Тест "Балаби мен Сырым" 6 класс
№2. Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмысы. 3 тоқсан
Балаби мен Сырым
Сырым бiр жылы орта жүзге барғанда сол елдiң Балаби деген биiне кез
келедi. Сырым мен Балаби екеуi көп әңгiмелеседi. Балаби Сырымға бiрнеше
сұраулар қояды, Сырым жауап бередi.
– Сiз ағайынды нешеу едiңiз? – дейдi Балаби.
– Мен ағайынды екеумiн, – дейдi Сырым.
– Сiздi Даттан ағайынды он бiр деп естушi едiк.
– Сiз түсiнбедiңiз, мен Даттан он бiр екенiм рас, бiрақ та олардың маған
қанша керегi бар? Менiң ағайынды екеумiн дегенiм – бiреуi өзiм, екiншiсi –
халқым.
– Сөз анасы не,
Су анасы не,
Жол анасы не? – дейдi Балаби.
– Сөз анасы – құлақ,
Су анасы – бұлақ,
Жол анасы – тұяқ, – деп жауап бередi Cырым.
–Өтiрiк пен шынның арасы қанша жер, неше шақырым болар? –
дейдi Балаби.
– Өтiрiк пен шынның арасы төрт елi. Көз бен көргеннiң арасы,
құлақ пен естiгеннiң арасы неше шақырым деп менi алдамаңыз, –
дейдi Сырым.
– Ақылды қандай адамға айту керек?
– Ақылды ұққанға айту керек.
– Ат не үшiн шабады?
Ер не үшiн шабады?
– Ат шабысына қарай шабады,
Ер намысына қарай шабады.
– Бұл дүниеде не тәттi? – дейдi Балаби.
– Аста тұз тәттi,
Адамда дос тәттi, – дейдi Cырым.
Тапсырмалар
1. Мәтінге жоспар құр.
2. 8 сұраулы сөйлем құрастыр
3. «Бұлақ» сөзін тәуелдеу
4. «Мен бұлақтың көзін ашамын» сөйлемін жіктеу
5. Мәтіннен мақал мәтелдерді теріп жаз.
6. «Ақылдылық»-сөзіне фонетикалық талдау жаса.
7. Эссе жазу: «Ақылды бала арлы бала,ақылсыз бала арсыз бала»
8. Наурыз мейрамы туралы диалог.
№3 қазақ тілі пәнінен бақылау жұмысы.3тоқсан
Ел жақсылары мен ауыл ақсақалы
Ерте кезде Қаз дауысты Қазыбек, Жәнiбек пен батыр Әлiбек ел аралап
келе жатқанда жол бойында бiр қария жолығады.
Қария сәлем берiп, Жәнiбек мынадай сауал қояды:
– Уа, ақсақал, ауыл берекесi қайтсе кетедi? Aқcaқaл cәл ойланып,былай
дейдi:
– Ауыл aқcaқaлы шала болса,
Жiгiттерi алты ауызды ала болса,
– Ә, десе, мә дейтiн
Жасы үлкенiне жасы кiшiсi сен десе,
Сол ауылдың берекесi кетедi.
Cонда Қаз дауысты Қазыбек тұрып:
–Уа, қария, ал үй берекесi қайтсе кетедi? – дейдi
–Әйелiң қабағын түйiп керiлсе,
Шай құйып беруге ерiнсе,
Ұлың ұрысқа сай болса,
Қызың cумақай болса,
Сол үйдiң берекесi түгел кетедi, – деген екен қария саспастан.
Әлiбек батыр мынадай сұрақ қояды: – Иә, aқcaқaл, не жақсы?
Ақcaқaл мүдiрмей жауап берiптi.
– Aтың жақсы болса,
Тiршiлiкте мiнген пырағың.
Балаң жақсы болса,
Жанып тұрған шырағың.
Әйелiң жақcы болса,
Досың жаныңа жиналып,
Рахаттанар қонағың.
– Aл не жаман?
– Атың шабан болса,
Тiршiлiкте көрген азабың.
Балаң жаман болса,
Ғұмырлық көрген ғазабың.
Әйелiң жаман болса,
Досың сенен безiнiп,
Үйiңнен кетер қонағың, – дептi.
Aқcaқaлдың тапқырлығына риза болған би-батырлар ауылдарына ертiп
барып, қарияны қонақ етiп сыйлап, тон кигiзiп, ат мiнгiзiп жiберiптi.
Мына сөздерді есте сақтаңыздар:
қария – көп жасаған адам
шала – білімі шамалы, сауаты кем
сумақай – сұғанақ, жылмақай, жылпос
пырақ – қанатты тұлпар, арғымақ
шырақ – болашағы зор, ақылды
шабан – жүрісі баяу, жайбасар
азап – бейнет, мехнат, қиыншылық
тапқырлық – тапқыштық, зеректік
Сұрақ-тапсырмалар
1. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.
2. Қаз дауысты Қазыбек, Жәнібек батыр, Әлібек батырлар туралы не
білесіз? Олар кім болған?
3. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді тауып, көшіріп жазыңдар
4. Жоғарыда көрсетілген сөздерді орыс тіліне аударыңыздар
5. Төмендегі мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер.
Шешендік туралы:
1) Сөздің көркі – мақал,
Жүздің көркі – сақал;
2) Шешендік күші – шындық;
3) Сөзшенді үндемеген жеңеді;
4) Шешеннің сөзі мерген,
Шебердің көзі мерген;
5) Суды шым тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.
6. Мәтіндегі екі жай сөйлемге себеп-салдар, қарсылықты салалас
құрмалас сөйлем құрып, синтаксистік талдау жаса.
7. «Ауылдарына» сөзін сөз құрамына талда.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Конспект занятия "Москва древняя"
- Занятие "Матрешка в гости к нам пришла"
- План-конспект "Приходи весна скорей!"
- Презентация "Прожиточный минимум в странах мира в 2018 году"
- Презентация "Мы - много - национальный народ"
- Презентация "Система оценки знаний и приёмы работы при безотметочном обучении в начальных классах"