Ана жүрегі мейірімділікті сүйеді

Ана жүрегі мейрімділікті сүйеді!
Бекжан:Стас айтшы мерекеге барлығы жиналдыма ?
Стас:(залға қарап) Барлығы жиналған сияқты қонақтарымыз да келіпті.
Бекжан:Тоқташы, қыздар жоқ ғой.
Әрсен : Ә, олар өздерін әдемілеп жатқан, келіп қалар.
Бекжан: Стас, тыныш, міне қыздарымыз да келіп қалыпты.
Әрсен :Ендеше қыздарымызды қарсы алайық.
Музыка Қыздар –қыздар сұлу қыздар
Бекжан: Қыздар келді бастайық
Әрсен : Сәлеметсіздерме бір қолымен бесікті бір қолымен әлемді бір қолымен
еркекті бір қолымен мектепті тербеткен аналар ұстазда және біздің қыздар.
Бекжан: Стас білесіңбе бүгін қандай күн
Әрсен:Сәрсенбі
Бекжан :Жоқ
Әрсен:Среда
Бекжан:Ой жоқ
Әрсен:Онда өзің айт
Бекжан :Бүгін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
Әрсен:А солайма мен біз бүгін неге екеуміз ғана мында сайрап тұрмыз десем.
Бекжан :Қалай ұмытып қалдың ба екі күн бойы апай миымызды жеп жіберген
жоқпа
Әрсен:Аааа есіме түсті олай болса аналарымызды құттықтайық
Бекжан :Құрметті қонақтар, аналар мен әжелер! Сіздерді көктемнің келуімен
және бірге келетін алғашқы көктем мерекесі 8 Наурыз халықаралық әйелдер
күнімен құттықтаймын!
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Әрсен:Әдемі, ерке,аяулы қыздар! 8 - наурыз мерекесі құтты болсын! Сіздерге
әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні
өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын... Әрдайым
мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер. Келесі сөз кезегін біздің сынып
жетекшіміз Сымбат апайға берсек дейміз.
Сымбат апай:Құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі
мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр
тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына
шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жана беріңіздер
Әрсен:Рахмет апай
Бекжан :Білесіңбе бір жылда 365-366 күн бар екен Соның бырақ күні қыздар
күні
Әрсен:Неге қалай оларда бір күн? Біздеде бырақ күн 7 мамыр
Бекжан :Ой Стас қыздар толька 8 наурызда демалады ал біз жігіттер бір жыл
бойы демаламыз
Әрсен:Өтірік айтпашы қалай?
Бекжан :Ыдыс жуатын,пол жуатын, кір жуатын тамақ жасайтын қыздар ғой
тым болмаса бір 40 минут екеумізге қарап мәз болып отырсын. Қыздарға
арналған әнімізді айтсақ қалай қарайсын
Әрсен:Жақсы шамамыз жеткенше айтайық сөге көрмеңіздер.
Ән _____________Сәукеле____________________________
Әрсен:Бекжан біздің әр сыныптың қыздары ерекше мысалға 5 сынып қыздары
шоколад сияқты.
Бекжан:Шоколад сияқты тәттіме
Әрсен: Жоқ шоколад сияқты қап-қатты.
Бекжан: Оларды тұратұршы 6 мен 8 сыныптың қыздарын айтсашы
Әрсен: Айттатын несі бар екі сыныптада бір-бір қыздан
Бекжан: Үй екеуіде геракыл сияқты екі ұлдарын бір уысында ұстайды.
Әрсен : жә оларды қой сен 7 сыныптын қыздарын айтсашы олар барғой елес
сияқты. Елес
Бекжан: Елес сияқты қорқынышты ма?
Әрсен:Жоқ қой елес сияқты бір көрініп , бір жоқ болып кетеді
Бекжан: Жә Стас тоқта басқа сыныптын қыздарын қайтесін біздің өз
сыныбымыздын қыздары бар ғой.
Әрсен: иә біздің қыздар ең әдемі, ең көрікті,
Бекжан: иә ең-ең ғой біздікілер бырақ бір но бар
Әрсен: Қандай?
Бекжан: Қандайы не ? Бір нәрсе дұрыс болмай қалса вампир сияқты
қанымызды ішіп қояды ғой, ұмытып қалдыңба не?
Әрсен: Ішсе сенің қаныңды шелектеп ішеді менікін ақырын сыздықтатып
қояды оған шыдауға болады бәрі бір біздің қыздарға жететін қыздар жоқ.
Бекжан: Айтпа бағана басында бәрін өзіміз қатырамыз қыздар демалсын бізге
қарасын деп едік шамамыз жетер емес қыздардан бір ән сұрасақ. Біздің
ханшайымдардын орындауында аналар ға арналған ____________________
Әнін қабыл алыңыздар.
Әрсен: Тамаша тілім барда айнала маң
Жан бар ма асыл сөзден жайнамаған
Анамның ақ сүтінен жаралғандай
Өзіңнен артық тілді қайдан алам
Бекжан: Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын
Қала жігітінін қызбен танысуы
Бекжан: Тоқтаңыз сұлу қыз су іздеген танысқым келеді менің сізбен
Әрсен: Айналайын жігітім мен вообщето мусор төгуге баражатырмын.
Бекжан: 8 мартта ата-аналар қонаққа барған кезде балаларын бір бөлмеге
қамап қояды. Той әбден қызған шақта.
Балжан: Менің балам тақпақты күшті айтады. Стасатайым жүре ғой
Сымбат апай: Сенің балаң тақпақ айтса менің балам жынды билейді.
Беконайым жүреғой сындыршы бәрін.
Алима: Сен неге күлесің
Бекжан: Жынды билейтін ана кісінін баласы мен ғой ол емес.
Әрсен: Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы
арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз
болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше,
әжелерімізді де мерекемен құттықтай отырып Асыл әжем әнін
тарту етеміз
Бекжан:Бәріміз де білеміз наурыз айы 3 тоқсанның соңғы айы осы айда біздің
мұғалім апайларымыздың бір жағынан мейрам деп қуанады бір жағынан
сумативкалары басталып милары ашиды.
Әрсен: Ал сумативка жақындап қалғандағы оқушы
Бекжан: Бәрін шештім, сумативка сен менің қанымды іштің
Әрсен: Иә бұл обнавлевка жаңарып жатырмызғой сонымен қатар қазіргі кезде
жаңа технология да бір орында тұрған жоқ.
Роботехника сабағында құрастырып шығарған роботты сынау
Әрсен: Балам мен бүгін робот сатып алдым сонымен сенің маған қаншалықты
шындығыңды айтатыныңды тексерейін. Кел отыр сен шыныңды айтсаң ол
сенің басыңнан сипайда, өтірік айтсаң соғады.Бүгін мектепке бардың ба?
Бекжан: Иә
Әрсен: Қандай баға алдың
Бекжан: 5,4,3
Әрсен: Недеген баласың мен сендей кезімде тек қана беске оқитынмын.
Әрсен: Біздің сыныпта соңғы сабақтарда Бекжан екеумізбен жиі кездесетін
оқиға
Кітапты кері айналдыру
Әрсен: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен
ұстаздарымыздың құрметіне Күлпәштің пародиясын қабыл алыңыздар
Әрсен:Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып. – дей келе келесі кезекте біздің мектептің
ата-анамен мұғалімінің кездесуі.
Мұғалім:Сәлеметсізбе, сіз менің қызымның әкесісіз ғой
Ата-ана:Иә,папасымын
Мұғалім:Иә, әкесісізғой
Ата-ана: Айттым ғой папасымын!
Мұғалім:Сіздің қызыңыз ұлдардың мазсын алып болды. Кеше сыныпқа кірсем
екі ұлды бұрышқа тығып қойыпты
Ата-ана:Иес!
Мұғалім: Неге иес дейсіз мен сізге айтып отырмын ғой !
Ата-ана: Өзім үйретіп жүрмін ғой енді.
Сымбат апай:Балаңыздың сыйлығын,
Қабыл алшы анасы
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анасы
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына
бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ
та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын
сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған
аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.
Ән « »Видио
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
Тәрбие сағат талдамасы
Сынып : 7
Тақырыбы: Ана жүрегі мейрімділікті сүйеді!
Мақсаты: Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін
ардақтап, мейрімділкке сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін тіл
байлығын ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға ата-ана алдындағы парызы
мен қарыздары туралы тісініктеме.
Аналар мен қыздарды көктемнің келуімен және бірге келетін алғашқы
көктем мерекесі 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Асыл әжем әнін тарту етеміз
Күлпәштің пародиясын қабыл алыңыздар
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына
бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ
та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын
сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған
аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады
-