Ұлы даланың жеті қыры

Ұлы даланың жеті қыры атты сыныптан тыс
тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ұлы даланың жеті қыры
Мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын
оқушылар арасында талдау, ел тарихын өскелең ұрпаққа насихаттау болып
табылады.
Құрылымы: Ойын негізінде 4 бөлімнен тұрады. Әр бөлім сұрақтары әр
пәнмен кіріктіріліп жасалды. Жалпы барлық бөлімдердің тапсырмалары
Елбасының мақаласының төңірегінде болады.
Өзектілігі: Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
ұйымдастырылатын іс-шаралар маңыздылығын арттыру қажет. Осы бағытта
да кеше ғана Елбасымыз ұсынған мақаланың мән-мағынасын оқушыларға,
ұжымға насихаттау, түсіндіру өзекті болып табылады.
Күтілетін нәтиже:
Оқушы Елбасы ұсынған «Ұлы даланың жеті қыры»мақаласының мән-
мағынасын түсінеді;
Осы бағытта өз тарапынан не істеу керек екеніне мақсат қояды;
Ел тарихы туралы нақты білімі қалыптасады.
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті қатысушылар бүгінгі біздің тарихи зияткерлік
ойынымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі біздің ойынымыздың тақырыбы
«Ұлы даланың жеті қыры» деп аталады. Ойынымыздың негізгі мақсатын
түрлі тапсырмалар арқылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті
қыры» мақаласын талдау болып табылады.Назарларынызды экранға
аударуларынызды сұраймын.(видеоролик көрсетіледі).
Бұл видеоролик арқылы біз ұлы даланың жеті қырымен таныстық.Ендеше
бүгінгі ойынымыз 4 турдан турады.Яғни:
1.Таныстыру ( топ басшылары топ аты мен ұранын және төс белгісін яғни
эмблемасын таныстырады)
2. Баяндама (ұлы даланың жеті қыры мақаласына байланысты)
3. «Үздік актер» (Қазақстандық фильмнен үзінді келтіру)
4. «Жалғасын тап» .
( мақал мәтелдер жасырылады)
Жалпы бүгінгі сайысымыз осындай 4 турдан тұрады.Ал ендігі кезекте
әділқазы алқаларымен таныс болсақ.
Мектебіміздің директоры Шиганакова Надежда Александровна
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Капанова Гуляим Ерсайновна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Азамат Мулдагалиевич
Қатысушыларға сәттілік тілеп ойынымзды бастасақ.1 тур таныстыру әр
топтан топ басшылары шығып өздерін таныстырып өтсе.
Жүргізуші: Ұлы даланың жеті қыры мақаласына байланысты баяндама
дайындаулары керек.
Жүргізуші: Келесі тур «Үздік актер»
Өзіміз білетіндей Қазақстан фильм шығару жағынан дамып келеді.Бұл
қатысушыларымызға берілген үй тапсырмасы болатын.Яғни кез келген
фильмнен үзінді көрсетулері керек. Ендеше алдарынызға 1 топты шақырсақ
Жүргізуші: Мақал-мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға болады,.өйткені
мақал-мәтелді сендер мектепке келген күннен бастап ұйренесіндер. Мақал-
мәтелді көп біліп ,көп қөлданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта
түседі. Олай болса мақал - мәтел сайысымызды бастайық. Экранға мақал –
мәтелдер көрсетіледі.
«Жалғасын тап» .
1.Сөздің көркі-мақал (Жүздің көркі-сақал)
2.Өз елім... (өлең төсегім)
3.Балапан ұядан не көрсе...(ұшқанда соны іледі)
4.Сөзің тәтті болсын...(ашуың қатты болсын)
5.Жақсы байкап сөйлер...(жаман кісі шайкап сөйлер)
6.Ананың көңілі балада...(баланың көңілі далада)
7.Батыр туса ел ырысы...(жаңбыр жауса жер ырысы)
8.Балалы үйдің...(ұрлығы жатпас)
9.Оқу- білім бұлағы...(білім-өмір шырағы)
10.Тіл тас жарады...(Тас жармаса ,бас жарады)
11.Ашу-дұшпан, ақыл дос..(Ақылына ақыл қос)
12.Тіліңмен жүгірме,..)Біліммен жүгір)
13.Ұста пышаққа жарымас..(етікші етікке жарымас)
14.Сөзде қаңқу жаман...(ауруда шаншу жаман)
15.Білімі жоқ ұл... (жұпары жоқ гүл)
16.Сөзде қаңқу жаман...(ауруда шаншу жаман)
17.Білімі жоқ ұл... (жұпары жоқ гүл)
Жүргізуші: Қатысушыларға жарайсыңдар дей келе сайысымызды
қорытындылауға әділқазы алқасына сөз берсек.
Ұлы даланың жеті қыры:
1.Атқа міну мәдениеті
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
3. Аң стилі
4. Алтын адам
5. Түркі әлемінің бесігі
6. Ұлы Жібек жолы
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны