Сценарий "Қоңыр қонжық қонақта"
"Қоңыр қонжық қонақта"
(Ортаңғы топ)
Мақсаты: Балалардың жануарлар туралы қарапайым түсініктерін
қалыптастыру. Жабайы жануарлардың өзіндік ерекшеліктері туралы
білімдерін кеңейту. Көңіл күйді антоним сөздерді қолдана отырып, ажырата
білуге жаттықтыру, балалардың сөздік қорын белсендендіру. Жануарлар
тіршілігіне деген қызығушылығын тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: ойыншық – Қонжық, дидактикалық ойынға арналған
жануарлардың суреті; көңіл күйді бейнелеген суреттер.
Сабақ барысы
Тәрбиеші: - Балалар, кәнекей біз амандасу рәсімін жасап жіберейік (балалар
өз қолдарын тәрбиешінің алақанына қояды).
- Қайырлы таң, сәлеметсіздер ме!
- Сендер "сәлеметсіздер ме!" деп амандасқанда бір-біріңе не тілейсіңдер?
(балалар жауабы).
Тәрбиеші: - Балалар, әрбір күні сендерді балабақшаға кім әкеледі, ал сендерді
балабақшада кім қарсы алады?
(балалар жауабы).
(Шымылдықтың артынан жылаған дыбыс естіледі. Бұл - қоңыр қонжық).
Тәрбиеші: - Балалар, сендер естіп тұрсыңдар ма, біреу жылап тұрғандай?
Саған не болды, қонжық? Сен неліктен жылап тұрсың?
Қонжық: Балалар, мен көжектермен ойнап жүріп, анамнан адасып қалдым.
Маған анамды табуға көмектесіңдерші.
Тәрбиеші: балалар, қонжыққа анасын табуға көмектесеміз бе? (балалар
жауабы). Олай болса менің жұмбақтарымды шеше отырып, қонжықтың
анасының суретін тауып көрсетіңдер.
Дидактикалық ойын «Жұмбағымды шешіп көр» (Түлкі, қоян, аю).
Балалар, жұмбақтың шешуі түлкі екен. Ендеше маған түлкінің суретін
көрсет.т.т.б
Бала тақтаға ілінген суреттерден аталған жануарды көрсету керек. Ең
соңында аюды көрсете отырып, аю қонжықтың анасы екенін анықтайды.
Қонжық: - Мен балабақшадағы балаларға өзімнің әдемі суреттерімді
көрсеткім келеді, бірақ мен суретімді аяқтап суреттей алмадым. Маған
көмектесіңдерші.
Тәрбиеші: Балалар, Қонжыққа көмектесеміз бе?! Мына суретте не
бейнеленген, не аяқталмай қалған? (балалар жауабы).
Ойын: «Кімнің құйрығы?»
Балалар мына суретте нені көріп тұрсыңдар? (Түлкі, қоян т.б.)
Не жетіспейді?
Қонжық: - Рахмет, балалар, сендер маған көмектестіңдер. Ал енді мен
сендермен ойын ойнағым келеді. Мен бастаймын, ал сендер аяқтайсыңдар.
Сергіту сәті
Секіреді қоян,
Секіреді тиін.
Қонжық деген маймақ,
Секіруі қиын.
Ойын: "Ұйқасты аяқта" немесе «Қатты, жай»
- Ыр-ыр-ыр- келіп қалды ...(қасқыр). (қатты, жай)
Қасқыр естіп қалмасын, жай қайталап айтайық.
- Ық-ық-ық- кел, ойнайық ... (қонжық).
- Ін-ін-ін- секіреді ... (тиін).
Қонжық: - Рахмет, балалар! Ал мені анам іздеп қалған шығар. Сау болыңдар,
балалар!
Балалар: сау бол, Қонжық.
Тәрбиеші: - балалар, Қонжық бізге келгенде көңіл күйі қандай болды?
(көңілсіз, жабырқаулы)
- Ал бізбен ойнап кеткеннен кейін ше? (көңілді, қуанышты).
- Балалар, менде түрлі көңіл күйді бейнелеген суреттер бар. Ендеше
«Қандай?» деп аталатын ойын тапсырмама назар аударыңдар. Сендер қалай
ойлайсыңдар, бұл суретте баланың көңіл күйі қандай? (балалар анықтайды).
Ал біз ашуланғанда, біреуге ренжігенде біздің бет әлпетіміз қалай өзгереді?
(ашулы, қабағымыз түйіңкі). Демек, адамдар бірде көңілді, бірде көңілсіз
болады екен.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар. Барлық тапсырманы дұрыс орындадыңдар.
Бізге қонаққа кім келді? Қандай жануарлар туралы жұмбақтар шештік.
Сендерге бүгінгі ойындарымыз ұнады ма? Келесі де тағы да қызықты
ойындар ойнаймыз.