Презентация "Оқу үдерісінде сапаның жақсаруына не кедергі?" 1 класс
Подписи к слайдам:
Оқу үдерісінде сапаның жақсаруына не кедергі?
Топқа бөлу
1.Ата-ана
2.Бала
3.Тәрбие
4.Оқу
Сауалнама алу
Сергіту тренингі
Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.
Сауалнама алу
“ «Табыс қоржыны» жаттығуы «Кір жайғыш» әдісі- Кедергі деген не?
- Оқытудағы сіз үшін кедергі болатын не?
Оқушылардың оқуына оң әсер ететін факторлар |
Оқушылар |
Оқушылар үшін оқу үдерісін айтарлықтай қиындататын факторлар |
|
Әлеуметтік және физикалық факторлар |
|
|
Әлеуметтік қолдау түрлері |
|
|
Тапсырмалар мен берілген есептердің сапасы |
|
- Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.
- Сізге өте жайлы, тып – тыныш, сіз тек менің даусымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңызда орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба – оны өзіңіз таңдайсыз...
- Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз – алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз – сол жол кең бе, әлде тар ма, - оны өзіңіз таңдайсыз.
- Келе жатырсыз – алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз білесіз.
- Сіз келе жатырсыз – алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе – оны да өзіңіз шешіңіз.
- Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңызда үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз.
- Сіз келе жатырсыз, алдыңызда құмыра көресіз, құмыраны аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз біліңіз.
- Келе жатырсыз – алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе? - өзіңіз шешіңіз.
- Енді алдыңыздан өзен көресіз – ол өзен жәй толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма? – оны да өзіңіз таңдаңыз.
- Орман – ол Сіздің проблемаларыңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, онда Сіздің проблемаларыңыз сирек болады, одан тез өтесіз. Егер қалың орман таңдасаңыз – алда қалың, үлкен проблема тұр.