Тест "Стрессті анықтау" 9 класс
Тест «Стрессті анықтау».
1. Болмайтын нәрсе мені кейде ғана тітіркендіреді
2. Біреуді күткенімде ғана қобалжимын.
3. Ұялған уақыттарымда қызарып кетемін.
4. Ашуланғанымда мен біреуді абайсыз өкпелетіп алуым мүмкін
5. Сынды көтере алмаймын, өзімді ұстай алмаймын.
6. Егерде автобуста біреу мені итерсе, мен тура сондай жауап қайтарам немесе дөрекі
жауап қатамын.
7. Бар бос уақытымда бір іспен айналысамын.
8. Кездесуге әрқашан кешігіп немесе ерте келемін.
9. Тыңдау қабілетім төмен, міндетті түрде сөзге қыстырылып отырамын.
10. Аппетиттің жоқтығынан қиналамын.
11. Себепсіз көп қобалжимын.
12. Таңертеңгі уақытта өзімді нашар сезінемін.
13. Өзімді нашар сезініп, аз ұйықтаймын, ұзақ уақыт ұйықтай алмаймын.
14. Жеткілікті ұйықтағанның өзінде өзімді сезінбеймін.
15. Жүрегіммен бір нәрсе дұрыс емес шығар деп ойлаймын.
16. Арқам мен мойнымда ауыртпалықтар сеземін.
17. Үстел басынды отырғанымда, аяғыммен тербетіп, саусақтарыммен үстел үстін соғып
отырамын.
18. Үстел үстінде отырғанда теңселе- тербеліп отырамын.
19. Жетістіктерім үшін әрдайым мақтау сөздерін күтемін
20. Өзімді басқалардан әлдеқайда күштімін деп ойлаймын.
21. Тамақтану тәртібін (диета) сақтамаймын.
Барысы: Сіз сөйлемді оқып, өзіңіздің ойыңызды келесі шкаланың көмегімен айтуыңыз
тиіс:
- ешқашан (1 ұпай)
- кейде, оқта- текте ( 2 ұпай)
- жиі (3 ұпай)
- әрқашан (4 ұпай)
Бағалау шкаласы:
30 ұпай және одан төмен.
Сіз саналы әрі тұрақты өмір сүретін адамсыз.Өміріңізде пайда болатын бар
проблемаларды тез шеше аласыз. Өзіңізді өзгелерден артық деп ойламайтын, қанағат тұта
алатын, әрқашан бәріне үлгеретін адамдардың қатарындасыз.
31-45 ұпай.
Сіз өте белсенді адам болғандықтан өміріңіз қызықты әрі стресске толы болып өтеді.
Сондықтан сіз көп шаршайсыз, үздіксіз стресске шалдығып отырасыз. Алайда бұл
стресстің барлығы алдыңызға қоятын биік мақсаттарыңыз үшін.
46-60 ұпай.
Сіз үшін бастысы- жарқын мансап. Сіз үшін өзгелердің ойы мен көзқарасы өзіңіздің
ойыңыздан әлдеқайда маңызды, сондықтан сіз әрқашан стресс үстінде боласыз. Егерде сіз
өміріңізді осындай бағытта жалғастырсаңыз, сіз расында да көп нәрсеге жетіп,
армандарыңыздың көбі орындалады, алайда мұның барлығы сізге қуаныш әкеле алады ма,
ойланып көріңіз.
61 ұпай және одан жоғары.
Сіз көліктің жүргізушісі секілді өмір сүресіз: бірде газға басып, бірде тормазға басасыз.
Тез арада өмір сүруіңіздің салтын, тәртібін өзгертіңіз. Мұндай стресс тек сіздің
денсаулығыңызға ғана емес, сондай- ақ сіздің болашағыңызға да зиян әсер етуі мүмкін.
Соңында психолог алынған жауаптады саралап, ата- аналарға арнап арнайы көмек ретінде
өз балаларына қиын жағдайларда( емтихандар мен тесттерде) қалай көмектесуі керектігі
жайлы бірқатар кеңестер дайындайды.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Мой огород. Клубника"
- Презентация "Развитие речи ребёнка как важное условие подготовки к обучению в школе"
- Конспект занятия "Сочинение - миниатюра "Прекрасная музыка снега"" 4 класс
- Презентация "Сказка на все времена" 4 класс
- Родительское собрание "Кубанские товары и услуги - только высшего качества"
- Мероприятие "Всего ты исполнена, земля русская" 6 класс