Конспект урока "Дыбыс үндестігі" 4 класс
Кайыпова Алия БҚО Орал қаласы
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс үндестігі.
Сабақтың мақсаты: а) Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп
айтылуын
дыбыс үндестігі деп айтатынын түсіндіру.
ә) Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыру арқылы зейіндерін
және
логикалық ойлауын дамыту.
б) Адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1) Жаттығуларын тексеру.
2) Ережелер қайталау.
3) Топшамамен жұмыс.
III. Жаңа сабақ
- Буын үндестігі дегеніміз не?
- Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды атаңдаршы?
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін қойып жазу.
-Түбір сөздің соңғы және жалғаудың бірінші дыбысы қандай дыбыстар?
! Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылуын дыбыс үндестігі
деп атайды.
Мысалы: аспаптар, ескектер, т.б.
2-жаттығу.
Суреттгі заттарға көптік жалғауын жалғап жаз.
3-жаттығу.
Жұмбақтартың шешуі:
1.қарлығаш
2.білім
5-жаттығу.
Сөйлемді көшіріп жазу.
-Қарамен жазылған сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырыңдар.
Айтылуы Жазылуы
көрімбейді көрінбейді
жалғызсыратпай жалғыссыратпай
Оразжан Оражжан
Сарыарқа Сарарқа
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
*Шығармашылық диктант
Жыланбалық – жыламбалық, қашша – қазша, ағүрпек – ақ үрпек, ақ жолақ – ағжолақ,
тұтанбау – тұтамбау, құнамбәйге – құнан бәйге, бағбаңға – бағбанға, ата кәсіп – атагәсіп,
ала құла – алағұла.
*Сөздерді үлгіде көрсетілгендей жазылуы және айтылуы бойынша жазу.
Үлгі:
Жазылуы Айтылуы
тұтанбау тұтамбау
қазша қашша
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.