Конспект урока "Барысы" 8 класс

Күні: 5.05.16
Сыныбы:
Тақырыбы: «Ерлік жыры – елдіктің ескерткіші» атты көркемөнерпаздар байқауы
Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу. Отансүйгіштікке баулу.
Барысы
Сахнаға 2 жүргізуші шығады.
Жүргізуші: ер бала
Армысың ,елім!
Армысың,нұрым мәңгілік!
Әрқашанда сендік алаулап,лаулап жанды үміт!
Шарықтап көңіл,батыстан жеткен сазды әуен,
Жайық елі, сенің төріңде тұрсын жаңғырып!
Жүргізуші: қыз бала
Қайырлы күн қадірменді өнер сүйер қауым! «Қазақ хандығының 550 жылдығы» мен «Ұлы Жеңістің
70 жылдығына» арналған «Ерлік жыры – елдіктің ескерткіші» атты Индер аудандық білім бөлімінің
оқушылар шығармашылық орталығының көркемөнерпаздар байқауына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: ер бала
Бүгінгі көркемөнерпаздар байқауының әділқазылар алқасының құрамымен таныстырып өтсек:
1. _____________________________________________________________________________________
2. _____________________________________________________________________________________
3. _____________________________________________________________________________________
Жүргізуші: қыз бала
Қазақстан –көк байрақты нұрлы елім,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым,бақытым
Өзің менің тынысым да тірегім.
Ел құрадық шаттық,құйып көңілге,
Жарқырайды Елтаңбаң да төріңде.
Ірге тасың жатыр берік қаланып,
Бетті бұрдың алға-жарқын өмірге.
Тұманбай .Молдағалиев «Жасаңдар, ағалар»
Сүйемелдеуші: Табылдиев Айдар
Жетекшісі: Кәрімов Ерболат
Жүргізуші: Ұл бала:
Сөзі: Нұртай.Қашағанов
Әні: Олжас .Әбжаппаров «Ардагерлер маршы»
жүргізуші: қыз бала
Мен қазақпын, мен қазақпын, қазақпын деп айтам ән,
Халқым үшін қан-додаға кірмей қалай жай табам?!
Менің қаным тебіренсе тентек Каспий секілді,
Қинайтұғын, ұйымайтұғын, арнасына симайтұғын қайтадан.-деп жырлаған бар ақынымыз
жүргізуші:қыз бала
Нәр алып сенің мөлдір тұнығыңнан,
Ұрпақпыз тарихыңнан сыр ұғынған.
Биікке қолын созған асқақ елім,
Ешқашан түспе осындай тұғырыңнан!
Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз,
Көбейе берсін ырыс-құт!
Көрініс. М.Мағауиннің әңгімесінен үзінді. «Бір атаның балалары»
Жүргізуші: ер бала
Қыздар ансамблі «Майдангерлер »
Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық
тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп
атап өткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен
Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын.Тарих
ғасырлар куәсі.Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы, тұтастану тарихы.Қазақ елі тек бірігу,бірлесу
жолында келе жатқан халық.
Жүргізуші:ер бала:
Соғыс әндеріне қойылған би.
Жүргізуші: Қыз бала
Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың
арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік
мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел»
идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі.
Елбасының «Мәңгілік Қазақстан» жобасы мақсатқа жеткізер ұлы бастама.
Алдағы қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны
құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды.Олай болса Елбасы салған сара
жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!
Жүргізуші:
Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 70-ші
көктемі де келіп жетті. Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа
арналған. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ерлік жыры
елдіктің ескерткіші» атты көркемөнерпаздар байқауы аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға
рахмет.Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман - сау болыңыздар!