Педагогика пәнінен тест жұмысы
Педагогика пәнінен тест жұмысы
1.Педагогика ғылымы:
А) оқушының даралығын;
В)мектептегі оқу-тәрбие процесін;
С)оқыту, білім беру және тәрбиелеу процесінің заңдылығын;
Д)оқыту мен тәрбиенің заңдылығын;
Е)баланы оқытуды зерттейді.
2.Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары:
А)орта, мұрагерлік, тәрбие;
В)тәрбие, оқыту, білім беру;
С)білім, тәрбие, дағды;
Д)оқыту,оқу, сабан бюеру;
Е)тәрбие, қалыптасу, даму.
3.Ғылыми педагогиканың негізін қалаушы:
А)Ж.Ж.Руссо;
В)Ы.Алтынсарин;
С)К.Д.Ушинский;
Д)А.С.Макаренко;
Е)Я.А.Каменский.
4.Педагогиканы өз алдына жеке ғылым ретінде бөліп көрсеткен ғалым:
А)Я.А Каменский;
В)Ф.Бэкон;
С)Ж.Ж.Руссо;
Д)К.Д.Ушинский;
Е)Р.Оуэн.
5.Тәрбие-педагогиканың негізгі категориясы ретінде:
А)нақтылы тәрбие міндеттерін шешу мен жеке тұлғаны қалыптастыру
мақсатына бағытталған, ұйымдастырылған процесс;
В)мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті;
С)оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу әрекеттерін қалыптастыруды
ұйымдастыру;
Д)сабақ өтетін жер мен уақытын, оқушы құрамын анықтайтын
ұйымдастырылған процесс;
Е)табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке
адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады.
6.Оқыту-педагогиканың негізгі категориясы ретінде:
А)нақтылы тәрбие міндеттерін шешу мен жеке тұлғаны қалыптастыру
мақсатына бағытталған, ұйымдастырылған процесс;
В)мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті;
С)оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу әрекеттерін қалыптастыруды
ұйымдастыру;
Д)сабақ өтетін жер мен уақытын, оқушы құрамын анықтайтын
ұйымдастырылған процесс;
Е) Е)табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке
адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады.
7.Білім беру-педагогиканың негізгі категориясы ретінде:
А)нақтылы тәрбие міндеттерін шешу мен жеке тұлғаны қалыптастыру
мақсатына бағытталған, ұйымдастырылған процесс;
В)мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті;
С)оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу әрекеттерін қалыптастыруды
ұйымдастыру;
Д)сабақ өтетін жер мен уақытын, оқушы құрамын анықтайтын
ұйымдастырылған процесс;
Е)табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке
адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады.
8.Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін анықта:
А)табиғи эксперимент;
В)үлгі-өнеге;
С)рейтинг;
Д)қоғамдық пікір;
Е)проблемалық баяндау.
9.Оқу-тәрбие процесінің сандық және сапалық көрсеткішін анықтау:
А)тест;
В)педагогикалық озат тәжірибені модельдеу;
С)математикалық-кибернетикалық әдіс;
Д)сұхбаттасу;
Е)бақылау.
10.Социометриялық әдіс:
А)табиғи, лабораториялық түрлері бар;
В)алдын ала дайындалған жоспар бойынша ұйымдастырылады;
С)іс-қағаздарын оқып үйрену;
Д)ұжымдағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас деңгейін анықтау;
Е)оқу-тәрбие жұмысының сандық-сапалық көрсеткіштері.
11.Іс-қағаздарын, күнделіктерін оқып-үйрену, талдау қандай әдіс::
А)эксперимент;
В)социометриялық әдіс;
С)сауалнама;
Д)байқау;
Е)мектеп құжаттарын зерттеу.
12.Озат педагогикалық тәжірибені талдау және зерттеу әдісі:
А)нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті әдейі зерттейтін
ғылыми тәжірибені ;
В)оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары т.б. зерттеу;
С)мәліметтерді әңгіме әдісі арқылы толықтыру;
Д)құжаттармен терең жан-жақты танысу;
Е)жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесімен танысу, насихаттау.
13.Педагогикалық эксперимент:
А)нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті әдейі
зерттейтін ғылыми тәжірибені ;
В)оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары т.б. зерттеу;
С)мәліметтерді әңгіме әдісі арқылы толықтыру;
Д)құжаттармен терең жан-жақты танысу;
Е)жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесімен танысу, насихаттау.
14.Тест сөзі қай тіл ден енген :
А)латын;
В)грек;
С)орыс;
Д)ағылшын;
Е)араб.
15.Сауалнаманың қандай түрлері бар:
А)лабораториялық;
В)табиғи;
С)ашық, жабық;
Д)жасанды;
Е)ғылыми.
16. «Педагогика»термині қандай мағынаны білдіреді:
А)басқарушы;
В)жетектеуші;
С)көмекші;
Д)мұғалім
;Е)үйретуші.
17.Педагогика ғылымының салалары:
А)психология, физиология, мектеп гигиенасы;
В)тәрбие теориясы, дидактика, мектептану;
С)педагогикалық психология, этика, эстетика;
Д)мектепке дейінгі педагогика, емдік педагогика, арнайы педагогика,
еңбектік түзету педагогикасы;
Е)педагогикалық шеберлік, археология, мәдениеттану.
18.Білім беру жүйесі дегеніміз:
А)оқу- тәрбие мекемелерінің жиынтығы;
В)білім, іскерлік, дағдының көлемі;
С)белгілі мақсатқа жету жолы;
Д)арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шаралар;
Е)оқу-тәрбие процесін басқару.
19.Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде
білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін::
А)тұтас педагогикалық процесс;
В)оқыту процесі;
С)оқу процесі;
Д)тәрбие процесі;
Е)даму процесі.
20.Заңдылық дегеніміз:
А)педагогикалық процесс пен құбылыстардың арасындағы мәнді
байланыс;
В)тәрбие процес інде басшылыққа алынатын ережелер мен талаптардың
жиынтығы;
С)адамдық қасиеттер туралы теория;
Д)мақсат көзделінген процесс;
Е)мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін жұмыс.
21.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі::
А)тәрбиенің принципі;
В)тұтас педагогикалық процестің заңдылығы;
С) тәрбие әдісі;
Д)тұтас педагогикалық процестің принциптері;
Е)тәрбие тәсілдері.
22. «Принцип»қандай мағынаны білдіреді:
А)үйретуші, мұғалім,
В)бастапқы, әдіс;
С)заңдылық, принцип;
Д)әдіс, тәсіл, құрал;
Е)бастапқы, негізгі, қағида.
23.Оқыту мен тәрбие жұмыстарын белгілі мақсатпен ұйымдастыру мұғалім
мен оқушылардың іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер
етеді::
А)мақсаттылық принципі;
В)мектептің өмірмен байланыс принципі;
С)оқыту мен тәрбиенің ғылымилық принципі;
Д)түсініктілік принципі;
Е)жүйелілік пен бірізділік принципі.
24.Тұтас педагогикалық процестің компоненттерін көрсет:
А)оқыту мен тәрбиенің мақсаты,мазмұны, формалары мен әдістері,
нәтижесі;
В)оқыту процесі мен формалары;
С)оқыту принциптері мен заңдылықтары;
Д)білім берудің мазмұны мен білім беру жүйесі,
Е)оқыту диагностикасы.
25. «Дидактика»ұғымын алғаш ғылымға енгізген:
А)А.С.Макаренко;
В)Я.А.Каменский;
С)А.Дистерверг;
Д)К.Д.Ушинский;
Е)Ратке
26.Дидактиканы басқаша не деп атаймыз:
А)оқыту теориясы;
В)тәрбие теориясы,
С)мектептану;
Д)білім беру;
Е)Дамыту теориясы.
27.Дидактиканың негізін салушы:
А)А.С.Макаренко;
В)Я.А.Каменский;
С)А.Дистерверг;
Д)К.Д.Ушинский;
Е)Ратке
28.Я.А.Каменскийдің еңбегі:
А) «Ұстаздық дастан»
В) «Ұлы дидактика»
С) «Дидактикалық материалдар»
Д) «Мектептің жас директорымен сырласу»
Е) «Балаға жүрек жылуы»
29.Көру, есту т.б. кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін
зерттейтін педагогиканың саласы:
А)педагогика тарихы;
В)еңбектік түзету педагогикасы;
С)арнайы педагогика;
Д)жоғары мектеп педагогикасы;
Е)өндірістік педагогика.
30.Дидактиканың категориялары:
А)оқыту, оқыту процесі, оқыту заңдылықтары мен принциптері, білім
берудің мазмұны, оқыту әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары,
БІД есепке алу және бағалау;
В) оқыту, тәрбие процесі, оқыту заңдылықтары мен принциптері, білім
берудің мазмұны, оқыту әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары, БІД
есепке алу және бағалау;
С) оқыту, оқыту процесі, тәрбие заңдылықтары мен принциптері, білім
берудің мазмұны, оқыту әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары, БІД
есепке алу және бағалау;
Д) оқыту, оқыту процесі, оқыту заңдылықтары мен принциптері, білім
берудің мазмұны, тәрбие әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары;
Е) тәрбие, оқыту процесі, оқыту заңдылықтары мен принциптері, оқыту
әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары;
31.Дидактикалық концепциялар:
А)2;
В)3;
С)4;
Д)5;
Е)6.
32.Педоорталық концепциясының негізін салған:
А)И.Ф.Гербарт;
В)А.Дистерверг;
С)И.Песталоцци;
Д)Д.Дьюй
Е)Ж.Руссо
33.Оқытудың функциялары:
А)білімдік, тәрбиелік, дамытушылық;
В)ынталандыру;С)ізгілендіру;
Д)білімдік, ынталандырушылық;
Е)тәрбиелік.
34.Білім:
А)алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады;
В)адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен
құбылыстарды,табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі;
С)қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтану;
Д)білім, іскерлік пен дағдының бірлігі;
Е)оқыту нәтижелері.
35.Іскерлік:
А)алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске
асырылады;
В)адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды,табиғат пен
қоғам заңдарын тану нәтижесі;
С)қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтану;
Д)білім, іскерлік пен дағдының бірлігі;
Е)оқыту нәтижелері.
36.Дағды:
А)алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады;
В)адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды,табиғат пен
қоғам заңдарын тану нәтижесі;
С)қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтану;
Д)білім, іскерлік пен дағдының бірлігі;
Е)оқыту нәтижелері.
37.Құрғақ жаттауға негізделіп оқыту-оқытудың қай түрі:
А)проблемалық:
В)түсіндірмелі-информациялық;
С)догматикалық-схоластикалық;
Д)бағдарламалап оқыту;
Е)деңгейлік оқыту.
38.Дамыта оқыту:
А)оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, өз бетімен
жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету;
В)мұғалім оқушыларды белгілі білім жүйесімен қаруландырады, іскерлікке
үйретеді;
С)оқушылардың алдына мәселе қойып отыру, танымдық және творчестволық
қабілетін дамыту;
Д)оқытуда жаңа бағдарламаланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету
машиналары қолданылады;
Е)оқушының өз жұмысының нәтижелерін басқа балалардың жұмыстарымен
салыстыру.
39.Түсіндірмелі-иллюстративті оқыту:
А)оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, өз бетімен жаңа
білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету;
В)мұғалім оқушыларды белгілі білім жүйесімен қаруландырады,
іскерлікке үйретеді,көрекі құралдар қолданылады;
С)оқушылардың алдына мәселе қойып отыру, танымдық және творчестволық
қабілетін дамыту;
Д)оқытуда жаңа бағдарламаланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету
машиналары қолданылады;
Е)оқушының өз жұмысының нәтижелерін басқа балалардың жұмыстарымен
салыстыру.
40.Көрнекілік принципінің негізін қалаған:
А)Я.А.Каменский;
В)К.Д.Ушинский;
С)А.Құнанбаев;
Д)М.Жұмабаев;
Е)И.Г.Песталоцци.
41.Түсініктілік принципі дегеніміз:
А)оқыту мен тәрбиені оқушылардың дайындық дәрежесіне сай
ұйымдастыру;
В)табиғат,қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білу;
С)теория мен практиканың байланысы;
Д)оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу;
Е)жеке адамның әр жақты дамуына , оқыту мен тәрбие үйлесімділігіне ықпал
жасау.
42.Оқыту принципі дегеніміз:
А)оқытудың мазмұнын ашатын ережелер мен қағидалар жиынтығы;
В)білім беру жүйесі;
С)оқытудың заңдылықтары;
Д)оқыту әдістерінің жүйесі;
Е)тәрбие процес інде басшылыққа алынатын ережелер мен қағидалар
жиынтығы.
43.Я.А.Каменский оқытудың қандай принципін «Оқытудың алтын
ережесі»деп. атады:
А)көрнекілік;
В)саналылық пен белсенділік;
С)түсініктілік;
Д)ғылымилық;
Е)жүйелілік пен бірізділік.
44.Ізгілендіру принципі дегеніміз:
А)оқушыға қысымшылық жасамай, ер кін қатысуына жағдай жасау;
В)оқу материалының баланың дайындық деңгейіне сай жүргізілуі;
С)оқушылар тарапынан білімді белсенді игеру;
Д)дайындық деңгейіне сай білім беру;
Е)әр түрлі көрнекіліктерді қолдану.
45.Білім беру мазмұны дегеніміз:
А)білім берудің мемлекеттік стандарттары;
В)оқу орнының арнайы типіне меңгеру үшін жасалған БІД-ның жүйесі;
С)ғылымдардың біреуі бойынша арнайы жасалған БІД-ның жүйесі;
Д)жеке адамның жан-жақты дамуы үшін қажет БІД-нің жүйесі;
Е)БІД-ның көлемі мен бағыты
46.Материалдық теория бойынша:
А)білім қорын жасау;
В)адамгершілікке тәрбиелеу;
С)ақыл-ойын дамыту;
Д)белсенділігін дамыту;
Е)логикалық ойын дамыту.
47.Формальдық теория бойынша:
А)білім қорын жасау;
В)адамгершілікке тәрбиелеу;
С)ақыл-ойын дамыту;
Д)белсенділігін дамыту;
Е)логикалық ойын дамыту.
48.Білім берудің мазмұнын ашатын құжаттар:
А)оқу жоспары, оқулық;
В)Оқулық, оқу бағдарламасы;
С)мемлекеттік стандарт, оқу жоспары;
Д)мемлекеттік стандарт, оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулық;
Е)оқу бағдарламасы, әдістемелік құралдар.
49.Мемлекеттік стандарт:
А)білім берудің қалыпты нормасын көрсететін құжат;
В)оқытылатын пәндердің ретін анықтайды;
С)сағат санын көрсетеді;
Д)апталық жүктемені көрсетеді;
Е)оқытудың мазмұнын ашатынқұжат.
50.Оқу бағдарламасы:
А)мектептің іс-әрекетіне бағыт беретін құжат;
В)белгілі пән бойынша меңгеретін білім, іскерлік, дағдының көлемін
анықтайды:
С)білім, іскерлік, дағдының жиынтығы;
Д)дидактиканың талаптарына сай жасалған құрал;
Е)оқу пәндерінің құрамын, әрбір пәнді оқытуға қажетті апта бойынша салат
санын анықтайтын мемлекеттік құжат.
51.Оқу жоспары:
А)мектептің іс-әрекетіне бағыт беретін құжат;
В)белгілі пән бойынша меңгеретін білім, іскерлік, дағдының көлемін
анықтайды:
С)білім, іскерлік, дағдының жиынтығы;
Д)дидактиканың талаптарына сай жасалған құрал;
Е)оқу пәндерінің құрамын, әрбір пәнді оқытуға қажетті апта бойынша
салат санын анықтайтын мемлекеттік құжат.
52.Оқулық:
А)мектептің іс-әрекетіне бағыт беретін құжат;
В)белгілі пән бойынша меңгеретін білім, іскерлік, дағдының көлемін
анықтайды:
С)білім, іскерлік, дағдының жиынтығы;
Д)дидактиканың талаптарына сай жасалған құрал;
Е)оқу пәндерінің құрамын, әрбір пәнді оқытуға қажетті апта бойынша салат
санын анықтайтын мемлекеттік құжат.
53.Оқу жоспары қандай бөліктерден тұрады:
А)инвариативті, тұрақты;
В)вариативті, жылжымалы;
С)мектептік, жұмыстық;
Д)аймақтық;
Е)инвариативті, вариативті.
54.Оқу жоспарының түрлерін ата:
А)аймақтық, тұрақты;
В)мемлекеттік,жылжымалы;
С)мектептік-жұмыстық, мемлекеттік, аймақтық;
Д)министерствода жасалатын оқу жоспары;
Е)мектепте жасалатын оқу жоспары.
55.Оқу бағдарламасы неше бөліктен тұрады:
А)2;
В)3;
С)4;
Д)1;
Е)5.
56.Оқулыққа қандай талаптар қойылады:
А)гигиеналық, дидактикалық, эстетикалық;
В)білімдік, тәрбиелік;
С)дамытушылық;
Д)ынталандырушылық;
Е)ізгілендіру.
57. «Әдіс»қай тілден енген сөз:
А)ағылшын;
В)грек;
С)неміс;
Д)орыс;
Е)латын.
58.Оқыту әдісі дегеніміз:
А)мұғалім мен оқушының белгілі бір мақсатқа жету жолы;
В)мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті;
С)оқытудың басты ережелері;
Д)құбылыстар мен процестердің арасындағы мәнді байланыс;
Е)оқыту процес інде басшылыққа алынатын ережелер мен талаптардың
жиынтығы.
59.Оқыту әдісі қандай сұраққа жауап береді.
А)қалай оқыту керек;
В)не үшін оқыту керек;
С) неге оқыту керек;
Д)қалай тәрбиелеу керек;
Е)қандай жолмен оқыту керек.
60.Оқыту тәсілі:
А)іс-әрекеттің жеке бөлігі;
В)әдістердің жеке амалдары;
С)мақсатқа жету жолы;
Д)ақиқатқа жету жолы;
Е)басты ереже.
61.Оқыту құралдары:
А)таблица,оқулық, аудио-видио материалдар;
В)әңгіме;
С)түсіндіру;
Д)әңгімелеу;
Е)лекция.
62.Сөздік, көрнекілік, практикалық әдістер тобы қандай жолмен жүйеленген:
А)оқушылардың таным белсенділігін арттыруға қарай;
В)білім алудың көзіне қарай;
С)оқытудың мақсат-міндеттеріне қарай;
Д)дидактиканың мақсат-міндеттеріне қарай;
Е)сабақ кезеңдеріне қарай.
63.Оқушылардың таным белсенділігін арттыруға негізделген оқыту
әдістерінің қатары:
А)әңгіме, түсіндіру, лекция;
В)үй тапсырмасын тексеру әдістері;
С)зерттеу, проблемалық баяндау, ішінара іздену әдістері;
Д)жаңа материиалды түсіндіру әдістері;
Е)кітаппен жұмыс, практикалық әдістер.
64.Оқытудық көрнекілік әдістері:
А)репродуктивті, түсіндірмелі-иллюстративті;
В)зерттеу, ішінара іздену;
С)графикалық, лабораториялық;
Д)иллюстрация, демонстрация,бақылау;
Е)практикалық.
65.Проблемалық әдіс дегеніміз не:
А)мәселе туғызу;
В)көрнекілік қолдану;
С)дайын білімді хабарлау;
Д)ішінара іздену;
Е)еске түсіру, қайталау.
66.Оқытудың жүйелілігі мен бірізділік принципі:
А)білімді саналылықпен белсене қабылдап,оның өмір және практикамен
байланысын тереңдету, оқытылатын фактілер мен құбылыстардың мәніне
түсіну;
В)жеңілден қиынға , қарапайымдылықтан күрделілікке көшу;
С)оқушылардың таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының және
жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер ету;
Д)еліміздің және шетелдердің өмірімен, оларда болып жатқан түрлі
оқиғалармен таныстырып отыруды талап ету;
Е)оқыту процесінде балаларды үнемі өз бетімен жұмыс істеуге ,
білімдерін жүйелі түрде тексеріп, есебін алып отыруда, күнделікті
сабаққа дайындықпен келуге үйретеді.
67.Оқытудың саналылық пен белсенділік принципі:
А)білімді саналылықпен белсене қабылдап,оның өмір және практикамен
байланысын тереңдету, оқытылатын фактілер мен құбылыстардың
мәніне түсіну;
В)жеңілден қиынға , қарапайымдылықтан күрделілікке көшу;
С)оқушылардыңтаным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының және
жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер ету;
Д)еліміздің және шетелдердің өмірімен, оларда болып жатқан түрлі
оқиғалармен таныстырып отыруды талап ету;
Е)оқыту процесінде балаларды үнемі өз бетімен жұмыс істеуге , білімдерін
жүйелі түрде тексеріп, есебін алып отыруда, күнделікті сабаққа дайындықпен
келуге үйретеді.
68.Оқытудың ғылымилық принципі:
А)білімді саналылықпен белсене қабылдап,оның өмір және практикамен
байланысын тереңдету, оқытылатын фактілер мен құбылыстардың мәніне
түсіну;
В)жеңілден қиынға , қарапайымдылықтан күрделілікке көшу;
С)оқушылардың таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының
және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер ету;
Д)еліміздің және шетелдердің өмірімен, оларда болып жатқан түрлі
оқиғалармен таныстырып отыруды талап ету;
Е)оқыту процесінде балаларды үнемі өз бетімен жұмыс істеуге , білімдерін
жүйелі түрде тексеріп, есебін алып отыруда, күнделікті сабаққа дайындықпен
келуге үйретеді.
69.Дамыта оқыту идеясын қалыптастырушы:
А)Я.А.Каменский
В)А.Дистерверг;
С)И.Песталоцци;
Д)Д.Дьюй
Е)Ж.Руссо
70.И.Г.Пестолоцидің дидактикаға қосқан үлесі:
А)дамыта оқыту теориясын;
В)бастауыш оқыту негізін;
С)дейгейлік оқыту теориясын;
Д)проблемалық оқыту теориясын;
Е)саралап оқыту негізін.
71.Дидактикаға қазақша анықтама берген:
А)Н.Құлжанова;
В)М.Жұмабаев;
С)М.Дулатов;
Д)А.Байтұрсынов;
Е)Ж.Аймауытов.
72.Оқыту процесінің қозғаушы күші:
А)оқушыларды білім, іскерлік,дағды жүйесімен қаруландыру;
В)білімді игеру бағытындағы мұғалімнің және оқушының іс-әрекеттерінің
жиынтығы,
С)оқытудағы қарама-қайшылық процесі;
Д)мадақтау мен жазалау;
Е)ата-ананың көмегі.
73.Білім беру ұғымын педагогикаға алғаш рет енгізген:
А) Я.А.Каменский;
В)А.Дистерверг;
С)И.Песталоцци;
Д)Д.Дьюй
Е)Ж.Руссо
74.Ертедегі Грецияда оқытуды ұйымдастырудың қандай формасы
пайдаланылды:
А)жұппен;
В)топпен;
С)жеке;
Д)ұжымдық;
Е)жеке-топтық.
75.Сабақ:
А)оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы;
В)оқытуды ұйымдастырудың жалпы формасы;
С)мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті;
Д)мұғалім мен оқушының шығармашылық еңбегі;
Е)оқыту формасы,
76.Класс-сабақ жүйесін теориялық дәлелдеп, енгізген:
А) Я.А.Каменский;
В)А.Дистерверг;
С)И.Песталоцци;
Д)Д.Дьюй
Е)Ж.Руссо
77.Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары:
А)семинар, сабақ;
В)үйірме, практикум;
С)оқу үй жұмысы, емтихан;
Д)факультатив,сынақ;
Е)экскурсия,семинар,практикум,факультатив, консультация,үй оқу
жұмысы.
78.Экскурсияның түрлері:
А)кіріспе, кезектегі,қорытынды;
В)ағымдық, қорытынды;
С)тақырыптық,кезектегі;
Д)кіріспе,тақырыптық;
Е)кезектегі,қорытынды.
79.Сабақ құрылымы:
А)сабақ тұтастығын қамтамасыз ететін, оның элементтерінің
жиынтығы;
В)сабақ бөліктерінің өзара байланысы;
С)құрылым элементтерінің аралығындағы ішкі өзара байланыс;
Д)оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі белсенділігі мен жинақтылығы;
Е)сабан бойында оқушыларды белсенді,тиімді жұмысқа жұмылдыру.
80.Сабақ бірліктері:
А)логикалық, психологиялық,ұйымдастырушылық;
В)дидактикалық, психологиялық;
С)ұйымдастырушылық,жинақтылық;
Д)көрнекілік,мақсаттылық,
Е)логикалық,дидактикалық.
81.Логикалық бірлік дегеніміз:
А) сабақ бөліктерінің аралығындағы ішкі байланыс заңдылығы ;
В)сабақ барысында оқушылардың зейін, қабылдау, қабілеттерін басқара білу;
С)оқушыларды ұйымдастырып, сабаққа керекті құралдарды іріктей білу;
Д)құрылым элементтерінің аралығындағы ішкі байланыс;
Е)танымдық іс-әрекетіндегі белсенділігі мен жинақтылығы.
82.Психологиялық бірлік:
А) сабақ бөліктерінің аралығындағы ішкі байланыс заңдылығы ;
В)сабақ барысында оқушылардың зейін, қабылдау, қабілеттерін басқара
білу;
С)оқушыларды ұйымдастырып, сабаққа керекті құралдарды іріктей білу;
Д)іс-әрекетінің мотивтерін жасау;
Е)бүкіл сабан бойына оқушыларды белсенді, тиімді жұмысқа ұйымдастыру,
83.Аралас сабақтың құрылымын көрсет:
А)ұйымдастыру кезеңі,үй тапсырмасын тексеру,жаңа материалды
мұғалімнің баяндауы,жаңа материалды бекіту,үй тапсырмасын беру;
В)жаңа материалды баяндау,алғашқы бекіту,үй тапсырмасы;
С)ұйымдастыру кезеңі,үй тапсырмасын тексеру, бекіту;
Д)танымдық міндеттерді қою, мотивація;
Е)таңдау және оқып білудің бірізділігі.
84.Оқу бағдарламасы,оқулық, оқу құралдары негізінде жасалатын жоспар :
А)тақырыптық;
В)күнтізбелік;
С)оперативтік;
Д)апталық,
Е)айлық.
85.Бағалау:
А)оқу жұмысының сапасы туралы мағлұмат алу;
В)педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық іс-әрекетін
меңгерудің функциясы;
С)оқушы жұмысындағы дербестікті ,тапсырманы дұрыс орындау
нәтижесін, білімнің ,іскерліктің ,дағдының сапасын анықтауды айтады;
Д)оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін БІД-ын
тексеру;
Е)оқушылардың алған білімі туралы хабар алу.
86.Бақылау түрлері:
А)тақырыптық, тара улар бойынша,қорытынды;
В)жылдық, тоқсандық;
С)қорытынды, оқтын-оқтын бақылау;
Д)кезектегі, ағымдық;
Е)тарау бойынша, тақырыптық.
87. «Білім туралы »Заң қашан қабылданды:
А)2007 ж;
В)1999ж;
С)2006ж;
Д)2001ж;
Е)1998ж.
88.Белль-Ланкастер жүйесі:
А)сабақты болдырмауды, жүйелі курстардың оқытылмауын талап етеді;
В)коллективтен жекеленетін адамдардың психологиясын тәрбиелеу;
С)қабілетті,дарынды балаларға бөліп оқытты;
Д)оқушылардың белгілі құрамымен кесте бойынша сабан жүргізілді;
Е)600-ден астам оқушылармен алкен залда өткізеді,содан соң топтарға
бөледі.
89.Нешінші жылдан бастап оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ
болып енгізілді::
А)1930ж;
В)1932ж;
С)1935ж;
Д)1936ж;
Е)1946ж;
90.Тәрбие принципі дегеніміз:
А)адам бойындағы жақсылық нышандарына сүйсіну;
В)өмір мен практиканың байланысты болуы;
С)еңбек арқылы тәрбиелеу;
Д)тәрбие процесін, ұйымдастырылуы мен әдістерін айқындайтын
ережелер жиынтығы;
Е)балаға жоғары талап қою;
91.Жеке адамға талап қоюшылық пен баланы құрметтей білудің бірлікте
болу принципі:
А)балаға жоғары талап қою, оның күш-жігері мен қабілеті, еркіне сенім
көрсетумен ұштасуы керек;
В)адамгершілікке жатпайтын іс-әрекеттермен қарсы күресу дағдысын
қалыптастырады, тәрбие жұмысында формализм болмауына ықпал жасайды;
С)адамды тек материалдық-рухани байлықтарды жасаушы ғана емес, оны
азамат ретінде көрінетін жеке тұлға етіп қалыптастыру:
Д)педагогикалық жұмыстың же місті болуының ең басты шарттарының бірі-
тәрбиенің анық,айқын мақсатының болуы;
Е)адам бойында борыш, ар-ұят, талғам, мәдениетті мінез-құлықтың
адамгершілік қадір-қасиеттің үйлесімді дамуының қажеттілігін қамтиды.
92.Сана мен мінез-құлықтың бірлікте болу принципі:
А)балаға жоғары талап қою, оның күш-жігері мен қабілеті, еркіне сенім
көрсетумен ұштасуы керек;
В)адамгершілікке жатпайтын іс-әрекеттермен қарсы күресу дағдысын
қалыптастырады, тәрбие жұмысында формализм болмауына ықпал жасайды;
С)адамды тек материалдық-рухани байлықтарды жасаушы ғана емес, оны
азамат ретінде көрінетін жеке тұлға етіп қалыптастыру:
Д)педагогикалық жұмыстың же місті болуының ең басты шарттарының бірі-
тәрбиенің анық,айқын мақсатының болуы;
Е) адам бойында борыш, ар-ұят, талғам, мәдениетті мінез-құлықтың
адамгершілік қадір-қасиеттің үйлесімді дамуының қажеттілігін
қамтиды.
93.Еңбек арқылы тәрбиелеу принципі:
А)балаға жоғары талап қою, оның күш-жігері мен қабілеті, еркіне сенім
көрсетумен ұштасуы керек;
В)адамгершілікке жатпайтын іс-әрекеттермен қарсы күресу дағдысын
қалыптастырады, тәрбие жұмысында формализм болмауына ықпал жасайды;
С)адамды тек материалдық-рухани байлықтарды жасаушы ғана емес,
оны азамат ретінде көрінетін жеке тұлға етіп қалыптастыру:
Д)педагогикалық жұмыстың же місті болуының ең басты шарттарының бірі-
тәрбиенің анық,айқын мақсатының болуы;
Е) адам бойында борыш, ар-ұят, талғам, мәдениетті мінез-құлықтың
адамгершілік қадір-қасиеттің үйлесімді дамуының қажеттілігін қамтиды.
94.Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланыс іс-әрекеттерінде адамдық
қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері не
деп. аталады::
А)тәрбие әдісі;
В)тәрбие тәсілі;
С)тәрбие құралы;
Д)тәрбие принциптері;
Е)тәрбие заңдылығы.
95.Тәрбие әдісінің құрамды бөлігі:
А)тәсіл;
В)мақсат;
С)мазмұны;
Д)құралы;
Е)әңгіме.
96.Тәрбие құралы:
А)іс-әрекеттің түрлері, көрнекі құралдар,коммуникация құралдары;
В)жаттықтыру,үйрету;
С)қоғамдық пікір,талап;
Д)тәрбиелеуші ситуація, әңгіме;
Е)өнеге, диспут,лекция.
97.Сендіру әдістерінің қатарын көрсет:
А)мадақтау, жазалау,жарыс;
В)әңгіме, үлгі өнеге, қоғамдық пікір;
С)жаттығу, үйрету;
Д)тәрбиелеуші ситуация, мақтау;
Е)өзін-өзі бақылау, аутотренинг.
98.Ынталандыру әдістерін көрсет:
А)мадақтау, жазалау,жарыс;
В)әңгіме, үлгі өнеге, қоғамдық пікір;
С)жаттығу, үйрету;
Д)тәрбиелеуші ситуация, мақтау;
Е)өзін-өзі бақылау, аутотренинг.
99.Ю.Бабанский тәрбие әдістерін неше топқа жіктеді:
А)4,
В)5;
С)3;
Д)2;
Е)6.
100.Жеке адамның дамуына әсер ететін факторларды көрсет:
А)оқыту мен білім беру;
В)макроорта;
С)мінез-құлық;
Д)тағдыр;
Е)орта, тәрбие, тұқымқуалаушылық,
101.Жеке адамның дамуына ықпал ететін негізгі фактор:
А)әлеуметтік орта;
В)микроорта,
С)тәрбие;
Д)тұқымқуалаушылық;
Е)мезоорта.
102.Жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы
әлеуметтік қатынас, қандай орта деп. аталады:
А)табиғи орта;
В)әлеуметтік орта;
С)микроорта;
Д)макроорта;
Е)мезоорта,
103.Оқушыны жан-жақты зерттеп тани білу қандай іскерлікке жатады:
А)зерттеушілік;
В)хабар лама;
С)танымдық;
Д)қарым-қатынас;
Е)сөйлеу,
104.Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз:
А)адамгершілік, тәртіп нормаларын білу;
В)кез келген жағдайда дұрыс тәртіп нормаларының қалыптасуы;
С)діни сенімдердің әдет-ғұрыптардың негізінде сапалардың қалыптасуы;
Д)өзінің азаматтық құқықтарымен міндеттерін мегеру;
Е)жеке тұлғаның мінез-құлықтарының, әдет-дағдысының, білімдерінің
ережелерімен талаптарына және оларды қадағалауға айналған
моральдық нормалар.
105. «…менің негізгі принципім: адамға әрқашан барынша көп талап қою,
сонымен қатар он мейлінше қатты сыйлау»-кімнің пікірі:
А)А.Құнанбаев;
В)А.С.Макаренко;
С)В.А.Сухомлинский;
Д)Ы.Алтынсарин;
Е)Ж.Аймауытов.
106.Педагогикалық процес те оқушылардың дәлелді талап-тілектері мен
мұқтаждықтарын имандылық, демократиялық принцип тер негізінде
тәрбиелеу қай заңдылық:
А)жеке адам тәрбиесі мен дамуының бірлігі мен өзара байланыстылығы;
В)тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі;
С)тәрбие процесінің қорытынды нәтижесі бүгінгі өмір талабына сай
болуы;
Д)тәрбие процесінің қоғам өмірімен байланыстылығы;
Е)тәрбиенің әдіс-тәсіл, формаларының бірлікте болуы.
107. «Мектеп, тәрбиеші және ұстаздар адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешісі
емес, онгың сонша кошті, әлде қайда кошті арнайы тәрбиешілері:табиғат,
отбасы, қоғам, халқы және оның тілі болады»,-деген кім:
А) К.Д.Ушинский;
В)А.С.Макаренко;
С)В.А.Сухомлинский;
Д)Ы.Алтынсарин;
Е)Ж.Аймауытов.
108. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз
А)өз бойындағы жаман-жақсы қасиеттерін анықтап, жақсылығын
асырып, кемшілігін жою;
В)мақсат көзделген процесс;
С)мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін жұмыс;
Д)өз бетімен білімін толықтыру;
Е)адам қасиеті туралы теорія.
109. «Егер педагогика адамды жан-жақты тәрбиелегісі келсе, ол оны алдымен
барлық жағынан білуі тиіс» деп. жазған :
А)А.С. Макаренко;
В)К.Д. Ушинский;
С)В.А. Сухомлинский;
Д)М. Дулатов;
Е)Е.А. Байтұрсынов.
110.Педагогика ғылымы өз алдына жеке ғылым болып нешінші ғасырда
бөлінді:
А)ХҮІ;
В)ХҮІІ;
С)ХІХ;
Д)ХҮІІІ;
Е)ХІҮ.