Конспект урока "Қазақстан ұлан байтақ кең далам" 7 класс

Тақырыбы: «Қазақстан ұлан байтақ кең далам»
Сахнаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші: Менің елім –Қазақстан ,жүрегім,
Тек өзіңсің, Отан Ана , тірегім.
Аман болсын елім, жерім, ұрпақтар,
Тәңірден осы менің тілерім.- дей келе
Құрметті қонақтар, ауыл тұрғындары сіздерді Ұлы Отан соғысындағы
Жеңістің 70 жылдығына арналған «Қайран ерлер ,қаһарман ардагерлер »
шығармашылығының «Қазақстан ұлан байтақ кең далам» атты фестивалға
қош келдіңіздер!
2- жүргізуші: Менің елім- Қазақстан, Отаным,
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел,
Арта берсін абыройын, атағың.
1- Жүргізуші: Жаса елім, жаса достық, бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен.
Елім менің- Қазақстан, Отаным,
Алға өрле үшінші мың жылдықпен.
«Келіншек» күйі орындайтын ансамбль.
2- Жүргізуші: Сен неткен, Отан Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін
Жайнай бер , ұлы Отан қазақ елім!
сөзіне жазылған ән «Ақ баян» орындайтын
Естайлақова Алтынай.
сөзіне жазылған термесі «Сүгір»
орындайтын Мұқашова Аида.
1- Жүргізуші: Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті ,
Тәуелсіз Қазақстан елім менің!
күйі «Аманкелді дүбірі» орындайтын Өтегенова
Нұрсұлу.
«Папури» орындайтын Әжелер тобы.
2- Жүргізуші: Оянады көңілден асқақ арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алдан.
Президентім бар менің , елі түгел
Ақ кигізге көтеріп сайлап алған.
Халық әні «Мұқида шайбан» орындайтын
Талғат.
Көркем сөз. Хамитбек Мұсабаев « » орындайтын
Мұханбетқалиева Аяулым.
«Көңілді вальс» орындайтын бишілер тобы.
күйі «Саранжап» орындайтын Мұқашова Аида.
Халық әні « » орындайтын Зәпен.
Халық әні «Әдемі қыз» орындайтын Өтегенова Нұрсұлу.
1- Жүргізуші: Қазақ бүгін тәуелсіз ел, біл мұны,
Ақиқатқа айналғандай шындығы.
Әрбір түні ақ тілеумен жабылып,
Атар таңға айқара ашық түндігі.
Хор «Соғыстан қайтқан солдаттар»
2- Жүргізуші: Қазақстан -қасиетті гүл бағым,
Бақытымды , шаттығымды жырладым
Тәуелсіздік таңы болсын баянды,
Саған ғана кеудемдегі нұр жалын.
1- Жүргізуші: Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім,
Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін
Ардагерлер- естелігі соғыстың.
Құрметті ардагерлер , қонақтар сіздерге арналған «Қазақстан ұлан байтақ
кең далам » атты фестивалымызды а яқтаймыз , келесі кездескенше сау
болыңыздар !