Классный час "Алтын қақпа" 1 класс


«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны
Сабақтың тақырыбы: «Алтын қақпа» зияткерлік ойыны
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін толықтыру, қазақтың салт-
дәстүрлерін, ел тарихын қаншалықты білетіндіктерін тексеру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту,
шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын,
мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, алтын, күміс, тас қақпалар,
сұрақтар, алтын сандықша.
Ойынның барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Тренинг «Шаңырақ».
Сәлеметсіздер ме, мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане,
бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрайық. Осы дөңгелек
шеңберді біз шаттық, жылулық шеңбері дейміз. Себебі шеңберге тұрудың
үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз - көктегі жылу беретін күн сияқты
дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен
жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді
жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз.
Шаңырақ құру.
Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық.
Тәрбиешінің кіріспе сөзі:
- Бүгінгі «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойынына қатысушы оқушылар! Біз
бүгін «Қазақстан – жасампаздық, бейбітшілік, достық мекені» апталығы
аясында сайыс өткізбекпіз.
ІІ. Ойынның шарты:
- Енді сіздерді ойынның шартымен таныстыра кетейін. Балалар, біздің
мақсатымыз ел тарихын қаншалықты білетіндігімізді тексеру. Ал бұл
ойынның мақсаты – Отанымыздың жүрегі, бас қаласы – Астанадай алыс
жердегі «Алтын қақпаға» жету. Ондағы алтын сандықта «Білім» деген қазына
бар. Сол «Білім» қазынасын алу үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз. Ойын
үш кезеңнен тұрады. І кезең «Тас қақпа», ІІ кезең «Күміс қақпа», ІІІ кезең -
шешуші кезең- «Алтын қақпа» деп аталады. Сұрақтар салмағы әр кезеңінің
атауына байланысты болады. Мысалы, «Темір қақпада» сұрақтар сәл
жеңілдеу болса, «Күміс қақпада» сұрақтар алдыңғы кезеңге қарағанда
күрделене, қиындай түседі. «Алтын қақпаның» сұрақтары болса, алдыңғы екі
қақпаның да сұрақтарынан салмақты, алтындай бағалы болады. Берілген
тапсырма, сұрақтарға дұрыс жауап берілген жағдайда қақпа ашылады. Үш
қақпа ашылған соң «алтын сандықты» ашу үшін барлық кезеңде жақсы
жауап берген топ алтын сандықтың сұрақтарына жауап береді. Алтын
сандықтың сұрағына жауап берген топ жеңіске жетеді.
- Ойынның шарты түсінікті ме? Түсінікті