Конспект занятия "Буротиноның сыйлығы"
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Математика
«Ботақан» ортаңғы топ
Тақырыбы: «Буротиноның
сыйлығы »
Өткізген: Акимжанова Б.Е.
Самар ауылы
2016 жыл
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Математика
Тақырыбы: Буратиноның сыйлығы.
Мақсаты: «Көп», «Біреу», деген ұғымды айыру көп тұрған бір дейзатқа, басқа
сонша затты қою, оң қолмен алып, солдан оңға қарай қоюды айту, қадағалау,
ұзын-қысқа затты айыру. Шеңбер, шаршы, ұшбұрышты айырып айту. Уакыт
деген түсінікті білу: таңертен, кешке, күндіз, түнде. Еңбексүйгіштік және
жаңашырлық сезімдерін тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: жолақшалар, көбелектер мен гүлдер (әр балаға 2
данадан), геометриялық пішіндер.
Көрнекілік: слайд
Аймақтық компонент: Күзгі ағаштар туралы әңгімелеп өту.
Қостілдік компонент: күз-осень
Сабақ барысы:
Көптеген қонақтар біздің сабағымызды тамашалауға келіпті. Кәне,
қонақтармен амандасайық:
Арайлап тан атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды, даламыз.
Қайырлы таң, достарым,
Қайырлы таң, баршамыз!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (күз)
-Күзде қандай ерекшеліктер болады? (атап өтеді)
-Күзді біз орысша не деп айтамыз? (осень)
- Балалар, осындай әдемі ағаштар біздің балабақшамызда бар ма? (иә)
Залға жылап Буратино кіріп келеді.
Тәрбиеші: Балалар, қарандаршы, бұл ертегідегі Буратино ғой. Саған не болды,
Буратино? Неге жылайсын?
-Қалай жыламаймын? Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Мен сендерге қарай келе жатып, мына сый сандықтың кілтін жоғалтып
алдым. Оны Қарабас-Барабас тығып қойыпты. Менім тапсырмаларымды
орындасандар ғана кілтті табасындар дейді. Енді не істейміз, балалар?
-Сен мұнайма, Буратино. Біз балалармен саған көмектесеміз. Оның
тапсырмаларың орындап береміз. Солай ма, балалар?
-Ия.
Балалар орындарына отырады.
1 тапсырма:
Слайд бойынша тапсырма: Арманың оң және сол жағында, алдында және
артында қандай ойыншықтар жатыр?
2 тапсырма: «Уақытты белгіле»
Суретте тәуліктің қай уақытты бейнеленген?
Тәрбиеші жұмбақпен жасырады:
Қай уақытта біз тұрамыз?
Төсегімізді жинап, беті қолды жуамыз? (таңертен)
Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз.Серуенге шығамыз,қыдырамыз.
Бұл қай кезде болады? (күндіз)
Ойын ойнап жүргенде ата-анамыз келеді. Бұл қай уақытта болады?
(кешке)
Жарқырап жұлдыздар, демалады бар әлем. Қа й уақытта болады?
(түнде)
-Балалар, келесі тапсырманы орындамас бұрын, біз сендермен қолдарымызға
жаттығу жасап алайық.
Балалар тәрбиешімен бірге қолдарына «суджок»жаттығуын жасайды.
3 тапсырма: «Ұзын және қысқа»
-Балалар мына суретте Буратиноның үйі бейнеленген, бірақ ол үйге кіретін
баспалдақ жоқ екен. Біз оған ең қысқадан бастап, ең ұзынға деин баспалдақ
құрастырып берейік. ( Балалар атап өтеді: ең қысқа, одан ұзын, одан да
ұзын)
Сергіту сәті: Музыка әуенмен орындалады Буратиномен бірге.
4 тапсырма: «Гүлдер мен көбелектер»
Балалар сендер жаз мезгілін сағынбасын деп, сендерге мынандай гүлдер мен
көбелектер сыйлағым келіп тұр. Оң қолымызбен солдан оңға қарай үстіңгі
жолаққа екі гүл қоямыз. Ал астыңғы жолаққа әр гүлдің астына көбелек
қондырамыз. Қанша гүл болды?(екеу) Қанша көбелек болды? (екеу) Олардың
сандарына не болды? (тепе-тең, бірдей, қанша гүл, сонша көбелек)
-Балалар, бір көбелек ұшып кетті. Не көп, гүл ма, әлде көбелек па? (гүл)
Бірдей болу үшін не істеу керек? (бір көбелек қосу керек немесе бір гүлді
алып тастау керек)
5 тапсырма: «Геометриялық пішіндерді ажырат»
Балалар геометриялық пішіндерден күнді, шыршаны, үйді құрастыру керек.
Оны атап өтіп, қандай пішіндерден құрастырғаның және түсін айтып өту
керек.
Тапсырманы орындап болған соң жасырылған кілтті Буратино тауып алады.
Орындаған тапсырмалары үшін Буратино рахмет айтады. Буратино балаларға
сыйлықтарың береді. Қоштасады.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар, сендерге сабағымыз ұнады ма? Қандай тапсырма
сендерге қиын болды? Қалай ойлайсындар, сендер сабаққа жақсы
қатыстыңдар ма?
Математика - еще материалы к урокам:
- Урок-игра "Состав чисел в пределах первого десятка. Решение задач. Закрепление изученного материала" 1 класс
- Технологическая карта урока "Порядок действий в выражениях без скобок при умножении и делении" 3 класс
- Презентация "Действия 1 ступени с десятичными дробями" 7 класс
- Конспект урока математики в 5 классе "Обобщающий урок по теме "Проценты""
- Конспект игрового занятия "Белочка в гостях у ребят"
- Открытое занятие по внеурочной деятельности "Сказочная математика" 2 класс