Презентация "Инфляция. Инфляция түрлері"
Подписи к слайдам:
- Инфляция. Инфляция түрлері.
- Инфляция-бағаның өсуі арқылы көрінетін, сұраныс пен ұсыныстың және ұлттық шаруашылықтың басқа пропорцияларының (үйлесімінің) тепе-теңдікте еместігі.
- Инфляция
- Латыншадан аударғанда
- “inflation”- қампию
- Инфляция түсінігі
- 1861-1865 жж азаматтық соғыс кезінде пайда болды.
- Инфляцияның негізгі себептері:
- Халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы: қор жинау мен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың, мемлекеттік табыстар мен шығындардың, несиенің, капитал көлемі мен мөлшерінің, айналымдағы ақша массасының мөлшері мен шаруашылықтағы ақша сұранысының тепе-теңдігінің бұзылғандығы.
- Инфляция түрлері:
- Бағаның өсу қарқынына қарай:
- Баяу;
- Орташа;
- Қарқынды.
- Пайда болу сипатына қарай:
- Әкімшілік;
- Шығын;
- Сұраным;
- Ұсыным;
- Импортталған;
- Несиелік
- Инфляция формаларының көріністері бойынша:
- Ашық;
- Жасырын.
- Баяу инфляция – бағалар өсуінің
- орташа жылдық қарқыны 10 пайыздан
- төмен болғанда,
- бағалардың біртіндеп ұзақ өсуімен
- сипатталатын инфляция.
- Орташа инфляция – баға өсуінің
- орташа жылдық қарқыны
- 10-50 пайызды құрағанда,
- баға өсуінің секірмелі
- түріндегі инфляция.
- Бағаның өсу қарқынына қарай инфляция
- Қарқынды инфляция (гиперинфляция)-
- бағалар өсуінің өте жоғары қарқынды
- инфляциясы, бағалардың өсуі
- жылына 100 пайыздан асады.
- Пайда болу сипатына қарай инфляция түрлері:
- Әкімшілік инфляция “әкімшілікке” бағынатын бағадан туындаған бағаның өсуімен пайда болады.
- Шығын инфляциясы – ресурстар мен өндіріс факторларына бағаның өсуімен пайда болатын инфляция, соның әсерінен өндірістік шығындар және тауарлардың бағасы өседі.
- Сұраным инфляциясы – ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуымен, яғни тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің жиынтық табыстарының тез артуынан туындайтын инфляция.
- Ұсыным инфляциясы - өндірістік ресурстарды толық пайдаланбаған жағдайда өндіріс шығындарының өсуімен байланысты бағалардың өсуінен туындайтын инфляция
- Импортталған инфляция – сыртқы факторлар әсерінен туындаған инфляция
- Несиелік инфляция – шамадан тыс несиелік экспансиядан туындаған инфляция
- Инфляция
- формаларының
- көрінісі бойынша
- Ашық-тауарлар мен өндіріс ресурстар бағаларының еркін өсу есебінен болатын инфляция
- Жасырын-мемлекеттің бағаларды бұрынғы деңгейде ұстау ұмтылысымен қоса жүретін тауар тапшылығынан туындаған инфляция
- Инфляция факторлары:
- Қазыналық – ақша эмиссиясы есебінен бюджеттік тапшылықты жабу, жанама салықтардың өсуі.
- Ұдайы өндірістік-тауар өндірісі тоқырауы немесе өндіріс көлемінің азаюы жағдайында п.б.
- Ақшалай – ұлттық валютаның бағамының құлдырауы, шетел валюталарының еркін айналымы, қосымша ақша эмиссиясы
- Сыртқы – экспорттың артуынан шетел валюталарының түсімінің ұлғаюы, мемлекеттің сыртқы қарызының шамадан тыс өсуі, сырттан қарыз алу
- Инфляцияны реттеу шаралары:
- Экономиканы сауықтыру;
- Қызмет көрсету нарығын дамыту;
- Саналы инвестициялық саясатқа көшу;
- Дәстүрлі емес тауарларды нарықтық айналымға тарту;
- Кіші және орта бизнесті дамыту;
- Қаржы несие жүйесін құру;
- Ақша реформасы – валюталардың тұрақтылығын, ақша айналымын күшейту және реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің жаңғыртылуы.
- Девальвация - латынша «de» - төмендеу; «valko»-тұрмын
- Ақша бірлігінің немесе ұлттық ақша бірлігінің бағамын шетел
- валюталарына қатысты алтын мәнінің төмендеуін білдіреді.
- Ревальвация - латынша «re» - жаңару, «valko»-тұрмын
- Ақша бірлігінің бұрынғы алтын мәнін қайта қалыптастыруды
- немесе ұлттық валюта бағамының шетел валютасымен
- салыстырғандағы жоғарылауын көрсетуі.
- Сұрақтар мен тапсырмалар:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
- 1
- 3
- Сөзжұмбақ “Инфляция”
- 2
- 4
- 7
- 6
- И
- Н
- Ф
- Л
- Я
- Ц
- И
- Я
- 8
- 5
- Ширату сәті (Логикалық есептер)
- Жер бетіндегілер қандай ауруға ұшырамайды?
- Құстар оңтүстікке неге ұшып барады?
- Сізде жалғыз тал сіріңке бар. Сәз қараңғы үйге кірдіңіз, онда май шам, керосин шамы және ошақта құрғақ отын бар. Қайсысын бірінші жағасыз?
- Құрмаш ағай неге қалпақ сатып алды?
- Жер бетін топан су қаптағанда, Мұса пайғамбар өзінің кемесіне қанша жан-жануарды салып алды?
- Дәрігер сізге үш дәрі берді және әрбір жарты сағат сайын үшуді ұсынды. Дәрі қанша уақытқа жетеді?
- Төртбұрышты үстелдің бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
- Кейбір айда 31 күн бар, кейбір айда 30 күн, ал қанша айда 28 күн бар?
- Сізді аю қуып келе жатыр және жетуге аз-ақ қалды. Алдыңызда бір бөшке қара май, бір бөшке бал кездесті, қайсысына тығыласыз?
- 30-ды 2/1-ге бөліңіз, оған 10-ды қосыңыз, неше шығады?
- Тест тапсырмалары:
- 1. Инфляцияның басты себебі –
- А) халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы: қор жинау мен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың, мемлекеттік табыстар мен шығындардың, несиенің, капитал көлемі мен мөлшерінің, айналымдағы ақша массасының мөлшері мен шаруашылықтағы ақша сұранысының тепе-теңдігінің бұзылғандығы;
- Б) банк резервтерінің міндетті нормаларының сәл ауытқуы ұсынылатын ақша мөлшерінің елеулі өзгерістерге ұшырауы;
- В) белгілі мерзімде аса ірі ақша сомасын аудару бойынша банкаралық есеп айырысу жалпы негізде және нақты уақыт аралығында жүзеге асырылуы;
- Г) несие салымдарының жалпы сомасында үкіметке мемлекеттік емес борыштық бюджет тапшылығын жабу үшін берілген несиенің үлес салмағының басым болуы.
- 2. Бағаның өсу қарқынына қарай инфляция қалай жіктеледі?
- А) әкімшілік, шығын және сұраным инфляциясы;
- Б) баяу, орташа және қарқынды инфляция;
- В) ұсыным, импортталған және несиелік инфляция;
- Г) ашық және жасырын инфляция
- 3. Сұраным инфляциясы.
- А) өндірістік ресурстарды толық пайдаланбаған жағдайда өндіріс шығындарының өсуімен байланысты бағалардың өсуінен туындайды;
- Б) ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуымен, яғни тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің жиынтық табыстарының тез артуынан туындайды;
- В) бай және кедей топтарда көрініс табатын экономикалық дәреже;
- Г) барлық жауап дұрыс.
- 4. Баяу инфляция:
- А) бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны 10 пайыздан төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсуімен сипатталатын инфляция;
- Б) бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны 5 пайыздан төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсуімен сипатталатын инфляция;
- В) бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны 20 пайыздан төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсуімен сипатталатын инфляция;
- Г) бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны 100 пайыздан төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсуімен сипатталатын инфляция;
- 5. Қарқынды инфляция:
- А) бағалар өсуінің өте жоғары қарқынды инфляциясы, бағалар өсуі жылына 100
- пайыздан асады;
- Б) бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны 10 пайыздан төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсуімен сипатталатын инфляция;
- В) бағалар төмендеуінің өте жоғары қарқынды инфляциясы, бағалар өсуі жылына 100
- пайыздан асады;
- Г) дұрыс жауабы жоқ.
- Үйге тапсырма:
- Лекцияға дайындалу.
- Қосымша әдебиеттерден конспект дайындау.
- Көрнекілік құралдар дайындау: буклет, карточка, cөзжұмбақ, ребус, өз бетінше тест тапсырмаларын дайындау т.б.
- БАҚ-нан тақырыпқа қатысты мақалалар қарастыру.