Технологическая карта "Тиін. Қазақстанның жан - жануарлары"
Ұйымдастырылған оқу қызметтінің
технологиялық картасы
Топтын жас ерекшелегі: ересек топ
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бағдарлама тарау: Сурет салу
Тақырыбы: «Тиін. Қазақстанның жан-жануарлары»
Мақсаты: қазақстандағы жануарлар әлемінің бір түрі тиінмен таныстыру және оның суретін салуды
үйрету; сурет салуда шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз өлкесінің жануарларына деген
сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Қолданатын құралдар: тиін- ойыншық, тиіннің суреті, ақ қағаздың беті, акварель бояулары, су
стакандағы, майлықтар, қылқалам, жай қарындаштар.
Сөздік жұмыс: үлпілдек.
Қостілділік компонент: тиін, белка, squeare.
Қызметтің кезеңдері
Педагогтың іс - әрекеті
Баланың іс - әрекеті
Мотивациялық –
қозғаушылық
Балаларды ұйымдастырып,
«Шаттық шеңберін» құрып,
«Амандасу рәсімін» айту:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқарайды қаламаз,
Жайнай түсті даламыз,
Қайырлы таң достарым!
Балалар «Шаттық
шеңберін» құрып,
«Амандасу рәсімін» айтады.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Балаларға жұмбақ жасыру.
Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді.
/Тиін/
Кіріспе әңгімеде Қазақстан
аумағын мекендейтін жабайы
жануарлар атауын қайталап шығады.
Тиінмен танысады.
-Тиін-әдемі кішкентай аң. Тиіннің
денесі алмұрттәріздес, басы кішкентай
дөңгелек, тұмсығы үшкір және қысқа.
Көздері үлкен әрі дөңгелек. Құлақтары
тік үшбұрышты.Құлақтарының
ұшында шоқтары бар. Оның алдыңғы
аяқтары қысқа. Артқы аяқтары
анағұрлым күштілеу-олар жуандау әрі
ұзындау, соңдықтан тиін, қоян тәрізді,
секіріп қозғалады. Ақ тиін-үнемі
қозғалысты және әуесқұмар аң. Ол
көп жүгіреді, секіреді. Сүйікті қөрегі-
жаңғақ, саңырауқұлақ, алма.
Тиіннің тонының түсі күзде және
көктемде түлеу кезінде өзгереді.
Жұмысты орындау тәслін
көрсету.
-Парақты ыңғайлып орналастыру.
-Дене бөліктерінің геометриялық
Балалар жұмбықты шешеді.
Үлгі сурет бойынша салу
жолдарын тыңдап, суретті
бояуға түстерді таңдайды.
фигураларға қатынасы.
-Жұмыстың орындалу ретін
бекіту: денесі, басы, аяқтары,
құйрығы, ұсақ бөлшектері. Дене
мүшелерін бейнелеу.
-Бөліктерді біртіндеп
сызықтармен біріктіру.
-Суретті бояп шығу.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз
Шаттық шеңбер құрамыз.
Оңға-солға иіліп,
Орнымызды табамыз.
Педагог балаларға көмектеседі.
Балалар жаттығу жасайды.
Балалардың өзіндік
жұмысы.
Рефлексиялық-
түзетушілік
Балалардың салған жұмыстарын
талдау.
Салған суреттерін, алған
әсерлерін көрсетіп айтады.
Сурет салуға деген
қызығушылықтарын
білдіреді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: тиіннің суретін салып біледі;
Игереді: шығармашылық қабілеттерін дамыту; тиіннің дене мүшелері геометриялық фигураға
сәйкестеру болатыны игереді.
Меңгереді: тік, доғал сызықтар, геометриялық пішіндер арқылы тиіннің салу жолдарын
меңгереді.