Персоналды оқыту
Сервис және жаңа технологиялар колледжі МКҚК
Бекітемін________
Директордың ОӨЖ орынбасары
Ж.М. Жумалиева
Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Персоналды оқыту
Пән атауы: КМ 16.13 Персоналды басқару
Дайындаған: Шакенова Г.М.
2023 жылғы ________________
1.Жалпы мәліметтер
Курс 4, 2023-2024 оқу жылы, топ 441, 443
Сабақ типі: теориялық сабақ
2.Мақсаты, міндеттер:
Білімділік: Персоналды оқытуды меңгеру.
Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушылардың жігерін, ойлау қабілеттерін, ынтасын, қиялы
сияқты танымды сабақты меңгеру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Персоналды оқытуды меңгере отырып, мамандыққа және пәнге деген
қызығушылықты тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі.
2.1 Оқу сабақтар барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктіліктердің тізбесі:
1. Персоналды оқыту туралы оқып біледі және меңгереді.
3. Сабақты жабдықтау: Электронды кітап, дәптер
Техникалық құралдар: интрактивті тақта, презентация
Пайдаланған әдебиеттер: Керимова У.К. «Ұйымда персоналды басқару»
4. Сабақтың барысы:
I. Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысқан студенттерді белгілеу.
II.Оқушылардың жауаптарын толықтыра отырып қорытындылау, бағалау.
III.Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
IV.Жаңа сабақты түсіндіру
Тақырыпты баяндау. Тақырыптың негізгі ерекшелігін атап өту.Презентация көмегімен дәрісті
баяндау.
Дәріс жоспары:
Персоналды оқыту₋кәсіби білім алудың негізгі жолы.Мақсатты түрде тәжірибелі
мұғалімдердің жетекшілігімен кәсіби білімді, шеберлікті, дағдыны игеру үшін жоспарлы және
жүйелі түрде ұйымдастырылатын процесс.
Персоналды дамыту жұмысшының біліктілігін жоғарылатуға бағытталған іс⁻ шаралар жиынтығы.
Ол ең алдымен төмендегіні қамтиды:
• Мектеп түлектерін кәсібт оқыту
• Кадрлардың біліктілігін көтеру
• Кадрларды қайта даярлау
• Лауазым бойынша жоғарылату;
• Персонал мансабын жоспарлау;
Білім беру келесідей 3 түрі ажыратылады:
Кадрларды даярлау – арнайы жоғары білім іскерлік, дағды мен қарым-қатынасқа түсу
тәсілдерін иеленетін адам қызметінің барлық салаларына арналған, білікті мамандарды
жоспарлы түрде оқыту;
Кадрлардың біліктілін көтеру-лауазымға қойылатын талаптардың жоғарылауына немесе
лауазым бойынша көтерілуге байланысты кадрлардың білімін, іскерлігін, дағды мен қарым
-қатынасқа түсу тәсілдерін одан әрі жетілдіру мақсатымен ұйымдастырылатын оқыту.
Кадрларды қайта даярлау -жаңа мамандықты игерумен немесе еңбек мазмұны мен
нәтижелеріне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты кадрларды жаңа білім,
іскерлік дағды және қарым-қатынасқа түсу тәсілдерін үйрету мақсатымен
ұйымдастырылатын оқыту.
Персоналды дамыту арқылы ұйым басшылығы жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады.
Ұйым персоналын дамыту үшін ұйым басшылығы өз жұмысшыларының білімін,
біліктілігін жоғарылатуға, мамандығын өзгертуге мүмкіндік беруі тиіс.
Отандық және шетелдік тәжірибе бойынша білікті кадрларды оқытудың үш
тұжырымдамасы бар:
Мамандандырылған оқыту тұжырымдамасы нақты жұмыс орнына қатысты бүгінгі
немесе алдаға болашаққа бағытталған.
Көп профильді оқыту тұжырымдамасы экономикалық көзқарас бойынша тиімді болып
келеді, себебі бұл жұмысшының өндіріс ішінде және өндіріс сыртындағы имкемділігін
жоғарылатады.
Тұлғаға бағытталған оқыту тұжырымдамасы табиғи берілген немесе тәжірибелі
қызмет барысында иемденген адами қасиеттерді дамытуға бағытталған.
Оқыту мәні білім, іскерлік, дағды мен қарым-қатынасқа түсу болып табылады.
Білім- бұл жұмысшының жұмыс орнындағы міндетін орындауға қажетті
теориялық, әдістемелік және тәжірибелік білімі.
Іскерлік- нақты жұмыс орнында жұмысшының өз міндеттерін орындау
қабілеттілігі.
Дағды -тәжірибеде алған білімін қолдану қабілеттілігі.
Қарым-қатынасқа түсу-тұлғаның өмір сүру нысаны іс-әрекеттерінің жиынтығы,
жұмыс орнына қойылатын талаптарға сай адамның мінез-құлқын қалыптастыру.
Персоналды оқыту тәсілдері:
Персоналды жұмыс орнында оқыту тәсілі
Оқыту тәсілдері
Тәсілдің ерекше сипаттамалары
Тәжірибені жинақтауға бағытталған
Жұмыс орнындағы жүйелі түрдегі оқуды
жоспарлау.Жоспарлаудың негізін оқудың
мақсаты айқындалған жеке кәсіби оқу
жоспарын құрайды.
Өндірістік инструктаж
Ақпарат, мамандыққа кіріспе, бейімделу,
оқушыны жаңа жұмыс жағдайымен таныстыру
Жұмыс орнының ауысуы
Жүйелі түрде жұмыс орнын ауыстыру,
нәтижесінде білім алу мен тәжірибе жинау.
Белгілі уақыт аралығында қызметтің жаң
жақтылығы мен өндірістік тапсырмалар жөнінде
көзқарас қалыптасады.
Жұмысшыларды ассистент, стажер
ретінде жалдау
Белгілі жауапкершілік үлесін ала отырып,
жұмысшыны күрделі мәселелермен таныстыру
және оны шешуді үйрету.
Жобалық топтардағы даярлық
Кәсіпорындарда оқу мақсатында уақыт
бойынша шектелген ірі тапсырмаларды орындау
барысында жобалық топтарда бірігіп қызмет
ету.
Персоналды өндірістен тыс оқыту тәсілдері алдымен теориялық білімнің
игерілуіне және өндіріс орнының талаптарына сай өзін өзі ұстауға үйрену үшін
қолданылады.
Оқыту тәсілдері
Тәсілдің ерекше сипаттамалары
Дәріс оқу
Теориялық және әдістемелік білімдерді үйретудің
пассивті оқыту тәсілі болып табылады.
Бағдарламаланған оқу курсы
Оқытудың белсенді тәсілі, теориялық білім алу үшін
тиімді.
Конференциялар,
семинарлар
Оқудың белсенді тәсілі,пікірталастарға қатысу арқылы
логикалық ойлау қабілеттілікті дамыту және әртүрлі
жағдайларда өзін өзі ұстау тәсілдеріне үйретеді.
Өндірістік практикаға
байланысты нақты
мәселелер бойынша өз
бетінше шешімдерді
қабылдауға негізделген
басқару кадрларын оқыту
тәсілдері
Топ мүшелері шешуге міндетті ұйымдастырушылық
мәселені модельдеу.Теориялық білім мен тәжірибелік
дағдыны ұштастыруға мүмкіншілік тудырады.
Ақпаратты өңдеу, конструктивті, критикалық ойлау
қабілеті, шешімді қабылдаудағы шығармашылықты
дамытуда қарастырады.
Кәсіби ойындар
Әртүрлі өндірістік жағдайларда келіссөздер жүргізу
барысында өзін өзі ұстауды үйрету, сонымен қатар
рөлдерде иемденуші адамдар балама көзқарастарды
ойластыру қажет.
Модельдерді қолдану
арқылы өндірістік
экономикалық мәселелерді
шешу тәсілдері
Бәсекелес компанияларда процестерді модельдеу.
Тыңдаушылар өзара бәсекелес компаниялардың рөлдерін
бөліседі.Берілген көрсеткіштерді пайдалана отырып
тыңдаушылар , өнім шығару немесе қызмет көрсетудің
бірнеше кезеңдері бойынша өздерінің шешімдерін
қабылдау қажет.
Жұмыс тобы
Жас мамандар жұмыс топтарына біріге отырып, ұйымды
басқару мәселелері бойынша нақты шешімдер құрады.
Жұмыс топтарында құрастырылған шешімдер ұйымның
басқару органдарына беріледі.Ұсыныстар қарастырылып,
басқару шешімдері қабылдануы немесе қабылданбауы
жөнінде айтылады.
РЕФЛЕКСИЯ
✓ Не білемін:
✓ Не білдім:
✓ Не білгім келеді:
Үй тапсырмасы:
Тапсырма:
1. Дәрісті түсініп оқу.
2. Тақырыпты бекіту сұрақтарына жауап жазу:
1. Персоналды оқыту және дамыту дегеніміз не?
2. Персоналды оқытудың қандай тәсілдерін білесіздер?
3. Персоналды жұмыс орнында оқытудың тәсіолдері қандай?
4. Персоналды өндірістен тыс кәсіби оқыту тәсілдері қандай?
Обществознание - еще материалы к урокам:
- Презентация "Личный финансовый план"
- Проверочная работа по теме "Мировая экономика" Обществознание 11 класс
- Презентация "Финансовая политика государства" 11 класс
- Презентация "Понятие массовой информации"
- Стартовая контрольная работа по обществознанию (базовый уровень) 10 класс
- Бизнес-проект "Разведение раков в домашних условиях"