Конспект урока "Сәлем - сөздің анасы"

Тәрбие сағатының тақырыбы: Сәлем-сөздің анасы
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларды әдептілікке баулу, амандасуды үйрету. Сыйлауды, кішіні құрметтеуді, ана тілін
ардақтауды,халықты, салт-дәстүрді құрметтеуге үйрету.Оқушылардың өзін-өзі басқару
дағдыларын қалыптастыру, оқушы танымын, ақыл-ойын сөйлеу мәдениеті, әдеби шығармашылық
қабілетін, ізденушілік қабілеттерін дамыту. Оқушыларды имандылыққа
адамгершілікке,әдептілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: Мақал-мәтел жазылған слайдтар, і.
Барысы:
1/ Мұғалім сөзі
Қызығушылықты ояту.
Оқушыларға сұрақ қою.
1. Сен бір жұмыспен көршіңе келдің. Есік ашқан кісіге алдымен не деу керек?
2. Ассалаумағалейкум!
Сәлеметсіз бе?
1. Сенің үйіңе қонақтар келді. Кіріп келген адамға не дер едің?
2. Саламатсыз ба? Қош келдіңіз!
Атамыз қазақ «Сәлем – сөздің анасы» деп сәлемдесуге үлкен мән берген. Сәлем- арабтың
«тыныштық», «бейбітшілік» мағынасындағы «ассалам» сөзінен шыққан.Тегінде, әдеп, адамшылық
амандасудан басталады.Сәлемдесудің мәні- ең алдымен бетпе-бет ұшырасқан сәттегі үнсіздікті
жою, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғанына қуану, ниеттерінің ақ, адал, таза, екенін білдіру.
Мұсылман халқында амандасу «Ассалаумағалейкүм» деген сөзден басталады.Ол «сізге Алланың
нұры жаусын» деген сөз екен. Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып, алдымен
сәлем береді. Ал сәлем алушы «Уағалейкүмассалам» деп оң қолын береді. Ол «Алланың нұры
сізге де жаусын дегені екен.
Сыртта жүргенде қария не жасы үлкен кісі өтіп бара жатса, жасы кіші адам оған әдейі бұрылып
барып амандасу керек.Амандасып болғаннан кейін жасы кіші адам: «Жолыңыз болсын,қария!» -
дейді. Ал қария: «Сенің де жолың болсын!»- деп жауап береді.
Көріспегеніне біраз уақыт болған жолдас, құрдас, ағайын-туыстар қауышып амандасады.Олар
әуелі қос қолдап амандасады, содан соң құшақтарын жайып барып бір-біріне төс қағыстырып оңға
бір, солға бір кеуде түйістіріп амандасады.
Жастардың амандасу түрлері: «Сәлеметсіз бе?», «Амансыз ба?»,т.б .Адам баласы қашанда тыныш,
бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір-бірімен тату-тәтті сыйласып өмір сүруді армандаған. Соның
негізінде сәлемдесу әдебі салынған.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді.
Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу
2. Мағынаны тану
Сайыс бағдарламасы:
1. «Сәлем-сөздің басы» атты таныстыру бөлімі.
2. «Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені» атты сәлемдесу жолдары.
3. «Ескірмейтін есті сөз» мақал-мәтел сайысы.
4. «Кішіпейілділік кісінің көркі» сурет сайысы.
5. Үй тапсырмасы: «Байлық пен ақыл» ертегісі
6. «Кім көп біледі?» ойыны
1. Топтардың аты:
«Сәлем сыры»
«Әдептілік»
Әр топ ортаға шығып топтарын таныстырады:
2. Сәлемдесу жолдары:
1. Қазақ елінің амандасуы
2. Әр түрлі елдің амандасу
3. Мақал- мәтел сайысы. Жалғасын табу.
1. Үлкенді сен сыйласаң,
(Кіші сені сыйлайды)
2. Әдепті елдің баласы
(Алыстан сәлем береді)
3.Сәлем беру де –парыз,
(Сәлем алу да –парыз.)
4.Алыстан алты жасар бала келсе
( Алпыс жасар қария сәлем берер.)
5. Бір күн тұзын татсаң
(Қырық күн сәлем бер.)
6.Әдепті бала-арлы бала,
(Әдепсіз бала-сорлы бала)
7. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
( Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
8. Әдептілік белгісі- (иіліп сәлем бергені)
9. Сәлем беру бір абырой
( Сәлем алу мың абырой)
10. Әдептілік ар-ұят
(Адамдықтың белгісі)
11. Сіз деген - әдеп , (біз деген-көмек)
12 .Жақсы сөз- (жарым ырыс)
13. Кішіден –ізет,( үлкенге-парасат)
14.Әдептілік белгісі- ар-ұят
4. «Кішіпейілділік- кісінің көркі» атты суреттер сайысы.
1-сурет. «Әдепті бала, алыстан сәлем береді».
2-сурет. « Әдепті бала арлы бала,
әдепсіз бала сорлы бала»
Оқушылар салынған суреттер бойынша көрініс қою.
5. Үй тапсырмасы: «Байлық пен ақыл» ертегісі
6. «Кім көп біледі?» ойыны
1. Ой толғаныс.
Сиқырлы сөздер.
1. Гүлжан дәлізде біреумен байқамай соқтығысып қалды. Әлгі адам ашуланды. Гүлжан бір сөз
айтып еді, әлгі адам жадырап қоя берді.
Сұрақ: Гүлжан не айтты? Әлгі адамның ашуы қалай басылды?
2. Көше бойымен таяққа сүйенген бір қарт келе жатыр. Ол әбден қартайғандықтан бүкірейіп
кеткен. Бір бала оған қарсы кездесті. Әлгі бала қартқа жақындағанда бірдеме айтты. Қарт оған
алғыс білдірді.
Сұрақ: Бала не деді? Қарт оған не деді?
Марапаттау.
Қорытынды.
Оқушылар сөзімді қорыта келе әр халықтың өзіне тән мінез-құлқы мен өзіне ғана жарасатын әдет-
ғұрпы болады, ұрпақтары ата-баба дәстүрінің кәусарын бойына сіңіріп өссе ғана халқына аброй
әкеледі. Күн сайын біз қанша адаммен жүздесеміз, тілдесеміз, пікірлесеміз. Амандасудан адамның
иманжүзділігі және инабаттылығы мен тәрбиелігі көрініп тұрады.
Қазақта «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария келіп, иіліп сәлем береді» деген
қанатты сөз бар. Мұнда жасы үлкен адам келген баладан амандық сұрап, жасының үлкендігін
бұлдамай өзінің кішіпейілділігін көрсетеді. Олай болса, сәлеміміз дұрыс болса, әлемімізде тыныш
болады деп ойлаймын.
Тақырыбы : Қариялар азайып бара жатыр.
Мақсаты : 1.Оқушыларды ата – ананы қадірлеуге , үлкенге құрмет
, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу .
2.Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті
,қайырымдылықты ,қамқорлықты,кішіпейілділікті дамыту.
3.Оқушыларға қариялар жөнінде ,олардың бізге қалдыратын
баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.
Көрнекілігі :тәрбие сағатының тақырыбы ,дәйексөздер, кітаптар.
Барысы :
І. Ұйымдастыру бөлімі
- оқушылармен амандасу
- ҚР Мемлекеттік әнұранын орындау
ІІ. Негізгі бөлім
-Құрметті оқушылар , бүгінгі тәрбие сағатымыз Қариялар күніне
« Қариялар азайып бара жатыр » деген тақырыпта өтпек .
Жүз дейміз ау !
Сөз болып па со дағы !
Тек сол үшін жазбас едім оданы.
Қария ма ?
Қария ол
Қартаймас
Жас жүрек пен дана бастың одағы –
деп жерлес ақынымыз Қадыр аға жырлағандай қариялар мәңгі бақи
біздің жүрегімізде жүреді.Біз оларды ұлғайған жасы үшін емес
, көпті көрген басы үшін құрмет тұтамыз.
Шал ақын айтқандай.«Өткен мен кеткенді көп жасаған қарт
білер» немесе қазақта «Алпыстағы қарттан ақыл сұра» деген сөз
бар. Аталы сөз – баталы сөз. Қарт адамдардың ақыл айтуға қақысы
бар.
-Ал , оқушылар , айтыңдаршы қазіргі уақытта қарияларға құрмет
көрсетуге өз дәрежесінде ме ? / оқушылар жауабы/
ІІІ.Қорытынды бөлім.
- Құрметті оқушылар, қарияларды тек қариялар күні еске алмайық
, әрқашан жадымызда жүрсің .Ата –ана ардақтайық , құрметтейік
. Дүниенің қай шетінде жүрсеңізде ұмытпағайсыздар.
Өзгерген не ?
Адам ба ? Әлде заман ба ?
Ата – анаға деген парыз қалмаған ба,адамда,
Ей , адамдар !
Құрметтеңдер үлкенді
Одан ешкім кем болған жоқ ғаламда !- деп
бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталады.