Конспект урока "Нитраттар. Азоттың табиғаттағы айналымы"
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының
№4 жалпы орта білім беретін мектебінің химия және биология пәндері
мұғалімі Дишенова Армангуль Наурызбайевнаның сабақ жоспары
Тақырыбы: Нитраттар. Азоттың табиғаттағы айналымы
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды Нитраттардың химиялық қасиеттері, қолданылуы
және азоттың табиғаттағы айналымы туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Өз ойын еркін жеткізе білуін, ізденуін, пәнге деген
қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: тағам ретінде қолданылатын өнімдердің құрамындағы
химиялық заттардың адам денсаулығы үшін маңызын көрсету. Олардың
жетіспеуінен туындайтын аурудың алдын-алу шараларын анықтау.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: ішінара ізденіс
Сабақ құрылымы:
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу6 кезекші міндетін қадағалау.
Сабақтың ұстанымымен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында төмендегідей тапсырмалар
беріледі.
1. Азот қышқылының электролиттік диссоциациялану теңдеуін
жазыңдар
2. Лабораторияда азот қышқылын қалай алады?
Физикалық қасиеттері
3. Таза азот қышқылы қандай зат?
4. Ұзақ сақтағанда қышқыл біртіндеп қызғылт қоңыр түске ие болады,
себебі...
Химиялық қасиеттері
5. Жарықтың әсерінен азот қышқылы қандай заттарға ыдырайды?
6. Азот қышқылының негіздермен әрекеттесуінің реакция теңдеуін
жазыңдар.
7. Азот қышқылының негіздік оксидтермен әрекеттесуінің реакция
теңдеуін жазыңдар
8. Концентрациялы азот қышқылы кейбір металдармен әрекеттеспейді
, себебі..
Қолданылуы.
Жаңа сабақ.
1. Нитраттарға жалпы сипаттама беріледі.
2.Нитраттардың ашылу тарихы. Ерте кезден «үнді селитрасы»
атаумен -КNO
3
калий нитраты белгілі болды.
Бұл сирек минералды ол кезде тек үндістаннан әкелетін еді.Үнді
селитрасын оқ –дәрі жасау үшін пайдаланды. Либих еңбегінің арқасында
селитра ауыл шаруашылығына пайдалы және көп мөлшерде қажет екендігі
анықталды. Чилидің Атакама шөлінде өсімдіктер мен жануар
қалдықтарының мыңдаған жылдық ыдырау процесінің нәтижесінде
селитраның қоры жинақталды. Анализ көрсеткеніндей «Чили селитрасы »
бұл- құрамында құм және балшық, натрий хлориді және сульфаты
қоспасы бар натрий нитраты. «Чили селитрасының » қызықты ерекшелігі
оның құрамында натрий иодатының болуы. Селитра қорынан натрий
нитратын алу үшін, ыстық суда ерітіп, кейін ерітіндіні сүзіп және
салқындатады осының нәтижесінде натрий нитраты тұнбасы алынды
және тыңайтқыш ретінде сатылымға шығарыла бастады. 19 ғ Чили өзге
аймақтарды селитрамен негізгі қамтамасыз етуші болды.
Норвегиялық химиктер жергілікті арзан энергияны пайдалана
отырып, басқа әдіспен тыңайтқыш алды. Олар ылғал ауаны электр
доғасынан өткізіп, азотты байланыстырудың табиғи процесін
жүргізді.Осыдан ауадан алынған 1% шамасындағы азот қышқылын
ізбеспен әрекеттестіру арқылы Са(NO
3
)
2
кальций нитратына
айналдырды Бұл зат «Норвегиялық селитра» атауына ие болды.
2. Химиялық қасиеттері.
1. Сілтілік металдардың нитраттары қыздырғанда нитриттерге және
оттекке ыдырайды
2КNO
3
= 2KNO
2
+O
2
↑
Интернет сайттарынан лабораториялық жұмыс көрсетіледі
2. Электрохимиялық кернеу қатарында магний мен мыс арасында
орналасқан металдардан түзілген нитраттар металл оксидіне, азот(ІҮ)
оксидіне және оттекке ыдырайды:
2Pb(NO3)
2
=2PbO+4NO
2
↑+3O
2
↑
3. кернеу қатарында мыстың оң жағында тұрған ниттраттар бос металға,
азот (ІҮ) оксидіне және оттекке ыдырайды:
2AgNO
3
=2Ag+2NO
2
↑ +O
2
↑
Қолданылуы.
Натрий және калий нитраттары шыны қайнатуда, тағамдарды
консервлеуде қолданылады.
Оқ дәрі алу үшін калий нитратынан, күкірттен және көмірден тұратын
қоспа жасайды.
Күміс нитратының химиялық лабораторияларда хлор ионын табу
тәжірибесі көрсетіледі.
Азоттың табиғаттағы айналымы
Азот табиғатта өте көп тараған элементтердің бірі болып есептеледі.
Азот
орг. заттар шірігенде
аммиак
нитрлеуші бактериялар
азот қышқылы
карбонаттар
нитрат
шіру кезінде
азот
ІІ. Пікірталас
І топ химиктер, ІІ топ денсаулық
І топтың дәлелі
1. Нитраттардың қолданылуы
2.Нитраттардың өсімдіктерге пайдалы әсері
3. Азот тыңайтқыштарын қолдану тиімділігі
ІІ топтың дәлелі
1. Нитраттардың адам ағзасына әсері
2. Тағамдағы нитраттар
3. Нитраттан улану белгілері
Осындай дәлелдерді негізге ала отырып 2 топ пікір таластырады.
Химиктер тобы
1. спикер: құрамында өсімдікке қорек болатын азоты бар органикалық
(көң, шымтезек тағы басқалар) және минералдық заттар. Азоттың
табиғи қосылысы — натрий селитрасы (NaNO3) тек Чилиде ғана
кездеседі. Аммоний нитратының [(NH4)NO3] құрамында өсімдікке
сіңімді азоттың мөлшері басқа азотты тыңайтқыштарға қарағанда
көбірек келедіҚазақстанда азотты тыңайтқыштар Ақтаудағы “Каскор”
Акционерлік Қоғамында (аммиак селитрасы, натрофоска), Степногорск
кен-химия комбинатында (нитрофоска), Тараз минералды
тыңайтқыштар зауытында (аммофос) өндіріледі
2. 2спикер: Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық
дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады. Елімізде
өсірілетін алуан түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол,
тұрақты, әрі сапалы өнім алуда басқа да агротехникалық шаралармен
қатар, тыңайтуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы орасан зор. Ауыл
шаруашылығы практикасында егіншілікті химияландыру, оны жедел
дамытудың куатты факторы екенін сенімді дәлелдеп берді. Мысалы,
азотты тыңайтқыш астық дәніндегі белок мөлшерін арттырады,
фосфорлы тыңайтқыш зығыр талшығының сапасын жақсартады,
зығыр, Калий тыңайтқышы кант қызылшасы тамырының қант,
картоптың крахмал мөлшерін арттыра¬ды.
3. спикер: Мәселен, күздік қара бидай мен күздік бидай көктемде қыстан
әлсіреп шығады. Осы кезде өсімдікке қоректік элементтер өте қажет,
бірақ топырақта өсімдікке сіңімді азот жетіспейді, өйткені күзде
жаңбыр суы нитраттарды топырақтың терең қабатына жуып әкетеді, ал
нитрлеуші бактериялар әрекеті ерте көктемдегі салқын әсерінен
баяулайды. Жаздық дәнді дақылдарды себу кезінде және олардың
өсуінің алғашқы кезеңінде де топырақта өсімдікке сіңімді азот мөлшері
жеткіліксіз болады, сондықтан осы кезде тынайтқыш, әсіресе, азот
тыңайтқыштарын енгізгенде (күздік дақылдарды көктемде үстеп
қоректендіру, жаздық дақылдар тұқымын тыңайтқыш қосып себу)
өсімдік тез және жақсы өседі. Егер топырақта қажетті элементтердің
біреуі жетіспесе, өсімдікке екінші элементті тиімді пайдалануға
мүмкіндік болмайды, соның салдарынан өсімдік нашар жетіледі және
егін түсімі кемиді.
Денсаулық тобының 1 спикері: Топырақта нитраттар артық мөлшерде
болғанда, олар толығымен өңделмейді, өсімдік өнімдерінде жиналып адам
және жануар организмдеріне түседі. Асқазан-ішек жолында нитраттар
азотты қышқылдың тұздарына-нитриттерге айналады да, организмді
улайды. Нитриттер гемоглобинмен әрекеттесіп, метагемоглобин түзеді де
Ғе (ІІІ) дейін тотығады. Бұл зат тыныс алу орталығына зардабын тигізеді,
Өйткені ол оттекті тасымалдауға қабілетсіз.
2спикер: Адам ағзасына нитраттар тамақ арқылы түседі. Нитриттер
мен
нитраттарды дайын өнімдерге де қосады, мысалы кептірілген
немесе пісірілген
шұжықтарға қосады. Көкөністер мен жеміс-жидектер құрамындағы
нитраттар
мөлшеріне байланысты келесі топтарға бөлінеді:
1. Құрамында нитраттар аз(10-80мг):бұршақ,қымыздық,
бұрыш,брюссель капустасы, картоп, жуа, жеміс -жидектер
2.Нитраттар мөлшері орташа (80-300мг):кәді, шалқан,
асқабақ, түсті және ақ капуста, сәбіз, қияр, желкек
3.Нитраттар мөлшері жоғары (300-600мг): қызылша,
көк жуа,қауын-қарбыз.
3 спикер: Нитраттармен улану белгілері
-Жүрек қағысының жиілеуі, ентігу, естен тану мүмкіндігі
-Жұмысқа қабілеттің азаюы, ұйқышылдық, тез шаршау, бас ауруы
-іш ауру, жүрек айну, құсу
- көз белогінің сарғаюы, бауырдың үлкеюі
- ерін, бет және тырнақтың көгеруі.
Сұрақ:Нитраттар өсімдіктің барлық бөлігінде бірдей кездеседі ме?
Жауап :-нитраттар негізінен көкөністермен жемістердің қабығында
болады.
-әлі жасыл күйіндегі ге қарағанда,піскен өнімде аз болады.
-Жапыраққа қарағанда сабағында көп болады.
-Сәбіздің ортаңғы бөлігінде айналасына қарағанда 80% артық болады.
-Қарбыз бен қауынның қабығына жалғасқан піспеген бөлімінде көп
болады.
Сұрақ: Өзімізді нитратпен уланудан сақтауымыз үшін не істеуіміз қажет.
-көкөніспен кез-келген жеміс жидекті тоңазытқышта сақтаңыз.
-Мұқият жуыңыз және қабығын аршыңыз-бұл нитраттарды 15%-ға кемітеді.
-Сәбіз қызылша, картоп және капустаны 1 сағат суға салсаңыз 25-30%-ға
кемиді.
-көкөністен жасалған салаттарды бірден пайдалану қажет Оларды сақтау
нитраттардан нитриттердің түзілуіне әкеліп соғады.
Қарбыз құрамындағы нитратты анықтау.
Осыдан кейін жеңімпаз топты анықтау үшін Activote бағдарламасы
арқылы дауыс беріледі. Жеңімпаз топ марапатталады.
Бекіту.
1. 4-59 есеп. Құрамындағы металдардың белсенділігіне байланысты нитраттарды
қыздырғанда әр түрлі айырылады:
2NaNO
3
= 2NaNO
2
+O
2
↑
2Сu(NO
3
)
2
=2CuO+4NO
2
↑+3O
2
↑
2AgNO
3
=2Ag+2NO
2
↑ +O
2
↑
Осы берілген химиялық реакция теңдеулері бойынша 8г оттек алу үшін әр нитраттың
қандай массасын айыру керек болатынын есептеңдер.
Шешуі:
х 8г
1) 2NaNO
3
= 2NaNO
2
+O
2
↑
Мr (NaNO
3
) =170, Мr(O
2
) =32
170г NaNO
3
- 32г O
2
х NaNO
3
8гО
2
Х=42,5г (NaNO
3
)
х 8г
2) 2 Сu (NO3)
2
=2CuO+4NO
2
↑+3O
2
↑
Мr (Сu (NO
3
)
2
) =376
376г Сu (NO3)
2
32г O
2
х Сu (NO3)
2
8гО
2
х
=
94г
хг 8г
3) 2 AgNO
3
=2Ag+2NO
2
↑ +O
2
↑
Мr(2AgNO
3
) = 340
340г AgNO
3
32г O
2
Х г 8г О
2
х =85г
Жауабы: 42,5 г NaNO
3
) , 94г Сu (NO
3
)
2
, 85г AgNO
3
Кім жылдам?
1. Азот қышқылының тұздары қалай аталады? Нитраттар
2. Күміс нитратын медицинада қалай атайды? Ляпис
3. Сілтілік металдардың нитраттары қыздырғанда.. -нитриттерге және
оттекке
Ыдырайды
3. Күміс нитратын химия лабораториясында қандай иондарды табуға
қолданылады? Хлор ионын табуға
4. Көкөністер мен жеміс-жидектер құрамындағы нитраттар мөлшеріне
байланысты неше топқа бөледі? 3 топқа
5. Реакция теңдеуін аяқта Mg(NO
3
)
2
LiNO
3
Қорытынды. Жинаған ұпайларына байланысты оқушыларды бағалау. Үйге
тапсырма
§17 . мәнжазба жазып келу