Конспект урока "Жыраулар поэзиясы. Күлтегін"


Сабақтың тақырыбы: Жыраулар поэзиясы. Күлтегін.
Сабақ мақсаты:
1.Білімділік: Күлтегін жырының идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін меңгерту.
2.Дамытушылық: әңгімелесу,салыстыру,жалпылау әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың
ойлау қабілеттерін,тілін дамыту.
3.Тәрбиелік: қазақ ежелгі дәуір әдебиетінің шығармаларын білу, мақтан ету,оқушылар
арасындаға адамгершілік, сыйластық тәрбиелеу .
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдістері: әңгімелесу,сұрақ-жауап,мәтінмен,көрнекілікпен жұмыс
Оқыту формалары: жеке,топпен,өздік,тірек сызбалар жасау, т.б.
Сабақтың құрал-жабдықтары: компьютер,теледидар,бейнематериалдар,кітап көрмесі.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, сурет,орыс әдебиеті.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,сынып кезекшілерімен тіл дамыту жұмысы, сабақтың
тақырыбы мен мақсатын айту.
2.Үй жұмысын тексеру: «Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы» атты реферат тындау.
3. Жаңа сабақ:
1. Мұғалімнің сөзі:
- Орхон-Енисей ескерткіштері Монғолиядағы Орхон және Енисей өзендері жағасынан
табылдықтан солай аталған. Орхон-Енисей ескерткіштерін алғаш тапқандар: швед
офицері Иоганн Страленберг және орыс ғалымы Н.М.Ядринцев. Олар тастарға ойып көне
түркі тілінде жазылған.1893 жылы Дания ғалымы Вильгелм Томсен Орхон-Енисей
өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды кілтін ашқандығын
хабарлады. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі», «түрік» деген сөздер екен. Ал
орыс ғалымы В.Радлов мәтінді орыс тіліне тәржімалаған. Онда VІ-VІІІ ғасырлардағы
алып держава Түрік қағанатының құрылуы, оның Күлтегін сияқты даңқты
қағандарының ерлігі жайында баяндайды. Күлтегін ескерткішінің көшермесі 2001жылы
Астана қаласына әкелінген.
I.Ой қозғау – побуждение
Сынып оқушылары «Күлтегін» түсініп оқып шығады.
1 топ –мәтінді оқып,мазмұнын айтуға дайындалады
2 топ – мәтін бойынша 1-3 сұрақтармен жұмыс істейді, өз пікірлерін айтады.
II. Жаңа тақырыптың мағнасын ашу – осмысление
Сұрақтармен жұмыс:
1. «Түрік халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым» деген сөздердің патриоттық
мәнін айтыңдар. – 1 топ оқушылары.
2. Татулық, достық туралы қалай көрсетеді. – 2 топ оқушылары.
III. Балалрдың ой-пікірлерін білу, анықтау рефлексия.
1. «Инсерт» стратегисы бойынша сабақта алған білімдерің көрсету.
бұрыннан білемін
бүгін сабақта білдім
білгім келеді
Үйге тапсырма: «Күлтегін» мәнерлеп оқу, 6 бет 7 сұрақ