Конспект урока "Атмосфералық ауа - газдар қоспасы ауаны ластанудан қорғаузаттардың ауада жануы"
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық ауа – газдар қоспасы ,ауаны
ластанудан қорғау,заттардың ауада жануы.
Мақсаты:
а) Ауаның құрамында газдардың қандай мөлшерде болатындығын, оның
құрамының сақталуының экологиялық тұрғыдан маңыздылығын түсінуге
мүмкіндік тудыру. Ауаның тазалығын сақтаудың шараларын
түсіндіру.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Табиғатына, отанына,
еліне деген сүйіспеншілік сезімін, жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Оқушыларға ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру.
ә) Олардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге
қызығушылығын арттыру. Оқушылардың іскерлік, іздену, құзырлылық
қабілеттерін дамыту, білім алуға деген қызығушылығын арттыру
б) Байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Табиғатына, отанына,
еліне деген сүйіспеншілік сезімін, жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Өзін
табиғаттың бір бөлшегі екендігіне, табиғатпен өте тығыз байланыста
екендігіне көз жеткізу.
Пәнаралық байланыс: физика, химия, қазақ тілі, медицина.
Түрі: жаңа сабақты игеру, түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: сызбалар,
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыру.
Италияда құшақтап амандасады,
Зимбабада бөксені түйістіріп, қол шапаттайды,
Македонияда шынтақтарын тигізе амандасады,
Никорагуада иық қағысады,
Бразилияда арқа сипайды,
Қазақтарда - қол алысып, төс қағысып амандасады.
Оқушыларды жапырақ түстері арқылы арқылы топтарға бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Оттегі периодтық жүйеде нешінші орында орналасқан?
2.Оттегінің валенттігін ата
3.Оттегінің қолданылуын айтып бер.
III. Жаңа сабақ.
(оқушыларға жұмбақ беріледі.)
Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
Мұғалім:Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат.
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
І топ- Ауа — газдар қоспасы.
ІІ топ- Ауа — газдар қоспасы.
Әрбір жайлы өз пікірін қорғап, айтады, постер құрастырып, қорғайды
Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар
Дәптерлеріңді көтеріңдер, ар жағындағыны көресіңдер ме?
- Жоқ.
Жардың ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?
- Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба?
- Иә.
- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?
- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көзге көре алатынымыз дәлел.
Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз. Бұларға көз жеткізу үшін тәжірибелер
жасап көреміз.
IV. « Ой толғаныс » Ал енди балалар ауаның қасиетімен танысайық
1-тәжірибе . Сытырлақ дорбаны үрлеп, ауа толтырамыз. Аузың қолымызбен
бекітеміз.
- Тез қысыла ма?
Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы.
2-тәжірибе. Ауа серпімді, сығылады. Допты алайық. Оны қолыммен
қысамыз. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолымызды
жіберсем, серпіліп қайта орнына келеді. Серпіліп тұрған - ауа.
3-тәжірибе:
Екі бірдей шамды(біріншісі) жағып, біріншісін стаканмен,екіншісін ашық
қоямыз.Енді салыстырамыз, дәлелдейміз. Нәтижесінде,ашық май шам жана
береді. Қалғаны ауа жоқтықтан сөніп қалады. Жануды қолдау ауаның
маңызды қасиеті
Мысалы: Үйді жылыту үшін пеш жағамыз. Жануды күшейту үшін не қажет?
Ауа.
Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана
халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты
таза екеніне ешкім кепілдік бере алмайды. Автокөліктен, заводтардан
шыққан түтіндер ауамыздың тазалығын бұзады.
Ауа - газдардың қоспасы. ρ = 1,293г/л. 1 молінің қалыпты жағдайдағы көлемі
22,4 л. Оның құрамында мынадай газдар болады. Яғни көлемі бойынша
ауада 78% азот, 21% оттек, 1% инертті және басқа газдар болады. Адам
тыныс алғанда оттегіні сіңіріп, сыртқа көмірқышқыл газын бөліп шығарады.
Өсімдіктер көмірқышқыл газын өзіне сіңіріп сыртқа оттегіні бөледі. Адам
өкпе арқылы тыныс алады. Өкпе сырттан келетін оттегіні қанға
тасымалдайды. Біз таза ауаны өсімдік әлемінен аламыз. Жасыл өсімдіктер
миллиардтаған жылдар ішінде атмосфераны көмірқышқыл газынан тазартып,
оны оттекпен байытты.Табиғатта өсімдіктердің оттегі бөлетін фотосинтез
үрдісі үнемі жүріп отырады. Ауаның құрамын алғашқы рет француз ғалымы
А. Лавуазье, ағылшын ғалымы Джозеф Пристли 1774 жылы анықтады.
ХҮІІІ ғасырға дейін табиғат зерттеушілер реакция кезінде түзілетін
газдардың бәрін «ауа» деп ойлаған, әрқайсысына ерекше қасиеттері үшін
мысалы, сутекті «жанғыш ауа», көмірқышқыл газын «орман ауасы» деп
атаған. Мұнай өндіру, өңдеу, Мұнай химия өнеркәсібі атмосфералық ауаға
көмірсутектер, күкіртті сутектер және басқа да иісі жағымсыз заттар бөледі.
Қазақстанның Каспий өңіріндегі тек Мұнай өндіретін орындарынан жылыша
атмосфераға 184 ООО тонна әртүрлі зиянды заттар бөлінеді. Ал қазіргі кезде
Мұнай өндіретін кен орындарының саны да, өндіретін Мұнайдың мөлшері де
ол кездегіден көбейе түсті.
V.Бөлім «Білім шыңы»
1.есеп. Болашак экологиялық таза және тиімді отын сутектің оттекте жануы
екенін және нәтижесінде су түзілетінін біле отырып, 12 кг сутекті жағу үшін
ауаның қанша массасы екенін есепте.
VІ. Сабақты бекіту.
1. Өз қаламызда ауа таза болу үшін не істеу керек
2.Сыныптың ауасы таза болу үшін не істеу керек?
3.Таза ауа- денсаулық кепілі дегенді қалай түсінесің?
4.Ауаның қандай қасиеттерін білесіңдер?
5.Ауа қандай жолдармен ластанады?
Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Табиғат –ана
біздерге дем алсын деп ауа сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Біздер
табиғат-ананың сенімін ақтауымыз керек. Ауаны ластамау әрқайсымыздың
борышымыз.
Болмасын ауа ешкімнің арман –мұңы,
Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы.
Ойлашы кімге керек боламыз біз,
Жұтудан таза ауаны қалған күні.
Ауамыз таза болса денсаулығымыз да мықты болады.
Сабақты бекіту:
І топқа:
1. Дем алу үшін ауаға қандай газ қажет?
а) азот б) оттегі в) көмірқышқыл газы
2. Ауаның қандай қасиеттері бар?
а) мөлдір, түссіз, иіссіз, қыздырғанда, ұлғаяды, салқындатқанда қысылады,
жылуды жай өткізеді.
б) Аспан тәрізді көгілдір, дыбыстарды өткізеді, күн сәулелерін өткізеді, иісі
жоқ.
3. Ауаның құрамына қандай заттар кіреді?
а) сутек, мыс, мырыш
б) оттегі, азот, көмірқышқыл газы.
в) хлор, фтор, йод.
4. Терезелерге жылу ұстау үшін екі қабат әйнек орнатады. Қандай қасиет
пайдаланады?
а) Қыздырғанда ауа ұлғаяды.
б) салқындатқанда ауа қысылады.
в) Ауа жылуды жай өткізеді.
ІІ топқа:
1. Ауа нелердің қоспасы?
а) Қатты заттардың в) Газдардың с).Сұйық заттардың
2. Ауаның жануға және тыныс алуға қатысатын бөлігі қалай
аталады?
а) Оттегі в) Асыл газдар. с) Азот
3. Ауаның негізгі бөлігі не?
а) Азот. в) Асыл газдар. с) Оттегі
4.Ауаның физикалық қасиеттерін тап:
а) Ериді,өткізеді. в) Қатты с) Иіссіз, жануды қолдайды
5.Өсімдіктердің қоректік қасиетінен де пайдалы жағын тауып белгіле:
а) Сәнді в) Оттегіне байытады. с) Иісі жұпар
VІ. Бағалау
Кестені толтыру
Нені білдім
Не білгім келеді
Химия - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Аморфные и кристаллические вещества" 8 класс
- Конспект урока "Алюминий және оның қосылыстарының биологиялық - экологиялық маңызы. Алюминий құймалары, қолданылуы"
- Конспект урока "Алкадиендер. Каучук пен резеңке" 11 класс
- Конспект урока "Oқытуды бacқaру жәнe көшбacшылық"
- Конспект урока "Химические реакции" 8 класс
- Конспект урока "Гидролиз солей"