Дүниетану пәнінен ашық сабақ презентация "Жергілікті жержі бағдарлау" 2 сынып

Подписи к слайдам:

Дүниетану

2 сынып

Сабақ тақырыбы:Жергілікті жерді бағдарлау

Сабақтың оқу мақсаты:

2.2.1.1.тұсбағдар көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау

Бағалау критерийлері:

Тұсбағдар көмегімен көкжиек бағыттарын анықтайды

Бағдарлау – бұл жергілікті жердің көкжиек тұстарын анықтау.

? Көкжиектің негізгі төрт тұсын ата.

Тал түсте күнге арқаңды беріп тұр (оқулықтың 76 бетіндегі суретті қара). Сенен түскен көлеңке солтүстік бағытты көрсетеді.Өкше жағың- оңтүстік, оң қолың-шығыс, сол қолың-батыс бағытты нұсқайды.

Көкжиектің негізгі тұстары:Солтүстік – С

Оңтүстік – О

Батыс - Б

Шығыс- Ш-әріптерімен белгілейді.

Жергілікті жерді бағдарлау дегеніміз не?

Көкжиектің аралық тұстарын қалай белгілейтінін сызбаны зерттеп анықта:солтүстік-шығыс -СШ

оңтүстік-шығыс -ОШ

оңтүстік-батыс -ОБ

солтүстік-батыс -СБ

Тапсырма:

Дәптердегі 61 беттегі 4 – тапсырманы орында:негізгі және аралық тұстарды белгілеп аяқта

Дескрипторы:Көкжиектің негізгі және аралық тұстарын белгілеп аяқтайды.

Адамдар орманда, далада тағы басқа жерлерде жол жүру бағытын дұрыс таба білу үшін тұсбағдарды қолданады.Тұсбағдардың қолдану тәртібін білу және есте сақтау өте маңызды екенін білерсің.

Жергілікті белгілерге қарап бағдарлау

Өзің білетін жерге саяхатқа шыққанда, тұсбағдарды үнемі алып жүру шарт емес.Егер бейтаныс жерге бара қалсақ, тұсбағдарсыз жол табу қиынға соғады.Мұндайда күн арқылы(талтүсте) көкжиек тұстарын анықтауға болады.Адамның жергілікті жерді бағдарлауына көмектесетін табиғи белгілерді суретке қарап, ажыратып көр.

Зерттеу жүргізіп көр:1.Жеке өскен ағаштың солтүстікке қараған жағының бұтақтары неге қысқа әрі сиректеу келеді.Ал оңтүстік бөлігінің бұтақтары өзгеше ме?Себебін түсіндір.

2.Кесілген ағаш түбірінің жылдық шеңберлері нені білдіреді?

3.Ормандағы тастың, құмырсқаның илеуінің оңтүстігі мен солтүстігі неліктен өзгеше?

Дәптердің 60 бетіндегі 1,2 тапсырманы орында

Кері байланыс

Үйге тапсырма

Үйіңдегі өз бөлмеңдегі терезе, есік, үстел қай тұста орналасқанын тұсбағдар көмегімен анықтап көр.