Презентация "Аурухана ішілік инфекция проблемалары"
Подписи к слайдам:
Аурухана ішілік инфекция проблемалары
Алибаева Г.А.
2011г
Оқушы білуы тиіс
- Аурухана ішілік инфекция туралы түсінік.
- Инфекциялық үрдіс: инфекция көзі, аурухана ішіндегі инфекцияның қорлары (резервуарлары),
- инфекцияның жұғу жолдары мен тәсілдері,
- аурухана ішіндегі инфекцияның даму қаупі бар топтар, инфекцияны қабылдауға әсер етуші факторлар.
- Бұйрықтар, Сан.ЕжН. Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу мәселелері.
- Асептика және антисептика туралы түсінік.
- Мейірбикенің жеке қорғаныш барьерлері.
- Ауру қоздырғыштарының науқас мүшелеріне және қуыстарға түсіп кетуін болдырмау (ағзаға немесе жараға инфекция түсуінің алдын алуға бағытталған шаралар жиынтығы). Вирулентті микроағзалар
- Ауру тудыратын микроағзалар.
- Микроағзалардың ауру тудыру қабілеті.
- Антисептика деген сөздің түсінігі: грек тілінде «анти» - «қарсы» деген сөз (мысалы, антиимпериалистическая борьба – имперализмге қарсы күрес) және «септикос» - «іріп шіру» деген сөз. Толығырақ айтсақ, антисептика дегеніміз – іріп-шіруге қарсы күрес немесе іріп-шіруге жол бермейтін әдіс Антисептика ұғымына әртүрлі мағына берілетінін де білеміз.
- " Аурухана ішілік инфекция" - ауру симптомдары ауруханада болған уақытында немесе одан кейін болған жағдайға қарамастан науқастарды ауруханаға түскен және емдеу көмегіне барган нәтижесінде немесе осы мекемедегі қызметшілерді зақымдайтын әрбір клиникалық байқаланатын жұқпалы аурулар". ДДУ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бюросы ,)1979 жыл.
А І И
ЭКЗОГЕНДІ
инфекция көзі ағзаға
сырттан енген
ЭНДОГЕНДІ
инфекциялық агент ағзада бұрынн
ан бар
сальмонелла
Аурухана ішіндегі инфекциялар арасында ең көп кездесетіндер:- зәр бөлу жүйесінің инфекциялары;
- іріңді-септикалық инфекциялары;
- тыныс жолдарының инфекциялары;
- бактериомиялар;
- тері инфекциялары.
АІИ-дың ішінде
кең таралғандар:
1. Зәр шығару жүйесінің инфекциялары
2. Іріңді - қабыну инфекциялары
3. Бактериемиялар
5. Тері инфекциялары
4. Тыныс жолдарының инфекциялары
пробиотики
«Инфекциялық үрдіс»- «Инфекциялық үрдіс» түсінігін жұқпалы аурулардың жіті,созылмалы,латенттік сияқты түрлі формада пайда болуына макро- және микроағзалардың өзара әсер етуі анықтайды.
- Инфекциялық үрдістің пайда болуына басты жағдай ауру қоздырғышының болуы.
- АІИ ды тудыратын микроағзалардың негізгі түрлері: қызылша, дифтерия, скарлатина және басқа балалар аурулары,ішек (сальмонеллез,т.б.),В,С гепатиттер тудыратын патогенді микроағзалар және шартты патогенді микрофлора.
- Шартты патогенді микрофлоралардың ішінде стафилококктар, стрептококктар,көгілдір іріңді таяқшалар.бактериялар (ішек таяқшасы,протей,сальмонелла және т.б). Аурухана ішінде саңырауқұлақ инфекциясын,АҚТҚ(ВИЧ) инфекциясын жұқтыру сирек болсада кездесетін жайттер.
- Аэрозольдық
- Қатынас
- Фекальді – оральдық
- Артифициалдық (жасанды)
- Ауа-тамшылы, ауа-шаңды
- тікелей қарым-қатынас,
- тұрмыс заттары арқылы
- тағамдар арқылы
- Аурухана ішіндегі инфекцияларға тиімді бақылау жүргізу;
- Инфекцияның қоздырғыштарын жою;
- Жұғу жолдарын үзу;
- Адам ағзасының (иммунитетінің) тұрақтылығын көтеру. Кешенді эпидемиялық шаралары барлық 4 буынға бағытталуға тиіс. Одан басқа медициналық шаралардың кешенін өткізуге қажет: зақымдылықты, медициналық килігуін азайту т.б.
- персоналдың қолы;
- ішек,несеп-жыныс жүйесі,мұрын-көмей,тері,шаш,персоналдың да,пациенттің де ауыз қуысы;
- қоршаған орта: персонал,шаң,су,азық тағамдар;
- құралдар;
- аспаптар;
- дәрілік заттар,т.б.
- әлсіреген, қартайған пациенттердің меншікті салмағының артуы;
- пациент күтімі кезінде инфекциялық қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы;
- емдік-профилактикалық мекемелердің шамадан тыс жүктелуі;
- құрал-жабдықтардың ескіруі және т.б.
- Медициналық мекемелерде қолайлы болып табылатын бұйымдар: резеңкеден жасалған (катетер,дренаж түтіктер), су және антисептиктер қолданылатын аспаптар(дистиллятор,ингалятор,ионизатор,т.б.), жасанды тыныс аппараты, құралдар.
- Адам ағзасында орналасуына қолайлы болып табылатын жерлер: тері мен жұмсақ тканьдер,зәр шығару жолдары, ауыз қуысы, мұрын-көмей, қынап, ішек.
- Негізгі факторлар – адамның жасы, қоршаған ортаның жайсыз жағдайлары, ағзаның әлсіз иммундық корғанысы, емдік-диагностикалық емшаралардың көп қолданылуы, емдеу алдын алу мекемелерінде санитарлық эпидемиологиялық тәртіптің бұзылуына байланысты АІИ қоздырғыштарының жиналуы, созылмалы аурулар,асептика және асептика ережелерінің орындалмауы, медициналық аспаптар мен жабдықтарды зарарсыздандыру және залалсыздандыру ережелерінің бұзылуы болып табылады.
- Аурухана (стационар) қызметкерлерінде ауыстырылып тұратын жұмыс киімдерінің жиынтығы: халаттар, ауыстыратын аяқ киім, күнделікті санитарлық киімдерді ауыстыруды қамтамасыз ететін мөлшерде болуы тиіс. Бұлар жеке кішкене шкафтарда сақталады. Сонымен қатар ластанған кезде шұғыл арада ауыстыруға арналған киім жиынтығы болуы тиіс.
- Емдеу бөлімшесі мейірбикесінің жинақылығы мен ұқыптылығы мінсіздікпен ерекшеленуі тиіс.Жеке киімі сыртынан жұмыс (санитарлық) киімінің шеті түгелдей жауып тұруы керек. Шаш түгелдей қалпақпен жабылады. Ауыстырылатын аяқ киім зарарсыздандыруға ыңғайлы болуы үшін тоқылмаған материалдан болуы керек.
- Емдеу мекемесінен тыс жерлерде жұмыс халаты және аяқ киімімен жүруге тыйым салынады.
- Босанатын және жұқпалы аурулар бөлімшелерінде, оперблоктарда жүретін студенттер ауыстырылатын арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі тиіс.
- Дәрігерлер, мейірбикелер, акушерлер әрбір пациентті қарар алдында немесе емшараларды орындамас бұрын, сонымен қатар “лас” емшараларды орындағаннан кейін (бөлмені жинау, төсек ауыстыру, әжетханаға бару және т.б.) қолдарын міндетті түрде екі мәрте сабындап жуулары тиіс.