Жаңа оқу жылын-жалынды жастық жігермен бастайық!
Жас мамандармен психологиялық тренинг
Тақырыбы: «Жаңа оқу жылын- жалынды жастық жігермен бастайық!»
Мақсаты:
Педагогтардың «Мен педагог» позитивті концепциясын, коммуникативті
дағдыларын қалыптастыруға, жаңа ортаға бейімделуіне, басқа адамдарды
түсінуге, психологиялық қолдау көрсетіп, дамыту.
Міндеті:
Бір – біріне деген сенімділік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру
Психологиялық қолдау көрсету
Шығармашылыққа бағыт беру
Психолог:
Саламатсыздар ма, құрметті тренингке қатысушылар!
Ұстаздарға өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін,
ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Біздің кездесулеріміз ендігі жерде
тұрақты болады деп сенемін!. Бүгін біз бір - бірімізбен жақынырақ танысатын
боламыз. Ішкі барьерлерді алып тастауға, толқуларды сабырға түсіруге, оң
зарядтар алуға тырысамыз. Бүгінде мұғалімдік сара жолға қадам басқан жас
ұстаздарға сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Біздің сіздерге ұсынатын бірінші жаттығуымыз - бой сергіту. Ол бізге аздап денені
ширатып, күш қосып алуға, сөйтіп жұмысқа жаңа жігермен кірісуге көмектеседі.
Бір - бірімізді жақсырақ білу үшін оған жағдай жасауымыз керек.
1. «Танысу» жаттығуы
Бүгінгі тренингімізді танысудан бастайық. Әркім өз есімін және есімдерінің
бастапқы 3 әрпінен тұратын өз бойындағы үш қасиетін айту керек. Осылайша
шеңбер бойымен жалғастырып әрқайсысы өздерін таныстырып шығады.
Мысалы: Әсем -әдемі,әсерлі
2. Миға шабуыл «Ғажайып»
Біздің көбіміз, яғни барлығымыз биікте, ғажайып болғымыз келеді. Ал «ғажайып»
дегеніміз не? Енді барлығымыз «ғажайып» сөзіне ұқсас бір – бір сөзден айтып
көрейік. Қатысушылар келесі сөздерді айтуы мүмкін: идеал, үлгі, нәзік, бір
бағыттағы, өте жақсы.
Сөздіктерде «ғажайып» сөзіне мынадай анықтама береді – бұл «барлық жақсы
қасиеттер қамтылған, ең жоғарғы дәрежедегі қасиет»
Психолог слайд арқылы «Ғажайып» сөзінің ассоциациясын көрсетеді
3. Жас мамандарға арналған сауалнама
• Сіз өз мамандығыңызды дұрыс таңдағаныңызға сенімдісіз бе?
• Сіз өз пәніңізді ұнатасызба?
• Оқыту процесінде қиындық кездессе кімге жолығасыз?
• Сіз оқушыларыңызбен ортақ тіл табыстыңыз ба?
• Тәлімгеріңізге көзқарасыңыз қалай?
• Сіздің шығармашылық мүмкіндігіңіз? (оқушыларды немен қызықтыра
аласыз?)
• Қатты ренжіген сәтіңізде не істейсіз?
• Ата – анаңызбен қарым – қатынасыңыз қалай?
• Сіз жұмыстан кейін үйге асығасыз ба?
• Сізге біздің ұжымда жақсы ма? (қосатын ойыңыз болса)
4. Арт-терапия
Енді келесі жұмысымызға келетін болсақ, ол арт – терапия, яғни шеңбер
бойынша сурет саламыз. Алдарыңызда берілген ақ парақ пен қарындашты алып
сурет саласыздар, жаймен музыка ойнап тұрады, музыка тоқтаған кезде сіздер
өздеріңіз салып жатқан суретіңізді келесі адамға жалғайсыз. Осылайша өз
суреттеріңіз қайта оралғанша шеңбер бойымен жалғаса береді. Өзің бастаған
сурет өзіңе келгенде, өз суреттеріңе қарай, тақырып беріп талдау жұмысы
жүргізіледі. Жас мамандардың жалғастырма суреттері бірінің ойынан бірі
шыққандай, бірлесіп (топтасып) жұмыс жасауға үйренгені байқалады
5. «Жаңбыр» сергіту жаттығуы
Нұсқау. Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады.
Тренер шеңберде тұрғандарға жаттығу береді, қатысушылар қимылды кезекпен
қайталау керек.
1 шеңбер – алақанды бір – біріне жеңіл ысқылайды (ұсақ жаңбыр)
2 шеңбер – саусақпен алақанды шерту (өткір жаңбыр соққысы)
3 шеңбер – алақанмен тізені шапалақтау (жеңіл отыра)
4 шеңбер – тізені алақанмен ұрғылау және жерді аяқпен тарсылдату
(жаңбырдың өте қатты дыбысы)
5 шеңбер – алақанмен тізені шапалақтау (жаңбыр азаяды)
6 шеңбер – саусақпен шерту
7 шеңбер – алақанды ысқылау
8 шеңбер – қолды жай жіберу (жаңбыр тоқтайды)
Жаңбыр біздің ашуымыз сияқты жайлап басталып, арықарай құйынға айналып,
соңынан басылады.
6. Ситуациялық сұрақтар
1. Ата – аналар жиналысында сіз баласы туралы нашар пікір айттыңыз.
Ата – анасы баласын жақтап, мұғалімді кінәлады. «Білім, тәрбие бере
алмайсыңдар», - деп ашуланды. Барлық ата – ана сізге қарап отыр. Қандай
жауап қайтарасыз, қандай әдіс – тәсілдерді қолданасыз?
2.Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай
отырдыңыз да киіміңізді былғап алдыңыз. Оқушылар байқап сізге ескертті.
Қандай амал қолданасыз? Жаппай ұрысасыз ба? Басқа да амал қолданасыз
ба?
3.Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп
директорының еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны
қызықтыра алмадың деп сізді кінәлады. Басқа оқушылар сіздің с
абағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және
қандай шара қолданасыз?
4.Сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде,
оқулықтан тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген,
сіз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз?
Білмейтініңізді білдірмей қалу керек пе?
5.Сабақ үстінде балалар бір келеңсіз іс істеді. Сіз бір оқушыны кінәлі деп
тауып, оған ұрса бастадыңыз. Қатты – қатты сөз айттыңыз. Бір
уақытта басқа оқушы ол істі өзінің ісчтегенін мойындады. Ал сіз
ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан
кешірім сұрайсыз ба?
6.Сіз бүгін қандай бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз. Өзіңіз жас маман
болғандықтан, жоспарсыз сабақ өткізу сіз үшін қиындық келтіреді.
Сабаққа келсеңіз, сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз жағдаяттан
қалай шығасыз?
7. Постер қорғау
8.Жас мамандарға психологиялық кеңес: Жаднама тарату
Психолог: Құрметті, жас мамандар! Осы өткізілген тренинг жұмыстарынан қандай
әсер алдыңыздар? Өз ойларыңызбен бөліссеңіздер.
Бәріңізге көп - көп рахмет! Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу біз үшін үлкен
ғанибет. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде табыс тілеймін! Кездескенше!!!