Презентация "Ұлттық оюдың заманауи қолданылуы"
Подписи к слайдам:
Ұлттық оюдың заманауи қолданылуы
Өнер- таусылмас азық,
жоғалмас байлық...
Ою-өрнек салу өнері қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі болып табылады. Біздің халқымыз ежелден бері өз өмірін әртүрлі әдемі заттармен толтыруға тырысқан, сондықтан да заттарын, ұлттық киімдерін, түрлі бұйымдарын, кілем - алашаларын, тағы сол сияқтыларды әдемілеу үшін оюлардың алуан түрлерін ойлап шығарған.
Ою-өрнек,латын тілінің «орнамент»- әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан.
Мағынасы жағынан ою 4 үлкен топқа бөлінеді
Зооморфтық жануарларға, малдың денесіне, іздеріне байланысты өрнектер
Өсімдік бейнелі жапырақтарды, гүлдерді, ағаштарды бейнелейтін өрнектер
Космогониялық –ай, күн, жұлдыз және аспанға байланысты оюлар;
Геометриялық әр түрлі геометриялық фигураларды, иректерді пайдаланумен салынған өрнектер
Ғасырлар бойы шеберден шеберге үйретілген ою өнері әлі де дамуда. Бүгінгі таңда ұлттық ою біздің өмірімізде кеңінен пайдаланады Мемлекеттік ту мен ұлттық теңгенің оюмен әшекейленуі Ұлттық оюдың заманауи қолдануы ... Тәжірибе жұмысы барысында...Тәжірибе жұмысы барысында...
Кез келген затты жай істей салмай, оған ұлттық ою саЛСАҚ, ежелден бері келе жатқан ұлттық салтымызды жалғастырамыз.
Көрме ұйымдастырған кезім ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік Университетіне көрмеге қатысу Ұлттық ою стиліндегі Пазл (құрастырма- мозайка) жасау сәттері3 жастан жоғары жастағы балаларға арналған отбасылық ойын
Қазақтың ұлттық ою-өрнегі туралы айтылатын болса, көз алдыма сұлулық пен әсемдік, даралық пен сәнділік, адам мен табиғат елестейді. Ғасырлар бойы жинақталып бізге келе жатқан қазақтың ұлттық ою-өрнегі ұмытылмай, тіпті қазіргі заманға сай заманауи қалыпқа ие болып өзгеріп, біздің өмірімізде кеңінен пайдаланып жатқанын көріп білдім. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі туралы айтылатын болса, көз алдыма сұлулық пен әсемдік, даралық пен сәнділік, адам мен табиғат елестейді. Ғасырлар бойы жинақталып бізге келе жатқан қазақтың ұлттық ою-өрнегі ұмытылмай, тіпті қазіргі заманға сай заманауи қалыпқа ие болып өзгеріп, біздің өмірімізде кеңінен пайдаланып жатқанын көріп білдім. Біз, жас ұрпақ ата-бабамыздың осындай салтын ұмытпай, жалғастыруымыз керек екенін мен де түсіндім... Балалардың ою-өрнекке деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ПАЗЛ ойынын құрастырып, ұсынамын. Назарларыңызға рахмет!!!