Конспект урока "Жалқы және жалпы есім" 2 класс

Сабақтың тақырыбы: Жалқы және жалпы есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Зат есім жайында берілген білімді еске түсіріп, жаттығу
жұмыстарын орындау барысында жалқы және жалпы есіммен таныстыру.
Дамытушылығы: Дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана
отырып, оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру, оқушылардың
сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс тәсілі: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын, сызба, ассоциация
Көрнекілігі: суреттер, слайд, сызба, ватман қағазы.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқу құралдарын тексеру.
2) Психологиялық дайындық.
- Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі.
Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі
мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт
сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады.
Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен
махаббатқа толтырады. Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Сыныпты топқа бөлу.
1 топ – Зат есім
2 топ – Сын есім
3 топ – Сан есім
ІІ. Үй жұмысын тексеру
330 жаттығуды 3 оқушыдан сұрау. Слайд бойынша суреттерін көрсету.
«Қайтала, бұл сендерге өте қажет
III. Өткен сабақты қорыту. Сұрақтарға жауап беру.
- Қандай сөз таптары бар?
- Зат есім дегеніміз не?
- Қандай түрлері бар? ( жекеше, көпше)
Тақтаға екі оқушы шығады. Оларға сұрақ қойылады.
- Мәдиге сұрақ қоямыз. (Кім?)
- Екі оқушыға қандай сұрақ қойылады? (Кімдер?)
Мәди атын тақтаға жазады. Неліктен бас әріппен жазғанын айтады.
Кісінің аты – жөні, жер – су аттары, жан – жануарға қойылған
атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әр уақытта бас
әріппен жазылады: Сәуле, Тараз, Ақтөс.
- Жалқы деген сөзге қалай түсінеміз?
- Жалқы - жалғыз, бір, жеке дегенді білдіреді.
IV. Жаңа сабақ
«Сен мұны істей аласың, сенің қабілетің бар».
333 жаттығу. (Ауызша) .
1 топ: Суретке қарап, олардың астындағы сөздерді оқиды, сөздердің бірі
кіші әріппен, бірі үлкен әріппен жазылғаны не себепті екенін дәлелдейді.
Алма (қыз), алма (жеміс)
Раушан (қыз), раушан (гүл).
2 - топ: Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.
3 топ: Үш тілде айту:
алма – яблоко apple раушан – роза - roze қыз девочка -
«Сен әуелі кіріс, кіріссең, бітіру қиын болмайды».
334 - жаттығу. Жаңылтпашты бірнеше рет оқып, жатқа айту. Кісі аты мен
жер атын табу.
Арман – ата
Тарбағатай – жер аты
Бүгінгі күннің ретін көркем жазу.
«Сендер оны орындай алатындарыңа мен сенімдімін»
VI. Дәптермен жұмыс
335 - жаттығу. Берілген жалқы есімдерді қатыстырып, сөйлем құрап жазу.
Сырым, Тайбурыл, Ертіс, Бөрібасар.
336 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдегі сөздердің бас
әріппен жазылуының себебін дәлелдеу.
Жетісу - көркем өлке. Іле – осы өлкедегі үлкен өзен. Ол Балқаш көліне
құяды. Көл жағасында Балқаш қаласы орналасқан.
VІI. Сергіту сәті:
«Қорықпа, бұл сенің қолыңнан келеді».
VІІІ. Шығармашылық тапсырма
1 топ. Картадан өзен аттарын тауып жазады.
2 топ. Сурет бойынша жалқы есім қатыстырып мәтін құрайды.
3 топ. Жалпы есімдер беріледі, қасына соған сәйкес жалқы есімдер тауып
жазу.
өзен Есіл
көл Балқаш
қала Ақтау
ит Ақтөс
жылқы Тайбурыл
адам Арман
«Тездет, бірақ қателеспе».
ІX. Ойын: «Кім жылдам?»
Әріптер жасырынады, тақтаға шыққан оқушы бір әріпті алып, сол әріптен
басталатын зат есім ойлап тауып, оның жалқы не жалпы есім екенін айтады.
X. Қорытынды:
1 топ. Семантикалық карта
Жалқы есім
Жалпы есім
Ақтау
+
өзен
+
Қобланды
+
қала
+
Ақтөс
+
ақын
+
2 топ. Венн диаграммасы
Жалқы есім Жалпы есім
3 топ. Топтастыру.
нелер? Заттың аты
Кімдер? Кім? Не?
көпше жалқы
жекеше жалпы
«Сендер мақсаттарыңа жеттіңдер».
ХІ. Топты, жеке оқушыны бағалау
ХII. Үйге тапсырма:
337 жаттығу. Өзің тұратын көше туралы шағын әңгіме жаз.