Ақтөбе қаласы № 19 орта мектебі 5 «Д» түзету класы Класс жетекші Сейпилова Н.Ж Кла

Ақтөбе қаласы № 19 орта мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: « Менің Отаным – Қазақстан! »
5 «Д» түзету класы
Класс жетекші:Сейпилова Н.Ж
2015-2016оқу жылы
Ақтөбе қаласы № 19 орта мектебі 5 «Д» түзету класы
Класс жетекші Сейпилова Н.Ж
Класс сағатының тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан!
Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел
екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып,
махаббат сезімін ояту, Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты
ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері
арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге,
патриоттық сезімге тәрбиелеу, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын
дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты
сөздер, слайд, карта,сұрақтар
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық (өзін-өзі тану пәнімен байланыстыру)
«Шаттық » шеңбер:
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Құт, береке-шаңырақ,
Орын алған ол төрде.
Билігім өз қолымда-
Еркіндігім- Елімнің!
Оқушыларды 3 топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр
топтың аты шығады. (Мозайка)
1 - топ: Туған жер
2 - топ: Отан
3 - топ: Атамекен
Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
ӘНҰРАН орындалады
Мұғалім: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен
қамқорлық көрсетеді.Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай
көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын. Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз
тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда
елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан
Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет
болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті
бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі
мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз
Мұғалім: Балалар, «Отан дегеніміз не?» Топтық таныстырылым.
1-оқушы: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен,
жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.
2-Оқушы: Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та,
қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке,
жануарларға , қазба байлыққа бай.
3-оқушы: Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме
түйіп, ертеңгі азаматыболу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің
ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.
4-оқушы: Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-
бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.
( Отан туралы мақал-мәтелер айту)
Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай жинайды.
100 « Мәңгілік ел » болу
20 Еліміздің бас қаласы
20 ҚР президенті
50 ҚР туының авторы
50 ҚР елтаңбасының авторлары
50 Әнұранымыздың авторлары
100 Еліміздің көрікті жерлері, байлықтары
100 Отанымыздың ғарышкерлері
100 Отан туралы мақалдар айт
100-Қазақ хандығы туралы айт
Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері- Елтаңбасы, Туы,
Әнұраны бар.
1-оқушы:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейді.
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз.
2- оқушы: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай акстында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің, белгісі.
3-оқушы Өзіңдікі- елің де,
Өзіңдікі – жерің де.
Өзіңдікі- өзің еккен бақ,
Тәуелсіздік төрінде!
ҚР-да 14 облысқа бөлінген әр облыстың өз байлығы бар, соған тоқталайық.
1- оқушы.
Алматы- жері жайсаң облыс,
Ақтөбе- өлке ақ тарысы-мол ырыс,
Атырау-мол қазақстан мұнайы,
Жамбыл-жайлау, қазыналы, шұрайлы.
Жезқазған-кен, бұзылмаған қаймағы,
Көкшетау- көп көгілдір көл аймағы.
Қарағанды-қара алтынның қоймасы.
Қостанай-құт қызыл бйдай қамбасы,
Қызылорда-күрішті сыр сағасы,
Орал-көне Ақ Жайықты жағасы.
Өскемен-өр шығыста Алтай аясы,
Павлодар- қара Ертістің саясы,
Семей-аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды.
Ақмола- Арқада ыстық алқабы,
Шымкент- ыстық оңтүстігім мақталы.
Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?
-Астана қаласы.
Отанымыздың жүрегі
Тәуелсіздік тірегі
Жеріміздің кіндігі
Халқымыздың бірлігі – Астана
Қазақстанның жаңа бейнесі, жарқын келбеті
Астана – 1997 жылы 10 желтоқсанда Тәуелсіз еліміздің астанасы болып бекітілді. Бүгінгі
Астана – азат елдің бас қаласы.
Астана кеше ғана басқа қала
Айналды бәйтеректі Астанаға
(бас қала туралы ой бөлісу)
Қадыр Мырза Әлидің «Не үшін» өлеңін түсіндіру.
- Екі көзін не үшін керек?
- Жақсылықты көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін керек?
- құлақ деген не үшін керек?
-ақыл-кенес тыңдау үшін керек?
- жүрек деген неүшін керек?
- Жауларыңнан қыңбау үшін .
-Тіл мен жағын енүшін керек?
- ақиқат айту үшін керек?
-Ал аяғың?....
- Шетте жүрнсем,
Туған жерге қайту үшін.
Қорытынды: Үш бақытым.
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кеңін.
Ол бар болмаса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым-тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші –Отан деген.
-Кім мықты? – десе біреу «Отан» дер ем!
(хормен)