Конспект урока "Қабырға беттерін пенапласт материалдарымен қаптау жұмыстары" 9 класс

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
Жалпақтал аграрлық және салалық
технологиялар колледжі
Бекітемін:_______________
Аға өндірістік оқыту шебері
А.А.Дүйсенбаев
Тақырыбы: «Қабырға беттерін пенапласт
материалдарымен қаптау
жұмыстары»
Мамандығы: «Үйлермен ғимараттарды салу
және пайдалану»
Өткізген:
Өндірістік оқыту шебері
Уразаев Д.М.
« Құрылыс технологиялар » циклдік комиссия отырысының
№ ___ хаттамасымен мақұлданған: «____» қаңтар 2013-2014 оқу жылы
Циклдік комиссияның жетекшісі: ___________ А.Г.Утебалиева
Әдіскер: ____________ Б.Қ. Ибрашев
Сабақ жоспары: № Бекітемін ___________
Аға оқыту өндіріс шебері:
А.А.Дүйсенбаев
Өткізілген күні:______________
Топ_______ Курс______
Мамандығы: «Үйлермен ғимараттарды салу және пайдалану»
Сабақтың тақырыбы: Қабырға беттерін пенапласт материалдарымен
қаптау жұмыстары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға пенапласт материалдарын түсіндіре
отырып, олардан жасалатын бұйымдарды таныстырып, пенапласт
материалдарын құрылыс жұмысына тиімді және тиімсіз жақтарын
ұғындыру мен пайдалану әдістерін үйрету.
Білімділік: Оқушыларды пенапласт материалдарымен жұмыс жасата
отырып алған теориялық білімдерін шыңдау
Дамытушылық: Оқушылардың жұмысқа деген ынтасын дамыту
Тәрбиелілік: Еңбек қорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу арқылы құрылыс
құралдарын өз ережесіне пайдалануға үйретуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Пенапласт материалы, клей, қалақша, миксер, дрель,
зонтик, серпиянка, шпатель т.б.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- сәлемдесу
- оқушылардың түгендеу
- сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау:
Сабақтың тақырыбымен мақсатын таныстыру: Жұмыс басталмас бұрын
оқушылардың жұмысқа даярлығын қарап қауіпсіздік ережесін түсіндіріп,
қауіпсіздік тіркеу журналына қолдарын қойдыру. Оқушыларды звеноға бөліп
жұмыс бағытын түсіндіріп өту. Әрбір звеноның жұмыстарын алмастыру.
Қолданатын құрылыс құралдарын тексеру жұмыстарын жүргізу.
Технологиялық нұсқама картамен жұмыстануға бейімдеу.
Қазіргі уақытта өнеркәсіп саласында құрылыс материалдарының түрлері
көбейіп келеді. Әсіресе, көп қабатты тұрғын үйлер, өзгеде ғимараттар көптеп
бой көтеруде. Ал оларға қажетті құрылыс материалының бірі – пенапласт
материалы (жеңіл панель).
Олардың бірі-пенополистирол. (пенопласт).
Пенопласт-ақ түстес 98% ауадан және көбіктенген полистиролдан құралатын
оқшаулағыш материал. Құрылыста пайдалану саласы: тұрғын және өнеркәсіп
ғимараттардың құрылыстық конструкциясынын орта қабатында жылу және
дыбыс оқшаулағыш ретінде қолданады. Әлемде пенопласт 40 жылдың үстінде
жылуоқшаулағыш материал ретінде алдыңғы орын алып келеді.
Европа, Америка, Азия елдерінде пенополистролды стиропор
(синтетикалық смола) деп атайды.
Пенополистиролды (пенопласт) синтетикалық смоланы газтүзілуі әсерінен
ысытып кебу арқылы алынады. Соның нәтижесінде 5 – 15 мм өлшемді гранула
пайда болады. Сол грануланы қайтадан өңдеп ұстастырғышты қолданбай
бұйымдар шығарады (тақта ,блоктар.және т.б.)
Машықтық бөлімі:
Ерітінді дайындау жұмысы:
Алдымен арнайы ерітінді езетін ыдысқа керек мөлшерде су құйып аламыз.
Клейді (құрғақ қоспа) ыдысқа саламыз құрғақ қоспа ұшып көзге түсуден
сақтанамыз. Қоспаларды араластыру үшін арнайы ерітінді араластырғыш
миксерді пайдаланамыз. Қолданар алдында миксердің бос жүрісін тексеріп
аламыз. Миксердің басын төмен қаратып ұстап тұрып қосу. Қосар алдында ток
көзін тексеру. Тексеріп болғансоң іске қосқыш қондырғысын басып іске
қосамыз 3-5 мин араластырып ерітіндінің сұйық болып кетпеуін қадағалаймыз.
Жұмыстың негізгі бөлімі: Қабырға беттерін пенапласт материалдарымен
қаптау
Пенаплас материалдарының көлеміне қарай екі түрі бар: 3 мм жұқалау, 5 мм
қалыңдау.
Пенаплас материалдарын қаптау жұмыстарна, әртүрлі әшекей жасауға,
бөлмелердің ішкі, сыртқы қабаттарын қаптауға.
Мысалға алатын болсақ, қазіргі уақыттағы саман немесе силикат үйдің
қаптау жұмыстарын алайық:
Алдымен үйдің қабырғасына сылау жұмыстарын жүргіземіз, тегістігін
қадағалаймыз. Үйдің өлшемін алып, сол өлшемге сай материалдарды
жинақтап түгелдеп аламыз. Пенапласт материалының ұзындығы 2 метр, ені
1 метр. Пенапластқа дайындалған клейді қалақша құралын пайдалану
арқылы пенапластқа жағамыз. Сондан кейін пенапластты қабырғаға
жапсырамыз осы әдіспен пенапласт материалдарын қабырғаға жапсырып
жұмысты аяғына дейін жүргіземіз.Пенапластты толығымен жапсырып
болған соң зонтикпен пенапалстты қабырғаға шегелеу жұмыстарын
жүргіземіз.
Зонтикті орнату жұмысы:
Зонтик дегеніміз – пенапластқа арналған жұмсақ, майысқыш материалдан
(пластмасса) жасалған арайы құрылғы.
Зонтикті орнату алдымен дрель немесе препаратор құрылғысын тексеріп,
дрельдің немесе препаратор басына зонтиктің көлеміне сай келетін сверлоны
немесе бурды орнатамыз, алдымен бос жүрісін тексереміз.Дрельді немесе
препараторды пайдалану арқылы қабырғаға жапсырылған пенапласт
материалының әр шетінен, ортасынан, екі пенапласттың біріккен жерінен
зонтикке арнап арнайы тесіктер тесеміз. Препаратордың басына бурды
бекітеміз. Бурдың әртүрлі көлемі болады ұз-8, ені-6 (6*8) Бурды қолданып
жатқанда суға салуға болмайды себебі бурдың қаттылық қасиеттері жойылады.
Әр дайындалған орынға балғаны пайдаланып зонтикті орнатып, кергіш
құралын пайдалану арқылы зонтикті тығыздап орнатамыз.
Зонтикті орнату жұмысы аяқталғаннан кейін, пенапласт материалының үстіне
шпатель құралымен дайындалған клейді жағамыз тегістеп. Клей кеуіп
қалмастан бұрын, клейдің үстіне серпиянканы (сетка) жапсырамыз шпатель
құралы арқылы. Пенапласттың үстіне серпиянка (өте жұқа тор көзді )
материалын ұстату.
Серпиянканың екі түрі бар: сыртқы және ішкі. Серпиянканы ұстату үшін
керамикалық тақтайшаға арналған клейді пайдаланамыз. Серпиянканың
қызыметі: пенапласт бетіне ерітіндіні ұстап тұру, пенапластарды бір-бірмен
байланыстыру.
Клейді пенапласт бетіне жұқалап жағамыз, серпиянканы ұстатамыз. Сосын
қайтадан серпиянканың үстіне клейді жұқалап жағамыз. Қабырғаның
бұрыштарын, қабырғаны әшекейлеу:
Серпиянканың үстіне яғни қапталған қабырғаның шеттеріне, бұрыштарына
немесе ортасына қалған пенапласт материалынан әртүрлі фигуралар жасап
қабырға бетін әшекейлеп жапсыруға болады. Осы жұмыстар толығымен
аяқталғаннан кейін, серпиянканың үстінен екінші қайталай шпатель құралымен
клейді пайдаланып серпиянканы жабамыз. Осы жұмыстар толығымен
аяқталғаннан кейін пенапласт материалымен қапталған қабырға бетіне финиш,
глад (екі түрі бар: сыртқы және ішкі) колермен бояу жұмыстары немесе сәнді
сылақ жұмыстарын жүргіземіз. Клей, глад, финиш, сәнді сылақ жұмыстарына
шпатель (түрлерін) құралын пайдаланамыз. Финиш, глад, сәнді сылақ
жұмыстарынан кейін түрлі бояу жұмыстарын жүргіземіз коллерді пайдалану
арқылы. Сәнді сылақтар:
« Короед » (қабық құрты штукатурка декоративная «Короед»),
« Камешковая » ( ұсақ тасты - штукатурка декоративная « Камешковая » )
сәнді сылақтары
ІІІ. Ағымдағы нұсқау.
Оқушыларды жұмыс кезінде қадағалау. Жіберіп жатырған қателерін тексертіп
болдырмау. Әрбір звеноның жұмысын алмастырмалы түрде қадағалау.
Жұмыстың сапалы, әдемі атқарлуына мән беру. Арасында сұрақ-жауап арқылы
пысықтап тұру. Қалып қойған оқушыларға жеке көмек көрсету, түсіндіру және
оларға қайталауға мүмкіндік жасау.
ІV. Қорытынды
Пенапласт материалдарын қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына көптеп
қолдануда. Пенапластармен жұмыс жасау жеңіл, әрі тез жұмыстың
аяқталуына тиімді. Ғимараттардың ішкі жылуын сыртқа, сыртқы
салқындығын ішке өткізбейді. Қазіргі уақытта 3-4 жыл бұрын салын
ғимараттардың пенапласт материалдары кеміргіш жәндіктердің жемтігіне
айналуда. Пенапластардың қабырға іргелерін тесіп үгіп зиян келтіруде.
Себебі пенапластпен қабырғаның арасы жылы болғандықтан ауа райының
салқын уақытында кеміргіштер сонда тығылып мекендейді. Қалалық
жерлерде құрылыс жұмыстарының 50 пайызы пенапласт материалын
пайдалануда
Ғимараттардың қабырғасы олар сыртқы қоршаған ортадан оқшаландыру
және ішінде қажетті температуралық және ылғалдылық режимдерді
қаматамасыз ету қызметтерін атқарады. Сонымен қатар, қабырғалар
ғимараттың саулеттік
Өнеркәсіптік ғимараттардың қабырғалары келесі талаптарға сай болуы қажет:3
Беріктілік және тұрақтылық;
Ұзақмерзімділік талабы немесе ішкі және сыртқы қоршаған ортаның
әсеріне төзімді болуы қажет,
Отқа төзімділік талабы;
Ғимараттың ішінде қажетті темеператураны және ылғалдылықты
қаматамасыз ету талабы;
Индустриялық талабы;
Саулеттік және көркемділік талабы;
Экономикалық талабы немесе өнеркәсіптік қабырғалар барынша, жеңіл,
арзан және тиімді болуы қажет.
Индустриалды қабырғалардың түрлері келесі кестеде көрсе
Жұысты баснан бастап тексере отырып оқушылардың алған білімдерін байқау
Жапсырылған пенапласт материалының сапасын тексеру
Орындарын жыйнау, құралдармен материалдардың сапасына мән беру.
Жұмыс киімдерін ауыстыру. Жұмыс орындарын жинақтау, құралдарды тазалау.
V. Бағалау: Дайын жұмыстарды қабылдау олардың сапасына қарап баға беру.
VІ. Үй тапсырмасын беру: Тақырып бойынша қайталап келу
Қауіпсіздік ережесі
- Оқушыларды жұмысқа ынғайлы киімдермен қамтамас ету
- Құрал – саймандармен таныстыру
- Токпен қамтылатын құралдарды жұмыс алдында тексеру
- Жұмысты аяқтағаннан кейін ток көзінен ажырату
- Ашық жалғанған жерлерінің болмауын тексеру
- Құралдардың саптары жарық, сынық болмау керек
- Құралдардың тұтұқалары бос болып қолды қажамау керек
-Мексирді, дрельді өз ережесіне пайдалануды қадағалау
- Жұмыс орны арнайы белгілер қойылып немесе қоршалу керек
- Токпен ажарақат алған адамды алдымен ток көзінен ажырату керек
- Құрғақ қоспалардың көзге, тыныс алу мүшелеріне зақым келтірмеуін
қадағалау
- Жұмыс бөлмесе желдетіліп ауасы тазартылып тұру керек
- Жұмыс аяқталғаннан кейін құралдарды жинап тазалап орындарына
салу