Конспект урока "Ана алғысы"
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы
№14 «Достық» балабақшасы МКҚК
«Ана алғысы»
әңгімесін оқу
(Көркем әдебиеттен адамгершілік
тәрбиесі бойынша ашық сабақ.
Мектепалды даярлық тобы)
2018 ж.
Сабақтың тақырыбы: «Ана алғысы» мәтінін оқу
Сабақтың мақсаты: Азамат балаласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп
өсіретін ана екенін түсіндіру. Ана еңбегін еш нәрсемен өлшеуге болмайтынын,
түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтінін, сондықтан да
барлық ананы сыйлауға құрметтеуге тәрбиелеу. Сөздік қорларын молайтып,
байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Көрнекілігі: ананың суреттері
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: ана туралы мақал-мәтелдер, тақпақтар
жаттау, мадақтау сөздерін айтып үйрену.
Сабақтың барысы:
І. Шаттық шеңбері.
- Балалар, барлығымыз шеңбер жасап тұрайық. Қазір барлығымыз бір бірімізге
бүгінгі күнге жылы тілектерімізді жолдаймыз.
(Балалар бір біріне тілектерін айтады.)
Қайырымды жандар айнала,
ІІ. Кіріспе әңгіме.
- Балалар, мен сендерге қазір бір әдемі өлең жолдарын оқимын. Мұқият
тындаңдар.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан.
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана.
- Дұрыс, балалар, ол анамыз. Ана дегеніміз кім?
- Ана қандай болады? Сендердің аналарың қандай?
(Балалардың жауаптары тыңдалады)
Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді! Осынау үш әріптен құралған
қасиетті сөздің түп-төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр! Сезім мен қасиетті,
махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан
бар ма екен бұл өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да күннің нұрынан,
ананың сүтінен таралған. Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры
тастай мұзды да жібітеді. Ана өмірдегі ең жақын адамымыз. Ол әрқашан, қандай
жағдайда да біздің қасымызда. Азамат балаласын жарық дүниеге әкеліп, оны
тәрбиелеп өсіретін ана. Ана еңбегін еш нәрсемен өлшеуге болмайды, түн
ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейді
- Ана туралы қандай мақал-мәтел, тақпақ білесіңдер?
(Балалардың жауаптары тыңдалады. Мақалдарды талдау)
ІІІ. Сергіту сәті.
IV. Шығарманы оқу.
- Бүгін біз «Ана алғысы» атты әңгіме оқимыз.
- Мен қазір сендерге оқимын, ал сендер мұқият тындаңдар. Өйткені әңгімені
өздерің жалғастыруға тырысасыңдар.
(«Ана алғысы» әңгімесін тоқтап оқу, тоқтаған жерден бастап балалар өз
ойларымен жалғастырып, әңгімені талқылау.)
- Балалар әңгімеде сендерге таныс емес, естімеген сөздер кездесті ме?
Жаялық – кішкентай баланы орайтын жұмсақ мата.
Шөлмек – нәрестеге сүт беруге арналған кішкентай ыдыс.
- Сендер аналарыңа қалай көмектесесіңдер?
- Аналарың сендерге қай кезде қуанады?
- Ананы ренжітуге бола ма?
V. Ойын «Анаңа мадақтау сөз айт»
- Балалар енді біз аналарымызға қандай мадақтау сөздерін айта аламыз екенін
көрейік. Мадақтауды біз қалай айтуымыз керек. Анамыздың қасына барып,
қолынан ұстап, көзіне мейірлене қарап айтуымыз керек. Сол кезде аналарың өте
қуанып қалады.
- Кім анасына мадақтау айтқысы кеп отыр?
IV. Қорытындылау.
- Ал енді мына алдарыңдағы парақтарға өз аналарыңа арнап суре саламыз.
Аналарыңа не арнар едіңдер. Кешке осы суреттерімізді аналарымызға
сыйлаймыз.
- Осыдан былай сендерді аналарыңа оны жақсы көретіндеріңді жиі
айтасыңдар деп ойлаймын.
Ана туралы мақал-мәтелдер
1.Ана алдында- құрмет
Ата алдында - қызмет.
2.Мылқаудың тілін анасы түсінеді.
3.Ақ жаулығы ана ның- ақ көрпесі баланың.
4.Ана алақанының аясы- ақ шынардың саясы.
5.Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
6.Ақ ағайын алтау
Ана – біреу.
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Технологическая карта "Красный, желтый, зеленый" 3 класс
- Технологическая карта урока "Картина - особый мир. Картина - пейзаж" 3 класс
- Конспект занятия "Путешествие по детским журналам. Рубрика «Зверьё моё»" 4 класс
- Внеклассное мероприятие "Есть такая профессия - Родину защищать" 3 класс
- Занятие в старшей группе "Люблю березку русскую"
- Методическая разработка урока "Волшебная страна Музландия"