерде өндiрiледi.
Ғылымды кажет ететiн өнiмдердi сыртқа шығаратын жетекшi елдер 2-кесте
Өнiм түрлерi
АҚШ
Германия
Жапония
Ұлыбритания
Авиация
техникасы
1
2
-
3
Телекоммуни-
кация лық
жабдықтар
2
3
1
-
Сандық
бағдарлама
бойынша
басқарылатын
станоктар
3
1
2
-
Микросұлбалар
2
4
1
-
Ғылыми-техникалық революцияға тән белгiнiң бiрi - өндiрiстiң техникалық базасының
түбегейлi өзгеруi. Ғылыми бiлiмдер мен жаңалықтар негiзiнде дамитын техника мен технологияда
өндiрiс тиiмдiлiгi және еңбек өнiмдiлiгiн арттыру мақсаттары көзделдi.
ҒТР жағдайында техника мен технология өндiрiстің мүлде жаңа салаларын калыптастырумен қатар,
дәстүрлi салалардың жабдықталуын жетiлдiру арқылы экономиканың құрылымын күрделендіруде.
Қазiргi заманғы өндiрiстi электронды-есептеуіш техника мен роботтарсыз елестету мүмкiн емес. Аса
iрi автоматтандырылған жүйелермен қатар, дербес компъютерлер қолданылады. Қазiргi кезде АҚШ-
та жұмыс iстейтiн әр 100 адамға 70 компъютерден келедi. Жыл сайын өнеркәсіптiк роботтар саны
өсуде, Жапонияда әрбiр 10 мың жұмысшыға шаққанда 330 робот жұмыс iстейдi.
Алдынғы қатарлы техника мен технология жетiстiктерi энергия өндiрудің жаңа көздерiн ашу
мен пайдалануға, жаңа химиялық материалдардың пайда болуына, кванттық техниканың қолданылу
аясының кеңеюiне жол ашты. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт аралығында электрондық (факс,
модем, электрондық пошта) және ғарыштық байланыс құралдары өндiрiс пен күнделiктi тұрмыста
кеңінен пайдаланылатын болды.
Ғылым мен өндiрiстiң ұштасуынан Батыс Еуропа елдерiнде технологиялық парктер, ал
Жапонияда технополистер деп аталатын ғылыми-өндiрiстiк кешендер пайда болып дамуда. Қазiргi
Қала
Ел
Ғылыми-зерттеу мекемелерi
мен университеттер саны
Цукуба
Жапония
52
София
Болгария
49
Рейли
АҚШ
40
Иль-де-Франс
Франция
26
Новосибирск
Ресей
21
кезде дүниежүзiндегi 300-ге жуық технопарктер тәжiрибелiк-өндiрiстiк бағытта дамуда, олардың
өндiрiстiк қуаты шағын. Жапониядағы технополистер ең жаңа техника мен технологияны
пайдаланатын қазiргi заманғы iрi ендiрiс шоғырланған және экологиялық жағынан ете қолайлы
қалалар болып табылады.
Қазақстанда 4 технопарк жұмыс iстейдi.
ҒТР-дың шаруашылық құрылымына ықпалы. ҒТР күрделi жүйе ретiне терт кұрамдас белiктен
тұрады: 1) ғылым; 2) техника және технология; 3) өндірiс; 4) басқару.
ҒТР дүниежүзілік шаруашылықтың есу қарқынын жеделдете түсуімен қатар, оның құрылымына да
елеулi ықпал еттi. ХХ ғасырдың ортасынан бастап ендiрiстiк емес саланың басымдылығымен
сипатталатын постиндустриялық (ақпараттық) құрылым қалыптаса бастады. Бұл шаруашылықтың
жеке салаларының арасалмағын езгерттi, еңбек нарығындағы елеулi қайта құруларға алып келдi.
Постиндустриялық құрылымға алғаш енген ел АҚШ деуге болады. Мұнда 1955 жылы ендiрiстiк емес
салада жұмыс iстейтiндер саны ендiрiстiк салада еңбек ететiндер санынан асып түстi. Қазiргi кезде
дүниежүзі бойынша, әсiресе дамыған елдерде ақыл-ой еңбегiмен айналысатындар саны жыл сайын
артуда. Қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды қоғамдық емiрде барлық саласына
(экономикалык, әлеуметтік және саяси) кеңінен енгiзу ендiрiстiк емес салаға жататын ақпараттық
экономиканың қалыптасуына алып келдi. Әлеуметтік- экономикалық дамудың басты
факторларының бiрiне айналған ақпарат әлемдiк нарықтағы айрықша тауар бола бастады. ҒТР
жетiстiктерi ғаламшар ауқымында еркiн ақпарат алмасуға (интернет және т.б.) мүмкiндiк бердi.
Сонымен ҒТР және ақпараттық экономика ықпалымен дамыған және дамушы елдер экономикасы
арасындағы алшақтық арта түстi.
ҒТР ықпалымен дүниежүзілiк шаруашылықтың ендiрiстiк саласында да өзгерiстер жүрдi.
Ендiрiстiң салалық құрылымында енеркәсiптiң дәстүрлi ауыл шаруашылығынан басымдылығы
байқалуда. Бұған ғылым мен техника жетiстiктерiн пайдалану нәтижесiнде ауыл шаруашылығының
индустриялануы және жоғары тауарлы ендiрiске айналуы, аграрлык-енеркәсiптiк кешендердің
қалыптасуы себепшi болуда. Енеркәсіптің ез ішінде де жеке салалардың (машина жасау, химия
енеркәсiбi және энергетика) басқаларына қарағанда жоғары қаркынмен дамып, кұрылымдык
жағынан күрделi езгерiстерге ұшырауы байқалуда. Ауыл шаруашылығынан мал шаруашылығының
үлесi артуда.
Жаңа техника мен технология ендiрiстiң аумақтық құрылымына да барынша күштi ықпал етуде.
Ендiрiстiң орналасуында басты орын алып келген ресурстық фактор езiнiң дәстүрлi маңызын
жоғалтуда. ҒТР заманында шикiзат қорына тапшы елдердiң кейбiреуi қарқынды дамуда. Минералды
шикiзат пен отынның 9/10 белiгiн сырттан алатын Жапония жоғары дамыған елге айналды. Жеке
елдерде ендiрiстің жаңа аудандарға “қоныс аударуы” (АҚШ-та Солтүстік-Шығыстан Калифорнияға)
байқалуда.
Өндiрiстi автоматтандыру еңбек ресурстары жетіспейтін шалғай аудандарда iрi
кәсiпорындарды орналастыруға, ал келiк саласында болған “техникалық революция” аумақтық
алшақтықты жоюға мүмкiндiк бередi. Қазiргi кезде ендiрiстiң кейбiр салаларын орналастыруда оның
ғылым орталықтарына алыс-жақындығы да әсер етедi.
Ендiрiстiң аумақтық орналасуының байырғы үлгiсiн (кәсiпорындардың ескі енеркәсiп аудандарына
шоғырлануы) шашыратып орналастыру бағыты алмастыра бастады. ҒТР жетiстiктерiн пайдалану
шағын және орташа кәспорындардың ел аумағында мүмкiндiгiнше шашырап орналасуына, яғни
олардың қоршаған ортаға керi әсерiн неғұрлым азайтуға мүмкiндiк беріп ендiрiстi орналастыруда
экологиялык фактордың маңызы артуда.
Сонымен, ғылыми-техникалық революция бiртұтас жүйеге айналған қазiргi заманғы
дүниежүзілiк шаруашылықтың кұрылымына жан-жақты ықпал етедi. Соның нәтижесiнде кейбiр
дәстүрлi салалардың дамуы бәсеңдеп, керiсiнше ғылымға негiзделген жоғары технологиялық
салалардың маңызы артуда.
6. Сабақты қортындылау (15 мин):
Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер 11-15 тақырып. 11 бет, 18-20
беттер.
1. Ғылыми – техникалық революцияның ғылыми-техникалық үрдістен қандай айырмашылығы бар?
2. Қазақстанға қатысты ҒТР ұғымын қолдануға бола ма?
3. ҒТР-дың қандай басты белгілері бар?
4. Оқулық мәтіні мен қосымша ақпаратты пайдаланып, қазіргі заманғы және дәстүрлі ҒТРдың
өнеркәсіпке және ауыл шаруашылығына әсерін талдандар.
5. ҒТР заманында өндірісті орналастыруда не себепті экологиялық фактордың рөлі артады?
Жауаптарыңды жергілікті жер мысалымен толықтырыңдар.
В 3. 6. модулі бойынша тест сұрақтары
(2-ші нұсқа)
1. Әлемдегі аса ірі ғылым қалалары
(Япония):
а) Токио
б) Киото
в) Рейли
г) Цукуба
д) Шанхай
2. Ғылымды қажет ететiн өнiмдердiң
дүниежүзiлiк нарықтағы көлемi (2008)
а) 1500 мрлд дол.
б) 1000 млрд. дол.
в) 2300 млрд дол.
г) 3000 млрд. дол.
д) 5000 млрд. дол.
3. Ғылымды қажет ететiн өнiмдердiң
дүниежүзiлiк нарықтағы 2008ж. көлемi-
нің 39% ... тиесілі
а) Жапонияға
б) АҚШ-қа
в) Германияға
г) Ресейге
д) Қытайға
4. Микросхемаларды сыртқа
шығаратын жетекші ел:
а) Ресей
б) АҚШ
в) Қытай
г) Германия
д) Жапония
5. Авиация техникасын сыртқа
шығаратын жетекші ел:
а) Ресей
б) АҚШ
в) Қытай
г) Германия
д) Жапония
6. Телекоммуникация техникасын
сыртқа шығаратын жетекші ел:
а) Ресей
б) АҚШ
в) Қытай
г) Германия
д) Жапония
7. Сандық бағдарлама станоктеарды
сыртқа шығаратын жетекші ел:
а) Ресей
б) АҚШ
в) Қытай
г) Германия
д) Жапония
8. Космос техникасын сыртқа
шығаратын жетекші ел:
а) Ресей
б) АҚШ
в) Қытай
г) Германия
д) Жапония
9. ... әрбір 10 мың жұмысшыға шаққанда
330 робот жұмыс iстейдi.
а) Ресей
б) АҚШ
в) Қытай
г) Германия
д) Жапония
10. Қазақстанда ... технопарк жұмыс iстейдi.
а) 3
б) 4
в) 6
г) 1
д) 2
Жауаптар эталоны: 1-Г, 2-В, 3-Б, 4-Д, 5-Б, 6-Д, 7-Г, 8-А, 9-Д, 10-Б
7. Үйге тапсырма (5 мин): Г 4.1. Дүниежүзілік халықаралық қатынастар. Халықаралық географиялық
еңбек бөлінісі. Халықаралық мамандану саласы. Халықаралық экономикалық интеграция.
Үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: В.П.Максаковский, Ш.М.Надыров. Экономикалық және әлеуметтік әлем географиясы. Алматы:
«Просвещение-Казахстана» 2004г.
Қосымша:
Полулях Л.Н. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы 2-ші бөлім Жалпы шолу.
Тәуелсіз мемлекеттер достсатығының елдері 10 сынып / Қазақ тіліне аударған М. Б. Жакиянова –
Алматы: « 8 & 8», 2010 жыл
Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер 13-тақырып.
13-14 бет.
География 10 сынып. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы. Е. Ахметов, Т.
Увалов, Қ. Ахметов. Алматы «Мектеп» 2006 ж. Қоғамдық- гуманитарлық бағыт. 95-107 беттер.
Оқытушы: _____________________
ПБ төрайымы:__________________