"Кері байланыс" коучинг жоспары
Тақырыбы: Сабақтағы кері байланыс
Мақсаты: тиімді кері байланысты ұйымдастырудың техникаларын қолдануға
үйрену
Күтілетін нәтиже:
• Кері байланыс туралы және оның түрлерін біледі
• Кері байланысты жүргізу мақсатын түсінеді
• Кері байланыс пен рефлексияны ажырата алады
№№
Жұмыс түрлері
Уақыты
1
Тренинг: «Топтық жұмысты негіздеу»
Сұрақтар бойынша жеке жұмыс:
1. Кері байланыс дегеніміз не? Кері байланыстың қандай түрлері білесіз?
2. Кері байланыс не мақсатпен жүргізіледі? Кері байланыс сабақтың қай
кезеңінде жүргізіледі?Рефлексия мен кері байланыс синоним сөздер ме?
Сұрақтар бойынша топқа бірігу, топта талқылау, топтық қорытынды
10 мин
Топқа бөлу
кағаздары және
1-таратпа
2
Кері байланыс: «Бір қадам артқа»
1. Кімде қандай сезім болды? Бұл жұмыс не мақсатпен
ұйымдастырылды? Ағаштың қай тұсында
тұрғаныңызды негіздеңіз.
5 мин
3
Әр топ ватман қағаздарға төмендегі сұрақтарды топтарда талқылап, 1
сөйлемнен жауап жазып, «Конвеер» әдісімен «сағат тілімен) топтарға
жылжытып отырады. Әр топтың өз қағазы келгенде тоқтатылады, топтар
жауаптармен танысып, тұжырымдайды. Әр топтан 1 адам қорғайды
Мақсаты:
1. Кері байланыс дегеніміз не? Кері байланыстың қандай түрлері білесіз?
2. Кері байланыс не мақсатпен жүргізіледі?Кері байланыс сабақтың қай
кезеңінде жүргізіледі?Рефлексия мен кері байланыс синоним сөздер ме?
15-20 мин.
4
Кері байланыс: «Бір қадам артқа»
1. Әдіс ұнады ма? Несімен ұнады/ұнамады?
2. Бұл әдістің қандай тиімді/тиімсіз тұстары бар?
3. Не үйрендіңіздер?
4. Не қиын/оңай болды? Неге?
5 мин
5
ББҮ кестесі. Жеке жұмыс Презентация1, 2-слайд
Мақсаты: Кері байланыстың техникасын қолдану, үйрену
5 минут
2-таратпа (ББҮ
кестесі+ПММ)
6
Кері байланыс: «Бір қадам артқа»
1. Әдіс ұнады ма? Несімен ұнады/ұнамады?
2. Бұл әдістің қандай тиімді/тиімсіз тұстары бар?
3. Сабақтың қай кезеңінде қолдануға болады?
4. Не мақсатпен қолданылады?
5 мин
7
Презентациямен жұмыс 1-14 слайдттар
Мақсаты: Кері байланыстың мақсаты, тиімділігі, түрлері туралы және
алғашқы жасаған жұмыстарын толықтыру, өзгерістер, толықтырулар
енгізу
20 мин.
8
Тренинг: Колин Ноблдың тәжірибесінен. Мақсаты:, бір-бірін бағалауға
және кері байланыс ұсынудың техникасын үйрену.
Мұғалімдерге сұрақ қойылады: Қазақстан құрылықта неше және қай
мемлекеттермен шекараласады? Топта талқылап, жауабын айтуға 1 мин
уақыт беріледі. (5мемлекет: Қытай, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және
Түркменстан). Жауаптарын сұралады.
Келесі тапсырма: жеке жұмыс: Қазақстан картасын салу, шекаралас
20 мин
мемлекеттерді орналастыру.
Келесі қадамда ҚР картасын слайдтан көрсетіледі. Әркім өзі салған
картасын салыстырады, бағалайды.
Келесі жұптық жұмыс: Жұпта бір-бірінің картасын тексереді, жұмысты
жетілдіруге байланысты формативті бағалау жасайды. Бір-біріне 2
жұлдыз 1 тілек жазады.
9
Кері байланыс: «Бір қадам артқа»
1. Әдіс ұнады ма? Несімен ұнады/ұнамады?
2. Бұл әдістің қандай тиімді/тиімсіз тұстары бар?
3. Не қиын болды? Неге?
4. Бұл техниканың (2 жұлдыз 1 тілек) тиімділігі/тиімсізі неде?
5 мин
10
«Кері байланыстың тиімдігі» SWOT, Әуе шары модельдері
арқылы талдау ұйымдастыру
SWOT талдау
STRENGTHS
Күшті жақтары
WEAKNESSES
Әлсіз тұстары
OPPORTUNITIES
Мүмкіндіктер
THREATS
Қауіптер
15 мин
10-таратпа
11
Кері байланыс: «Бір қадам артқа»
1. Әдіс ұнады ма? Несімен ұнады/ұнамады?
2. Бұл әдістің қандай тиімді/тиімсіз тұстары бар?
3. Не қиын болды? Неге?
4. Бұл әдістің тиімділігі неде?
5. Не үйрендіңіз
3 мин
12
Синквейн Сinquain
Синквейн немесе бес жолды өлең стратегиясы
Оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды
өлеңді құрудың ережесі мынадай:
бірінші жолда 1 зат есім,
екінші жолда 2 сын есім,
үшінші жолда 3 етістік,
төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу,
бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним
сөз жазылады.
Кім? Кері байланыс
Қандай? Ауызша, зжазбаша
Не істеді? Бағалайды, көмектеседі, қолдайды.
Түйін Кері байланыс өте тиімді.
Синоним үдеріс
5 мин
13
Шеберлік-сынып басында қолданған «Конвеер» әдісімен жасаған
жұмыстарын толықтыру, түзетулер енгізу, тұжырымдамалар жасау.
5 мин
14
Сабақ соңындағы кері - байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
Чемодан(суреті) қоқыс жәшігі (суреті) еттартқыш (Суреті)
- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті
ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні
сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар
5 мин
(жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек,
толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа
салыңыздар (жазыңыздар)
Осылайша қатысушы мұғалімдердің коучингтен не
білім алғандарын көрсетеді.
Рефлексия: Коучингтің басты мақсаты ұстаздарға сабақта кері байланыс түрлерін
қолдана білуге үйрету болып табылды. Мұғалімдер топқа бөлініп, оларды көтеріңкі
көңіл күй сыйлау үшін «Мұғалімнің 13 белгісі» атты таныстырылым көрсетілді.
Мұғалімдерге тән белгілерді танып, сабақ кезінде, жұмыстан тыс кезде осыған ұқсас
екендерін көріп, өздеріне күлкі сыйлады. Тақырып бойынша топтық жұмыс
жүргізілді. Постерге тақырып бойынша білетін ақпараттарын жазды. «Кері
байланыс» туралы таныстырылым көрсетілді, әр мұғалім іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Кері байланыстың әр түрі бойынша мағлұматтар берілді. Коучинг соңында
«Тазалық» кері байланысы алынды. Өтілген тақырып бойынша алған керекті
ақпараттарды чемоданға салды. (жазды), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық
дүниені қоқыс жәшігіне салды. (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі
оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салды. (жазды).
Жазған кері байланыстарын оқып оларға коучингтің пайдасы көп болғанын білдім.
Олардың рефлексия мен кері байланыстың айырмашылығын түсінгендіктері белгілі
болды. Алдағы уақытта та осындай коучинг жұмыстарын жүргізу пайдалы деп
ойлаймын.
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Урок математики "Закрепление изученного материала. Проверка знаний" 1 класс УМК «Школа России»
- Презентация "Уголок по безопасности дорожного движения"
- Конспект урока "Изготовление птичек. Коллективная композиция «Стая птиц»" 3 класс
- Конспект занятия "Как рождается хлеб"
- Конспект урока "Кыш бабай шәһәргә килә"
- Презентация "Будущий железнодорожник"