Конспект занятия "Киім дүкенінде" 4 класс
Сабақтың тақырыбы: Киім дүкенінде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Дүкен» тақырыбы бойынша алған білімдерін пайдалана
отырып, киім тақырып бойынша түсінік беру, жаңа сөздермен таныстыру, дұрыс сөйлем
құрауға үйрету.
Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға дағдыландыра отырып,
ауызекі және жазба сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын, деңгейлік
тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: Флипчарт, оқулық. карточкалар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу.
- Бүгін кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Бүгін күннің нешесі?
- Ауа райы қандай?
ІІ. Фонетикалық жаттығу
мен дүкенге бардым.
мен сатып алдым
1. Мұғалім оқиды
2. Оқушылар оқиды, суреттің атауын атайды
Үй жұмысын тексеру
Сөздерді карточкаға жаздыру.
ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтада сурет көрсетіледі.
- Мынау не?
- Бұл дүкен.
- Дүкенде нелер бар?
- Ұлдар киімі және қыздар киімі бар.
- Балалар, қалай ойлайсындар сабақтың тақырыбы қандай болады?
- Сабақтың тақырыбы «Киім дүкенінде»
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Не білеміз? Не үйрендік?
Киім атауларын.
Сөздікпен жұмыс
рахмет – спасибо
айтты – сказала
сатып алды – купил (-а)
көйлек – платье
сандал – сандали
қалпақ – шляпа
шалбар – брюки
жейде – рубашка
бәтеңке – ботинки
1. Мұғалім оқиды.
2. Оқушылар хормен, жекелей оқиды.
3. Сөз тіркесін, сөйлем құрайды
4. Жазады
Мәтінмен жұмыс
Болат және Әсел киім дүкеніне келді. Киім дүкені үлкен және әдемі. Дүкенде ұлдар
және қыздар киімі бар. Қыздар киімі: көйлек, сандал, туфли, юбка. Ұлдар киімі: шалбар,
жейде, күрте, бәтеңке. Әсел көйлек, қалпақ сатып алды. Болат шалбар және жейде сатып
алды. Сатушы рахмет айтты.
1. Мұғалім оқиды.
2. Оқушылар оқиды, аударады.
3. Сұрақтарға жауап береді
- Дүкенге кімдер барды?
- Киім дүкені қандай?
- Киім дүкенінде қандай киімдер бар?
- Әсел не сатып алды?
- Болат не сатып алды?
- Сатушы не айтты?
Топтық жұмыс «Кім жылдам»
І топ
Болат және Әсел ... ... келді. Дүкенде ... және ... киімдері бар. Қыздар киімдері: ...,
..., ..., ... . Болат шалбар және жейде ... ... .
ІІ топ.
Киім дүкені ... және ... . Ұлдар киімдері: ..., ..., ..., ... . Әсел көйлек, қалпақ ... ... .
Сатушы ... айтты.
Жұптық жұмыс
- Сәлем, Әсел!
- Сәлем, Болат!
- Сен киім дүкеніне барасың ба?
- Иә, барамын.
- Сен не сатып аласың?
- Мен әдемі қалпақ сатып аламын? Ал сен ше?
- Мен жейде сатып аламын.
- Сау бол!
- Сау бол!
Қорытындылау
- Балалар, бүгін сабақта не істеді?
- Не үйрендік?
- Біз Болатқа қалай көмектестік?
Үй жұмысын беру
Бағалау