Конспект занятия "М. Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда»" 3 класс

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда»
Сабақтың мақсаты: Ақын шығармасының тақырыбы мен идеясын, көркемдік тілін
оқушы өз бетінше іздене отырып ашу.
Міндеті: Мазмұнға байланысты - ақын шығармасын оқи отырып, композициялық
құрылысымен танысу, шығарманы оқи отырып, ой тереңдігін, тіл шеберлігін сипаттау;
СТО - ға байланысты - тақырыпты меңгерту барысында білімдерін ортаға салып, өз ой -
пікірлерін қорытындылау; топтық жұмысқа байланысты топтағы жұмысты
ұйымдастыру, жұмыс нәтижелерін көрсету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кітаптар, суреттер.
Түрі: Білім - біліктілікті қалыптастыру.
Әдісі: ББҮ кестесі, талдау, пікір сайыс, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, әдебиет, өнер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Сыныпты үш топқа бөліп, сабақ барысымен таныстыру.
(«Ана», «Аққу», «Табиғат»)
Үй тапсырмасын сұрау.
1. «Менің Мұқағалиым». Ақынның өзіне ұнаған өлеңдерін жатқа айту.
• Ақын күнделігінен... «Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымнен менің
өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін
түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды
өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда
ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеп, кейде түңілген жанымның
құдды дауысындай...» (М. Мақатаев).
ІІ. Топтастыру стратегиясы.
Мұқағали кім?→ Ақын, данышпан
Мұғалім: Ал кәне, балалар, ақынның жас кезінде қандай бала болғаны жайлы барлығымыз
білгіміз келеді емес пе? Кәне үй тапсырмасын кім айтады екен?
1. « Мұқағали өте зерек, алғыр болатын. Ол өлең сөзді бәрімізден бұрын жаттап алушы
еді. Жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқуға құмар болатын еді» - дейді ақынның досы Әбдіке
Асанов.
2.Мұқағали қанша қиындық көрсе де сабағын өте жақсы оқыды. Ол әсіресе әдебиет пәнін
ұнататын.
3.Сабақтан тыс ақын концерт ұйымдастырып, спектакль қойып, басты рөлдерде өзі
ойнайтын.
4. Мектептегі қабырға газеті Мұқағалисыз шықпаушы еді. Ол сабағы нашар оқушыларға
сықақ өлең жазатын.
5.Ол бала кезінен таза ұқыпты жүретін. Салақ, үсті басы кір-қожалақ балаларды жек
көретін.
6. Ақын – әділетсіздікке жаны қас еді. Үлкеннің алдын кесіп өтпейтін. Өзінен кішілерге
қамқорын аямайтын.
7.Мұқағали әжесі Тиынның қолында өскен. Ақынның дамуына әжесі қатты әсер еткен.
Бұл тапсырмада оқушылар Мұқағали туралы мәліметтерден берілген сұрақтарға 1 минут
ішінде жауап беру керек.
1 «Ана» тобына:
1. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім? - Мұқаметқали
2. Мұқағалидың әкесінің аты? - Сүлеймен
3. Ақынның қай жылы дүниеге келді?- 1931ж. 9 ақпан
4. Ақынның туған жері?– Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылы
2 «Табиғат» тобына:
1. Мұқағалидың «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған?
2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көлдің аты?
3. Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазды?- Менің анкетам.
4. Мұқағалиға алтын қаламын сыйға тартқан кім? – Ғ. Мүсірепов
3. «Аққу» тобына:
1. Мұқағалидың ұлдарының аты кім? – Айбар, Жұлдыз
2. Қарасазда Мұқағали мұражайы қашан ашылды? - 5 шілде 1991 жыл
3. Ақынның алғашқы өлеңдері - «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай»
4. Мұқағалидың қандай әндерін білесіңдер? – «Саржайлау», «Сәби болғым келеді»
ІІІ. Қызығушылықты ояту. Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?
Ойланайық! Дебат
Аққуды атуға бола ма?
2 топ дайындалғанша «Табиғат» тобы мәтіннен өздеріңе ұнайтын үзіндіні дәптерлеріңе
жазып алып, оны не үшін таңдағандарың туралы әңгімелейсіңдер.
«Аққу» - жақтаушы топ:
Аққуды атуға болады.
Баласын өлімнен сақтап қалу үшін атады.
Аққу - махаббаттың белгісі, ана мен бала арасындағы махаббаттан артық махаббат жоқ.
Ананың балаға деген махаббаты өте күшті.
Егер сол кезде аққуды атпағанда өзін өмір бақи кінәлап өтер еді.
«Ана» - даттаушы топ:
Аққуды атуға болмайды.
Аққу - киелі құс, сұлулықтың, пәктіктің белгісі.
Аққу – табиғаттың жаратылысы, бірақ өмір сүруге тиіс.
Аққу – махаббат белгісі, махаббатты қорлауға болмайды.
“Аққуды атпа, махаббатты сатпа” деген дана сөз бар.
«Табиғат» тобына өзіндік жұмыс беріледі.
Мәтіннен үзінді Не себепті таңдадыңыз?
«Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,
Құлынымның қасынан неге кеткем?
Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой,
Дүние - ау, сен осындай керемет пе ең?
Ана отыр, озбыр ойлар қамалауда,
Қамалауда, әлдекім табалауда.»
Осы үзінді өзіме қатты ұнады, өйткені шарасыз ананың жай - күйі жаныма қатты батты.
Баласы үшін бар құрбандыққа баратын ананың жанкешті бейнесі. Сорлы анаға жаным
ашиды.
Сахналық көрініс.
«Аққу» тобы көлде жүзіп жүрген және жаралы аққудың ролін сомдайды.
«Ана» тобы аққуды атқан ана, одан кейінгі ананың зарын сомдайды.
Поэманы өз ойыңмен аяқтап көр. Видео
Үйге тапсырма:
«Аққу – көлдің еркесі» шағын эссе жазу
«Аққу» - жақтаушы топ:
Аққуды атуға болады.
Баласын өлімнен сақтап қалу үшін атады.
Аққу - махаббаттың белгісі, ана мен бала арасындағы махаббаттан артық махаббат жоқ.
Ананың балаға деген махаббаты өте күшті.
Егер сол кезде аққуды атпағанда өзін өмір бақи кінәлап өтер еді.
«Ана» - даттаушы топ:
Аққуды атуға болмайды.
Аққу – киелі құс, сұлулықтың, пәктіктің белгісі.
Аққу – табиғаттың жаратылысы, бірақ өмір сүруге тиіс.
Аққу – махаббат белгісі, махаббатты қорлауға болмайды.
“Аққуды атпа, махаббатты сатпа” деген дана сөз бар.
«Табиғат» тобы . Поэманы өз ойыңмен аяқтап көр.
Бір жанұяның жалғыз баласы ауыр сырқатпен сырқаттанып қалады. Тәуіп шал баланы тек
аққудың қанатымен аластаса ғана дертінен айрылады деп айтады. Әкесінің аққуды
өлтіруге дәті бармағандықтан, оның орнына анасы мылтығын алып, қасиетті аққулар
мекендейтін көлге барады. Көлге келгенде ........