Тақырып "Адами қарым - қатынас әлемі"
«Курчатов қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Өзін-өзі тану пәнінін мұғалімі: Шидербаева Ж.О.
Сынып: 5
Сабақ 22
Тақырып: Адами қарым – қатынас әлемі
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық
Мақсаты:Оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- адами қарым – қатынас жасау ізгіліктерін түсіндіру;
- адами қарым – қатынас жасаудың ізгіліктерін дамыту;
- адами қарым – қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi. 1) Тыныштық сәтi. Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды
тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап
барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан
баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді,
эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп
күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз
нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға
көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар
сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат
құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және
жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз
тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек
жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға
бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-
жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,
достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп
жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл
әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға
таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:
«Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы
Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.
Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
2)Үй тапсырмасын тексеру. Сабақ барысын талқылау:
Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау
ІІ. Дәйек сөз. «Кішіпейілділік – кісінің көркі»
ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат). (5 мин)
1. Сөздің қарым-қатынас жасаудағы рөлі қандай?
2. Әдепті сөйлеудің адами қарым қатынасқа ықпалы қандай?
3.Сөйлеу мәдениетіне сөйлеудің қандай түрлетін жатқыза аласыз?
4. «Сөз қадірі-өз қадірің» дегенді қалай түсінесіз?
Бірге оқимыз: Оқулықта берілген Әдібай Табылдының «Сәлем» әңгімесін оқып,
сұрақтарға жауап алу “Сәлемдесу-әдептіліктің бастауы”дегенде нені
түсінесіздер?
• Адамның жас ерекшеліктеріне,күн мезгіліне қарай әр түрлі сәлемдесудің мәні
неде?
Жақсылық жасайық: А.П.Чеховтың інісіне жазған хатынан үзіндіні мәтінді
оқып, сұрақтар арқылы талдау.
Жаңа ақпарат Адами қарым – қатынастағы игі әрекеттердің бірі-тіл табысу мен
өзара түсінісу болып табылады.Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға
әрекеттенген жөн. тіл табысудың басты кілті болып – кешірім сұрау табылады.
Басқа адамды түсіну оңай емес. Сондықтан біздің өмірде шиеленіскен кикілжіңді
болады.Кикілжіңнің себебі, соқыр сенімдер, өзгертілген ақпарат,
қызығушылықтардың келіспеуіболатындығын естен шығармаңыздар.Қандай
шиеленіскен жағдайлар болмасын, эмоцияға беріліп, қызулықпен іс-әрекет
етпеңіздер.Ашуланып тұрған кезде жоғалған қарым-қатынастарыңыз кейін
қалпына келмеуі мүмкін.Естеріңізде болсын, кикілжіңді сәтті шешу дегеніміз –
бұл жеңілгендер де, ренжігендер де болмайтын, кикілжіңге қатысушылардың бәрі
жеңімпаз болатын шешім табу.
Өмірде адамның ашулану, ызалану сезімін тудыратын әр түрлі жағдаяттар болып
жатады. Сол жағдаяттар өзара адами қарым-қатынастың бұзылуына әкеліп
соғады. Оларды мәдениет тұрғысынан шешкен дұрыс. Яғни, ашуды – ақылға
жеңдіре білген адам кез – келген кикілжіңдерден аулақ болады.
IV. Шығармашылық жұмыс.
«Сахналау. Сәлемдесудің түрлерін рөлдерге бөліп орындау.
Шәкірт-сәлеметсіз бе?
Ұстаз:Саламатта болыңыз.
Бекмырза-Сәлеметсіз бе, Райымбек Өсербайұлы?
Р. Өсербайұлы:Сәлемет пе, Бекмырза!
Қыз бала-сәлеметсіз бе ?
Әже:Аман сау бол болыңыз!
Ер бала-Ассалауғамалейкум!
Ата:Уа алейкум ассалам!
Жасы кіші- Сізге амандық тілеймін!
Жасы үлкен:Рақмет, саған даамандық тілеймін!
Құрдастар- сәлем, қалың қалай?
Достар: аман бол!
V. Топпен ән айту.
«Бір ауыз сөз» әнін М. Жүнісованың әні
Асан қайғының өлеңін хормен оқиды.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
VI. Үй тапсырмасы.
VII. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл
әлемде)