Конспект урока "Жақсылықпен жаным дос" 5 класс

Мектеп _№183__________ Мерзімі _20.11.2015ж_______ _7_____
Тақырып _Жақсылықпен жаным дос____________________
Құндылық_дұрыс іс-әрекет___Қасиеттер_ адалдық, мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық._________
Мұғалім_Абдрахманова Алтынай_____ Сыныбы _5 «б»____Оқушылар саны _18______
Мақсаты:
Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте
отырып, дұрыс әрекет жасауға үйрету.
Міндеттері:
- оқушылардың «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейту;
- оқушылардың бойында кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік,
қайырымдылық қасиеттерін дамыту;
- оқушыларды риясыз жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Ресурстар:
(құралдар,
мәліметтер)
Оқулық,
дәптер,
күнделік,
слайд,
видеоролик.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды
айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап
барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан
баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,
эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп
күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз
нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға
көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар
сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат
құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және
жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз
тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек
жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға
бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-
жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,
достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп
жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық
тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша
айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің
жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
№7 сабақ
«Жақсылыққа - жақсылық» ертегісін оқу.
Сабақ
барысын
талқылау:
Оқулықта берілген «Жақсылыққа жақсылық» ертегісі бойынша ертегінің
басталуы, оқиғаның өрбуі мен ертегінің аяқталуына үш сурет салып, әр
қайсысына қорытынды жаз.
3. Дәйексөз
Жақсылық істеуден жалықпа
Істеген жақсылығына өкінбе!
«Кабуснама»
4. Әңгімелесу «Мұғалім сыйы»
Сый ретінде жақсылық туралы видео көрсетіледі.
Сұрақтар:
Айналадағы адамдардың жақсылығын қалай сезінесіңдер?
Жақсылық естігенде қандай сезімде боласыңдар?
Жақсы іс адамның қандай әрекеттерінде көрініс табады?
«Әрбір жақсы істің жарасмдылығы жүрекке нұр шашады» дегенді
қалай түсінуге болады?
Ізгі ниет пен ыстық ықылас адамға не үшін қажет?
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
1. Ертегілерді өз ойларыңмен жалғастырып айтыңдар.
Қарлығаш пен дәуіт.
Бір қарлығаш ұя салып, балапаңдарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан
балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш
жыланды көріп, қатты қорқып, қоғап қалатын арашашы іздейді...
Арыстан мен тышқан.
Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп
өтеді. Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Тышқан жалына бастайды: «Егер
мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын», - дейді ол. Арыстан тышқанның
«жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жіберді...
2. Өзіңнің жасаған жақсылықтарын туралы шағын әңгіме жазу.
6. Топпен ән айту
Жақсы адамдар
Әні мен сөзі: А. Оралов
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.
Табаныңның астында жатады әлі
Пенделіктен өресі аспағандар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар.
Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,
Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Жақсы адамдар.
7. Үй тапсырмасы
№8 сабақ
А.Асылбековтың «Жақсы болу - өзіңнен» атты өленің жаттау
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Жамандық көрсең береуден,
Мен қандаймын деп ойла!
8. Соңғы тыныштық сәті (Тыныштық.. бар жерде, тыныштық.. бүкіл
әлемде)
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып
отырады.
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің
жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін
іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік,
жақсы іс жасайық! Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды
бойларыңызға сіңіріп жүрегімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді
ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!!