Презентация "Оқушыларды ынталандыру құралы ретінде қалыптастырушы бағалау" 11 класс
Подписи к слайдам:
- Оқушыларды ынталандыру құралы ретінде қалыптастырушы бағалау
- Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы
- Кез келген мұғалім Оқыту үшін Бағалау (ОүБ) неліктен оқытуды және оқуды жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін Бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.
- Оқыту үшін бағалау негізінде жататын негізгі қағидаттар:
- Оны әзірлеудегі және тәжірибеде қолданудағы бірінші басымдық оқушылардың оқуына көмектесу мақсатына бағындыру болып табылады.
- Бағалау мұғалімдер және оқушылар өзін-өзі және өзара бағалау үшін кері байланыс ретінде пайдаланатын ақпарат беру арқылы оқуға көмектесе алады.