Презентация "Діни экстремизм және терроризм" скачать


Презентация "Діни экстремизм және терроризм"

Подписи к слайдам:
Діни экстремизм және терроризм Терроризмнің екі түрі болады
  • 1. Адамның санасына жасалынатын терроризм .
2. Адамға физикалық тұрғыдан жасалынатын терроризм .
  • 2. Адамға физикалық тұрғыдан жасалынатын терроризм .
  • Әсіресе санаға жасалатын терроризм өте қауіпті болып есептеледі.
Діни сана дегеніміз не?
  • Діни сана дегеніміз белгілі бір діни идеялармен белгілі бір діни ілімнің білімдері, құндылықтары сонымен қоса белгілі бір дінге немесе діни топқа, діни ағымдарға қатысы бар адамдар мен топтарды айтады. Осындай діни санадан діншілдік қалыптасады.
Діншілдік дегеніміз ?
  • Діншілдік дегеніміз - ең алдымен адамдардың тобы немесе жеке адамның әлемге деген көзқарасының, психологиясының, тәртібінің өмір сүру салтының белгісі. Ол құбылсытарды оқиғаларды, қарым-қатынастарды сенім тұрғысынан қабылдау және бағалауда көрінеді. Қазіргі кезде адамдарды діншілдігіне байланысты алты типке бөліп қарастыруға болады:
Адамдарды діншілдігіне байланысты алты типке бөліп қарастыруға болады:
  • 1) Діни фанаттар
  • 2) Діни фундаменталистер
  • 3) Діни радикалистер
  • 4) Діни экстремистер
  • 5) Діни террористер
  • 6) Дәстүрлі діни ұстанымдағы діншіл адамдар
Діни фанаттар
  • Діни фанатизм анықтамасы белгілі бір ой-тұжырымға, не іске соқыр сенім негізінде, барынша беріліп, өзінің көзқарасы мен іс-қимылын соңғы шындық, ақиқат ретінде қабылдаумен сипаталады. Діни фанатизм негізі соқыр сенім болғандықтан, ол жеке тұлғаның дұрыс ойлау қабілетіне, қоғамның даму заңдылығына кереғар, қарама-қайшы. Әсіресе, қоғамдық санаға, саясатқа байланысты мәселелерде өте қауіпті, дер кезінде тамырын қимаса әкелетін зардабы да орасан.
Діни фундаменталистер
  • Діни фундаментализм дегеніміз – бұл идеология, дүниетаным. Діни фундаментализм өткенге қайту, оралу деген мағынаны береді. Яғни қандай мәселеде болсын қатаң, өтеуі жоқ саясатты ұстану, бұрынғы орта ғасырдағы діни режим және мәдениеті қалай болды тура солай саяси жүйені орнату болып есептеледі.
  • Осындай бұрынғыны аңсау, пайғамбарлар, сахабалар кезіндегі уағыздардың әсерлеп насихаттау, Орта ғасыр мемлекеттерді кереметқып көрсету радикализмнің туындауына әкеледі.
Діни радикалистер
  • Діни радикализмнің анықтамасы «өкіметтің немесе қоғамның саяси жүйесінің тұрақтылығын радикалды іс-әрекеттермен шаралардың көмегімен жедел уақытта өзгертуге бағытталуын қолдау». Радикализм – идеологияның өзі емес, ол идеологияны таратудың іске асырудың, өзгертудің түрі. Діни радикализм зайырлы, демократиялық мемлекетті теократиялық мемлекетке өзгерту әрекеттрі деп тұжырымдайды.
Діни экстремистер
  • Діни экстремизмге (лат.exnremus –шеткі) шектен тыс көзқарастар мен әрекетерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Экстремизм – бұл қайсы бір проблемаларды шешуге бағытталған ең шеткі діни дүниетанымды жақтаушылық және радикалды іс-әрекеттер. Экстремизм әруақытта әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс.
  • «Діни келіспеушілікті тұтандыруға бағытталған, азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, құқығына, қауіп төндіретін іс-әрекеттерімен көрінетін радикалды сенімдерді тарату» деп анықтама берген.
Діни террористер
  • Діни терроризм - [ лат. terror-қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; Діни терроризм – діннің атын жамылып ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда діни террористер, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады
Қазақстанда экстремисттік, террористтік деп танылған сот органдарымен тыйым салынған діни ағымдар
  • 1.Аль-Каида» 2004 ж.
  • 2.«Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс» 2004 ж.
  • 3.«Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» 2004 ж.
  • 4.«Күрд халық конгресі» 2004 ж.
  • 5.«Асбат аль-Ансар» 2005 ж.
  • 6.«Мұсылман бауырлар» 2005 ж.
  • 7.«Талибан» қозғалысы 2005 ж.
  • 8.«Боз Ғұрт» 2005 ж.
  • 9.«Орталық Азия моджахедтерінің жамағаты» 2005 ж.
  • 10.«Лашкар-и-Тайба» 2005 ж.
  • 11.«Әлеуметтік реформалар Қоғамы» 2005 ж.
  • 12.«Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы» 2006 ж.
  • 13. «АУМ Синрике», 2006 ж.
  • 14.«Түркістан ислам партиясы» 2008 ж.
  • 15.«Халифат солдаттары» 2011 ж.
  • 16. «Хизб ут-Тахрир аль-Ислами» 2005 ж.
  • 17. РҚБ«Сенім.Білім Өмір» 2012 ж.
  • 18.“Таблиғи жамағат” 2013 ж.
  • 19 «Ат-такфир уаль-хиджра» 2014 ж.
  • 20. “Ислам мемлекеті” 2015 ж.
  • 21. «Ан - Нусра фронты» 2015 ж.
  • <number>
Сәләфи (уаххабшылар)
  • Мадхалилер-Раби аль-Мадхали
  • Сурурилер
  • Тәкфир әл-хиджра (джихадистер)
  • Мұсылман бауырлар
  • Хизбудттахрир
Сәләфи (мадхалилер)
  • .
Сәләфилердің белгілері
  • 1) Қайтыс болғандарға құран бағыштамайды
  • 2) Дәстүрді мойындамайды (қырықын, жылдығын, ас беру, беташар, сәләм салу, орнынан тұрып екі қолмен амандасу т.б.)
  • 3) Бетті сипамайды
  • 4) Мәзхабты мойындамайды
  • 5) Дәстүрлі музыкалық аспаптарды, сурет салуды харам деп есептейді.
  • 6) Ата-бабаларымыздың зияраттын шірік деп есептейді
  • 7) Қара паранжаны киюді уәжіп деп санайды т.б.
  • 8)Зайырлы басқару моделіне қарсы.
  • 9) Наурыз, тәуелсіздік күнін, 9-мамыр мейрамдарын мойындамайды.
Мадхалилердің діни уағызшылары
  • САУД АРАБИЯСЫ:
  • ИБН ТАЙМИЙЯ,
  • ИБН КАИИМ,
  • МУХАММАД ИБН АБДУЛЬВАХХАБ,
  • АБДУЛЬАЗИЗ ИБН БАЗ,
  • МУХАММАД ИБН СОЛИХ АЛЬ-УСЕЙМИН,
  • СОЛИХ АЛЬ-ФАУЗАН,
  • НАСРУДДИН АЛЬ-АЛБАНИ,
  • АБДУЛМУХСИН ИБН БАДР АЛЬ-АББАД,
  • РАБИЪ ИБН ХАДИ АЛЬ-МАДХАЛИ (КСА),
  • ЯСИР БУРХАМИ (ЕГИПЕТ),
  • МУКБИЛЬ АЛЬ-УАДИИ (ИЕМЕН),
  • МУХАММЕД АМАН АЛ-ЖАМИ,
  • ФАЛИХ АЛ-ХАРБИ, ФАРИД АЛ-МАЛИКИ,
  • ТАРАХИБ ДАУСАРИ,
  • АБДУЛЛАТИФ БАШАМИЛ,
  • АБДУЛАЗИЗ АЛЬ-АСКАР Т.Б;
  • Қазақ тілінде:
  • 1.Назыратулла Абдул Хадыров ( Назыратулла Абу Марьям) ұлты тәжік, Тәжікстан да туылған,
  • 2.Октам Зауырбеков (ұлты өзбек ОҚО туылған) Октам Абдуррахман,
  • 3.Ділмұрат Махаматов ( Ділмурат әбу Мұхаммад ұлты өзбек, ОҚО туылған) т.б.
  • Орыс тілінде:
  • 1.Наил (ұлты татар),
  • 2. Ринат Зайнулин (ұлты татар) т.б.
Кітаптары:
  • Үш негіз
  • Төрт ереже
  • Китаб ат-Таухид
Сәләфи (уаххабшылар) - сурурилер
  • Сауда Арабиясы:
  • ИБН ТАЙМИЙЯ,
  • ИБН КАИИМ, МУХАММАД ИБН АБДУЛЬВАХХАБ,
  • АБДУЛЬАЗИЗ ИБН БАЗ, МУХАММАД
  • ИБН СОЛИХ АЛЬ-УСЕЙМИН,
  • СОЛИХ АЛЬ-ФАУЗАН,
  • НАСРУДДИН АЛЬ-АЛБАНИ,
  • АБДУЛМУХСИН ИБН БАДР АЛЬ-АББАД,
  • МҰХАММЕД СУРУР ЗӘЙНУЛАБИДИН,
  • САЛМАН АЛЬ-АУДА,
  • АИД АЛЬ-КАРНИ,
  • ЯХЬЯ ИБН ЯХЬЯ Т.Б.;
Орыс тілінде:
  • Орыс тілінде:
  • Э.Кулиев,
  • Надир Абу Халид,
  • Абу Умар Саситлинский т.б..;
  • Қазақ тілінде:
  • Раббани,
  • Дарын Мубаров,
  • Дидар, Ахмад т.б.;
Кітаптары:
  • Үш негіз
  • Төрт ереже
  • Китаб ат-Таухид
  • Тәкфир әл-хижра
  • Тәкфир және һижрат жамағаты деп даңқы шыққан мұсылмандар жамағатының принципы мен ой-пікірлері Мысыр түрмелерінде, әсіресе 1965 жылы жалпы тұтқынға түскен мұсылмандардың ішінен Мысыр президенті Жамал Әбдунәсырдың бұйрығымен Сайд Қутуб пен оның пікірлес бауырлары өлім жазасына тартылғандарынан соң нақты мазмұнға ие болады.
  • Негізін салған - Сейид Кутуб, Шейх Абдулфаттах Исмаил, кіші бауыры Али Исмаил, кейін косылған Шукури Мустафа.
Тәкфир әл-хижраның белгілері
  • Ислам дінінің парыз саналған амалдардың біреуін орындамаған немесе кейбіреулерін орындаған адам кәпір.
  • Бір адамның толыққанды мұслман болғандығы айқын түрде белгілі болғанға дейін күту керек. Оған дейін кәпір.
  • Үлкен күнә жасаған адамды кәпір
  • Бір мұсылман кәпірді кәпір деп үкім шығармаса өзі кәпір болады
  • Имамдар кәпір олардың артында тұрып намаз оқуға болмайды.
  • Мектеп, Университет, Колледж де оқитын жұмыс істейтін адамдардың бәрі кәпір
  • Заңға бағынатын адамдар кәпір
Тәкфиршілердің діни уағызшылары
  • ИБН ТАЙМИЙЯ,
  • ИБН КАИИМ,
  • МУХАММАД ИБН АБДУЛЬВАХХАБ,
  • УСАМА БИН ЛАДЕН,
  • АБУ МУСАБ АС-СУРИЙ,
  • АЙМАН АЗ-ЗАУАХИРИ,
  • АБУ МУНЗИР АШ-ШИНКИТИ,
  • АБУ МУХАММАД АЛЬ-МАҚДИСИ,
  • АБДУЛКАДИР АБДУЛАЗИЗ,
  • АБУ КАТАДА АЛЬ-ФИЛИСТИНИ,
  • МУХАММАД АРИФИ,
  • АБУ БАКР АЛЬ- БАГДАДИ,
  • МУХАММАД ХАССАН Т.Б.;
Орыс тілінде:
  • Орыс тілінде:
  • Саид Бурятский,
  • Доку Умаров,
  • Муса Абу Юсуф аш-Шишани,
  • Али Абу Мухаммад (Имарата Кавказ) т.б..;
  • Қазақ тілінде:
  • Халил Абдужаббаров Біріккен Араб Әмірлігінде т.б.;
Кітаптары:
  • Фатхуль-Маджид. АбдурРахман бин Хасан.
  • «Китаб ат-Таухид», аллязий хуа хакку Аллахи аляль-абид.  
  • «Фатхуль-Маджид» - шарх ъаля «Китаб ат-Таухид», аллязий хуа хакку Аллахи аляль-абид.
  • Мухаммад ибн абдуль-Уаххаб.
  • Принципы Такфира (Согласно учённым ахлю-сунна уаль джама’а)
ХИЗБУТ-ТАХРИР
  • Хизб-ут Тахрир» (Азаттық партиясы) – бейресми діни-саяси партия. Оның толық атауы «Хизб-ут Тахрир әл-ислами» деп аталады. Іргесін қалаған Мысырда дүниеге келген палестиналық шейх Тақиуддин Набхани. Әубаста ол «Әл-Ихуан-ул-муслимин» («Мұсылман бауырластығы») ұйымының Иорданиялық бөлімшесі қатарының белсенді жетекшілерінің бірі болған. Кейінірек белгілі бір діни мәселеде (ақида (сенім) бойынша) ұйым мүшелерімен келісе алмағандықтан ол ұйымнан шығып кетеді. Өзге палестиналық арабтармен бірігіп 1953 жылы «Хизб-ут Тахрир» партиясын құрады. Бұны құрудағы басты мақсаттары – Палестина жерін израильдік басқыншылардан азат ету болған. Бірақ Хизбут-тахрир бүкіл жер бетінде халифат құруды көздейді және террористік ағым болып есептеледі.
ТАБЛИҒШЫЛАР
  • Жалпы «Таблиғи Жамағатты» радикалдық ұйым деп алғаш сипаттаған Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев болатын. Діни фундаментализм мәселесіне қатысты көлемді зерттеуінде Президент: «Діни қауымның белгілі бір бөлігі діни төзімсіздік идеясын ту ететін шет елдегі ислам орталықтары миссионерлерінің ықпалына ілігеді. Мұндай ахуал біздің елдің оңтүстік өңірінен айрықша байқалып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының аумақтарында астыртын ұйым құрған шетелдік «Таблиғи Жамағат» радикалдық ұйымның үгіт-насихат әрекеттері анықталған» – деп жазды.
  • Таяу Шығыс пен Үнді түбегіндегі ықпалды діни ұйымның бірі Таблиғ исламия (исламдық насихат) деп аталады. Қазіргі таңда Қазақстан, Ресей елдерінде заң бойынша тыйым салынған бұл ұйым 1923-жылдан бері белсенділік көрсетіп келеді. Оның негізін қалаған - Мұхаммед Ілияс әуелде қарапайым диқан болатын. Исламдық насихат ұйымының ошақ, орталығы Үндістандағы медресе (марказ) «Низамуддин», Пакистандағы «Райванд» және  Бангладештегі «Кокрайл» медреселері табылады. Ұйымды алғаш құрған Мұхаммед Ілиястан кейін оның басшылығы осы ғұламаның ұрпақтарының қолына өткен болатын. Исламдық насихат ұйымы жыл сайын аталған қалаларда әлемдік құрылтай өткізіп отырады.
Ислам мемлекеті халықаралық террористік діни ұйым
  • Ирак және Шам Ислам Мемлекеті (ИШИМ) - Ирак және Сирия мемлекеттерінің солтүстігінде азаматтық соғыс, лаңкестік әрекеттерін жасайтын халықаралық террористтік, діни экстремисттік ұйым. ИШИМ Иракқа АҚШ әскерлерінің кіруінен, Саддам Хусейннің режимінің құлатуынан кейін және Сирияда "арап көктемі" деп атаған ереуілдерінен, халықтың президент Башар Асадтың режиміне қарсы наразылық білдіру шараларынан бастаған кейін пайда болған құбылыс. ИШИМ Ирак және Сирия ресми үкіметтеріне және мемлекеттік әскерлеріне қарсы соғысып, Сирия және Иракта тұратын жергілікте түрікпендерге, христиан дінін ұстаған армян, ассириялықтарға қарсы қысым көрсетіп тұрады.
  • Ирактағы және Сириядағы дағдарыс, ИШИМ-ның бар болудағы мәселесі және Таяу Шығыс түгелімен, бұл елдің ішкі жағдайы, діни қақтығыстар, экстремизм және терроризм, геосаясатпен тығыз байланысты.
Менен кейін бір-біріңнің бастарыңды алатын кәпірге айналмандар
  • Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Пайғамбарымыз (с.а.с.) қоштасу қажылығында: “Сорларың құрысын! Менен кейін бір-біріңнің бастарыңды алатын кәпірге айналмаңдар”, – деген. (Мұхтасар СахихМуслим)
  • Әбу Заррадан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол Аллаһ елшісінің (с.а.с.): “Ал кімде – кім кәпір емес бір кісіні “кәпір” деп айтса, ол (сөзі) міндетті түрде өзіне қайтады”, - дегенін естіген. (Мұхтасар СахихМуслим)
Террорлық актілердің келтірген шығын өлшемі:
  • Террорлық актілер
  • Зақым көлемі (доллар)
  • Жұмсалған қаржы көлемі (доллар)
  • Шығын мен залал арасалмағы
  • Бүкіл әлемдік сауда орталығындағы жарылыс (1993)
  • 500 000 000
  • мил
  • < 2 000
  • 18 000
  • 250 000 : 1
  • 28 000 : 1
  • Африка елшілігіндегі жарылыс (1998)
  • 161 000 000
  • мил
  • < 50 000
  • 3 200 : 1
  • Әскери кемдегі жарылыс USS Cole (2000)
  • 240 000 000
  • мил
  • 50 000
  • 4 800 : 1
  • Самолетты айдап әкету және жару (11 қыркүйек 2001 жыл)
  • 85 000 000 000
  • милард
  • 400 000
  • 212 500 : 1
  • Балидағы түнгі клубтағы жарылыс (2002)
  • 3 000 000 000
  • милард
  • 35 000
  • 85 714 : 1
  • Мадрид тегі поездағы жарылыс (2004)
  • 269 000 000
  • мил
  • 10 000
  • 26 900 : 1
  • Лондондағы траспорт желісіндегі жарылыс (2005)
  • 2 540 000 000
  • 2 000
  • 1 270 000 : 1
6) Дәстүрлі діни ұстанымдағы діншіл адамдар Дәстүр сөзінің анықтамасы
  • Дәстүр сөзі, салтқа енген, әдетке айналған деген мағынаны береді және дәстүрлі мұра, дәстүрлі кеш, дәстүрлі жиын деп сөйлемдерде қолданылады.
  • Демек, ислам дегеніміз дін, ал діннің өзіндік қағидалары мен заңдылықтары болады, сол қағидалар мен заңдылықтардың қоғамға еніп, әдетке айналып, қолданыс табуын, іс жүзінде жүзеге асуын дәстүр дейміз. Мысалы, сүндетке отырғызу исламның денсаулық дәстүріне жатады т.б.
Ханафи мәзһабын қазақ жеріне келуі
  • Ханафи мәзһабын қазақ жеріне келуін, ислам дінін қабылдаған кезеннен бастап, тәуелсіздік алғанға дейінгі уақыт аралығын үш кезеңге бөліп қарастырамыз: 1) Қазақ хандығына дейінгі кезең; 2) Қазақ хандығы тұсындағы кезең XV ғасырдан бастап XX ғасырға дейінгі кезең; 3) Кеңес өкіметі кезеңі. Осылай анықтау қазақтар дәстүрлі ислам дінін XII ғасырдан бастап ұстанып келе жатқан ел екеніне дәлел келтіре аламыз.
Дәстүрлі емес христиандық ағымдар Жаңа христиандық ағымдар
  • Иегова куәгерлері (иеговашылдар) – XIX ғасырдың соңында құрылған протестантизмдегі жаңа ағымдардың бірі болып саналады. Діни сенімдеріндегі кейбір ерекшеліктері католик, православие және ортодокстік протестантизм жағынан дәстүрлі емес сектанттық және еретиктік қозғалыс болып саналады. 1870 ж. Інжілді зерттеу үйірмесі боп жұмысын бастаған бұл ағым, уақыт өте келе Інжілді зерттеудің халықтық қауымдастығы болып өзгертіледі. 1909 ж. қарай дәстүрлі емес секта халықаралық келбет алып, оның басты орталығы қазіргі таңға дейін орналасқан Бруклин (Нью-Йорк) қаласына ауыстырылады. 1912 ж. слайд және дыбысты кинофильмдер арқасында жердің жаратылуы мен Христос мыңжылдық патшалығының құлдырауына дейінгі кезеңді көрсететін «Жаратылыс фотодрамасы» атты бағытта жұмыс істейді. 1931 ж. қауымдастық аты Исаия кітабындағы 43:10-12 сөз жолдарына негізделіп, Иегова куәгерлері деген атты иемденеді. 1931 ж. Інжілдік тақырыптағы баяндамаларды тарататын 403 радиостанциялар жұмысын істейді 1943 ж. Гаалад мұнарасының Інжілдік мектебі атты миссионерлер даярлайтын арнайы мектеп ашады, бұл мектеп түлектері жыл сайын әлемнің 140 еліне жіберіліп отыратын болып жоспарланды.
ЕВАНГЕЛШІЛ ХРИСТИАНДАР
  • Евангелизация грек тілінен аударғанда «Ізгі хабар» деген мағынаға келеді. Ізгі хабар жалпы адамдарды христиандыққа бағыттайтын қызмет болып саналады. Христиандық ұғымға сәйкес «Евангелизация», «миссионерлік» деген ұғымды береді. Христиандық ғибадатханалар евангелизация ұғымының теориялық қалыптасуын Матфейдің Евангелиясынан алады:
  • «Халықтың бәрін Әке, Бала, Қасиетті Рухтың атынан шоқындырыңдар», «Оларға менің бұйрықтарымды ғана жасатқызыңдар [Мф.28:19-20].
  • Сонымен бірге, Марктің Евангелиясы: «Әлемді шарлап, Евангелиямды барлық жаратылғандарға таратыңдар» - деп жар салады.
  • Евангелизацияны немесе миссионерлікті протестанттық және католиктік ғибадатханалар белсенді түрде жүзеге асырады. 1965 жылы ІІ Ватикан Соборы евангелизацияға байланысты заң шығарды. Онда ғибадатханаларды миссионерлік қызметі қарастырылды. Орта ғасырда еван­гелизация сөзі рухани атаққа ие болса, қазіргі таңда католиктік ғибадатхананы құрайтын «Құдай халқының» -христиандардың миссионерлік іс-әрекетіне ұласты. Католицизмде евангелизацияның объектісі жалпы адамзат болғандықтан ғибадатхана барлық болып жатқан іс-әрекеттерге араласып отырады. Рим папасы Иоанн ІІ өзінің көптеген энцикликаларында қазіргі заманғы евангелизацияның негізгі бағыттарын ұсынады: олар евангелизацияға қарапайым тұрғындарды тарту, ұлттық мәдениеттерді Евангелия идеяларымен толтыру, жастармен жұмысты күшейту және Мариямның культін кең ауқымды тарату болып есептеледі. Соңғы жылдары барлық ғибадатханалар, әсіресе, орыс православие ғибадатхананы евангелизацияны белсенді түрде қолға алуда
Жетінші күн адвентистері
  • Адвентистер – (латын тілінен аударғанда «келу» мағынасына келеді). Бұл діни емес дәстүрден тыс ағымның пайда болуына христиан теологтары юнг-штиллингтің, иософ вольфтың, бенгельдің және сонымен қатар, англиядағы друммонның «пайғамбарлық мектебінің» эсхатологиялық(грек. eschatos – соңғы және logos – ілім, сөз) – дүниенің, адам өмірінің баянсыздығы туралы, ақырзаман мен о дүние туралы діни ілім. ілімдерінің әсер еткендігі айтылуда. Олар өз еңбектерінде христостың жерге келіп, 1000 жылдық патшалығының орнататындығы жәйында болжамдар айтқан. Юнг-шеллинг «победная песнь христианской веры» шығармасында христостың жерге келуі 1936 жылы кавказ тауларында болады деп белгілеген. Осы уақытты неміс діндары бенгель де айтқан. Бұл көзқарастар ақш-та тез арада тарап, адвентист христиандар ғибадатханасы, евангелдік адвентистер, иисус хри­стос ғибадатханасы, 7-ші күн адвентистері сияқты бірнеше діни емес бағыттар пайда болды. 7-ші күн адвентистері ең белгілісі және ықпалы күшті ғибадатхана (АҚШ-та 1844 жылы пайда болған). Діннің негізін салушы баптистік дін насихатшы Ульям Миллер Қасиетті жазбаларға сүйеніп, Иисустың 1843 жылы жерге 2-ші рет келуі және 1000 жыл патшалық құруы туралы пікірлерін таратқан.
МЕТОДИЗМ
  • Методизм (Методистік ғибадатхана) – АҚШ-та, XVIII ғ. Англикандық ғибадатханадан діни жазбаларда жүйелілік пен әдістемелікті қолдануды талап ету арқылы бөлініп шыққан әрі Англияда етек жайған протестанттық ғибадатхана. Методистер діни төзімділікке және мойынсұнушылыққа шақырады. Қозғалыстың негізін қалаушылар Оксфорд университетінде шағын студенттер тобына басшылық көрсеткен Джон Уэсли (1703-1791 жж.) және Чарльз Джон Уэсли (1707-1788 жж.) болатын. Топ жеке тұлғаның діндарлығы және жақындарына қызмет көрсетудің маңыздылығына аса қатты көңіл аударған. Біріншісі, яғни діндарлық дұғаларды оқу мен Інжіл кітабын зерттеуден көрінсе, екіншісі қайырымдылық, түрмедегілерге зияратқа бару, кедейшілікке қарсы күрес секілді әрекеттерден көрінді. Бұл әрекеттердің барлығы белгілі бір тәртіп жолдарымен жүзеге асырылып отырды, сол себепті де олар «ме­тодистер» деп аталды. 1729 ж. біріккен студенттер өздерін «қасиеттілер клубы» деп атаса, ал оларды мазақ қылушылар «Інжілдік құрттар» деп арттарынан мысқылдайтын .
Құдай балалары
  • Христиандық бағыттардың ішінде осы діннің атын жамылған түрлі діни секталар бар. Осындай діни ұйымдардың өз ілімдерінің қайнар көзі ретінде Інжілге сүйенеді және өз ұйымдарының шығу тегін тікелей әулие апостолдармен байланыстырады. Бұл ұйымның басшылары өздерін пайғамбар немесе Масих деп атайды. Бұл сектаның штаб пәтері Цюрих қаласында орналасқан. Бұл ұйымның өмірлік ұстанымы жалпыға арналған сүйіспеншілік. Құдай балалары сектасының ілімінде ақырзаман туралы ілім басты орын алады. Құдай балалары Иисустың мың жылдық патшалығы басталады деп сенеді. Негізін салушы Мозе Дэвид Бракут Берн 1919-1994.
Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос шіркеуі(мормондар)
  • Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос шіркеуі – батыстық культтердің ішіндегі ірі, бай әрі анағұрлым беделділерінің бірі. Бұл сектаны басқаша Мормондар шіркеуі деп те атайды. Бұл атау алғашқы Інжілден тыс берілген жазба “Мормон кітабынан”алынған. 19 ғасыр басындағы Америкадағы діни жағдай көптеген бөлініп шыққан діни бағыттардың дамуына мүмкіндік берді, солардың ішінде жолы болып, кең тараған осы мормондар еді. Мормондар шіркеуі өздерін “қалпына келтірілген”, шынайы христиандық шіркеу ретінде көрсетіп, басқа христиандық деноминацияларды жоққа шығарады.
  • Мормон шіркеуінің негізін салушы – Джозеф Смит.
Жаңа апостолдық шіркеу
  • Жаңа апостолдық шіркеуінің тарихы 19 ғасырдың 30-шы жылдарында Англияда пайда болған “католиктік-апостолдық” деп аталған Римдік католиктік шіркеу ішіндегі қозғалыстардан бастау алады. Бұл қозғалыстардың негізін салушылар Құдайдан “аян” алып, көздерінің тірісінде-ақ қияметтің болатынын айтады-мыс. Олар қиямет-қайымнан аман қалып, “Христоспен бірге патшалық құру үшін таза апостолдық сенім мен христиандық өмір салтын бұрмалаған және бұл “көне апостол шіркеуінің мұраттарына сәйкес келмейтін” қазіргі заманғы дәстүрлерден бас тату керек деп уағыздады. Шіркеу негізін қалаушылар “Аян алуға” сай қауымның жетекшілері ретінде он екі апостолды таңдап, соның біреуін басшылыққа сайлайды.
  • Жаңа апостолдық шіркеу 1867 жылы толық қалыптасып болды. Қазір 180 елге тараған, ал Германияда ізбасарлары саны жағынан бұл шіркеу Лютеран мен Рим-католиктік шіркеуінен кейін үшінші орында.
Соңғы Өсиет шіркуі
  • Соңғы Өсиет шіркеуі – Христостық сенушілерге жататын синкреттік секта. 1990 жылы Красноярск өлкесінің Минусинск қаласында бұрынғы милиционер Сергей Анатольевич Топоровтың өзін “тірі Христоспын” деп жариялағанынан кейін қалады. Көбінесе Виссарион деген атымен әйгілі ол өзін жоғары рухани тұлға деп жариялаған. Шіркеуді даусыз Виссарионның өзі және оның апостолдары басқарады. Орыс Православ шіркеуіне қатынастары өте кереғар. Шіркеу ай сайынғы “Земля Обетаванная” деген журналдарын жарыққа шығарып отырады.
Біріккен шіркеу
  • Халықаралық Біріккен Шіркеу – жалған христиандық синкреттік секта, протестанттық конфессиялардың бірі. Оны 1954 жылдың 1 мамырында Сеулде Сан Мен Мун құрған. Оңтүстік Кореяда құрылған бұл қозғалыс Кореяда “Тонг-1”, батыста “Бірікен шіркеу”, “Ұлы Рух Бірлігі”, “Біріккен үй”, “Мун Ұйымы” Әлемдік христиандық Бірігуіне Қасиетті Рух ассоциациясы, Принциптерді зерттейтін ЖОО-дық ассоцияция деген әр түрлі атаулармен белгілі. Елдің арасында оларды мунистер, муниттер деп те атайды. Муниттер ұйымы – христиандық терминдерді пайдаланушы оккульттік(жасырын, құпия)-синкреттік (біріктірілген, топтастырылған), шаманистік, спиристтік (рухтарға сенім), кофессиандық секта. “Біріккен шіркеу” қатал орталықтандырылған сенушілердің өмірлерінің әр саласын қатал қадағалаушы және сөзсіз шіркеу басшысына бағынуынан тұратын тоталитарлы конфессияларға жатады.
Христиан ғылымы (Христиандық ғылым шіркеуі, Ғалым-Христос шіркеуі)
  • Христиан ғылымын 1879 жылы 23 сәуірде Мэри Бэкер Эдди (Мэри Энн Морис Бэккер) негізін қалаған. Ұйымның орталығы Массачусетс штатында орналасқан Бірнінші және басты шіркеу болып табылады. Шіркеуді “Ана-Шіркеу қағидаларына” сай Христиан Ғылымы Директорларының кеңесі жүзеге асырады. Басқа шіркеулердің барлығы – әлемнің 70 еліндегі 2400 тармақ-Ана-Шіркеудің тармақтары болып есептеледі. Христиан Ғылымындағы уағздаушылар қызыметін Бостондағы Інжілдік сабақтар комитеті тағайындаған Інжілден үзінділер оқитын және оған “Ғылым және денсаулық” кітабынан түсіндірмелер беретін мәнерлеп оқушылар атқарады. Шіркеудегі мәнерлеп оқушылардың басым көпшілігі әйелдер болып табылады.
Белое Братство (Ақ ағайындық)
  • Өткен ғасырдың 80-жылдарының соңында Украина мен Ресейде және Кеңестік социалистік республикалар одағының басқа да республикалрында пайда болып, таралған жалған христиандық эклектикалық (таңдалған идеялар) ілім. Негізін – қалаушы Марина Цвигур және Юрий Кривоногов. “Белое Братство”(немесе кейде “Великое Белое Братство” деп те аталады) деструктивтік (бүлдіргіш) культ (дін,ғибадат) болып табылады. Оның негізін салушылардың ізбасарларын “юсмалиандар” деп атайды.
Қорытынды
  • Дәстүрлі діндер өздернің қасиетті жазба кітаптарында ешқандай экстремистік идеяларды қамтымайды. Керсінше адамдарды татулыққа, адам сүйгіштік пен кешірімді болуға шақырады. Ал дәстүрлі емес діни ағымдарда фанаттық экстремистік идеялар басым болып келді. Сондықтан біз рухани аш жастарға дәстүрлі діндерді дұрыс насихаттасақ сонда экстремизм мен терроризмнің алдын аламыз деп сенімді түрде айта аламыз. Қазақстанда дәстүрлі дінге Ислам дініндегі ханафи мазһабы және христиан дініндегі православие бағыты жатады.