Классный час "Отбасылық салт - дәстүр"

3
Тақырыбы: «Отбасылық салт-дәстүр»
Мақсаты: Ата-аналар мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты
ұлғайту. Ата-аналардың өз ұлттық салт дәстүріне деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Ата-аналаға қазақтың көне сөздері және ырым, тыйым
сөздері жайында мағлұмат беру.
Ата-аналардың бір-біріне деген көз қарасын кеңейту.
Көрнекілік құралдар: Бесік, үй суреттері, сиқырлы қоржын, асықтар,
гүлдер, сыйлықтар т.б., билеттер дайындау,
хабарлама жасау.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын.
Ұйымдастыру барысы: Жылу беру «Жылы лебіз» Төрт топқа бөлу, әр
топ өздеріне ат қою.
Армысыздар, ардақты ата-аналар, құрметті қонақтар, қымбатты
ұстаздар,оқушылар!
Бар асылын халықтың
Құйған сана ойына
Туған тілім өркенде
Баса берші күшті, көркемде
деп өзіміздің тілімізді, салт-дәстүрімізді зор ілтипатпен бағалап,
ұмытылып бара жатқан дәстүрімізді жаңартып, білмегенімізді білейік.
Ата-бабамыз айтқандай «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын
ұмытпа дегендей бүгінгі салт-дәстүр отбасында» - атты сайысымызды
бастайсыз.
Бірінші сайыс «Сәлем беріп, отбасын таныстыру» - ерекшелігін
тоқталып, тәрбие мен мәдениетінің ұстанымын жарнамалайды.
1.Ата-ана – оқушы.
2. Ата-ана оқушы.
3. Ата-ана – оқушы.
4. Ата-ана – оқушы.
Енді қатысушыларды (ойынға) сараптаушы әділ-қазылар алқасын
сайлап алайық.
Екінші сайыс: «Білгенге маржан»
Алдын ала дайындалған үш-төрт конвенртке мақалдың бір қатары ғана
жазылған, «Ердің аты...», «Еңбенктің ...», «Ел болам десең...», «Анасын
көріп...», т.б. жалғасын табу керек.
Қазылар алқасы сайысты бағалайды.
Сайыс арасында ән шашу «Қазақы дастарханым»
Үшінші сайыс : Сиқырлы дорбадан нөмірленген асық алып, тапсырма
беру.
1. Киіз үй жабдықтарын атаңыз. Осы жалпы үйге байланысты ырым-
тыйым айтыңыз.
2. Бесіктің қасиеті, оның неден тұратынын атау. Баланы бесікке салу
дәстүрін көрсету. Осыған байланысты ырым-тыйым сөздер.
4
3. Қазақтың ұлттық киімдерін атау. Мақал-мәтелдер киімдерге
байланысты.
4. Зергерлік бұйымдарды атау. Қол өнеріне байланысты мақал-
мәтелдер. Қазылар алқасы сайысты бағалағанша қыздардың
орындауында «Аққу» биі орындалады.
Төртінші сайыс: «Өнерлі саусақтар» - әр отбасының 7 минут арасында
өз қолымен бір зат жасап қолөнер қабілетін көрсету қажет.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Жел жалқытса шығады,
Ой түбінде жатқан тас
Шер толқытса шығады.
Келесі бесінші сайысымыз: (Берілген сөздің мағынасын тауып айтып,
түсіндіру керек. Қоржыннан асық алу).
1. Көгентүн туыс, ілілк, жұрағат адамдардың қазаққа келгенде, оның
баласына ескерткіш ретінде, сый ретінде берілетін мал, қозы т.б. Бұл
бала үшін сый, қуаныш болса, ата-аналар ушін құрметтеудің белгісі.
2. Байлау «Бері кел, бала мынаны!» соғып алған анды, олжаны, тауып
алған затты әр адам жанындағы кісілерге сыйға тарту. Мұны «байлау»
дейді.
3. Қарғыбау қыз сұрап құда түсуге кеоген адам көздеген жеріне
алдымен «жаушы», яғни құдалық жолын сөйлеуші беделді адамды
жібереді. Екі жақ келіскен жағдайда алдағы той, қалың мал мөлшері
анықталады. Жаушы қыз әкесіне «Қарғыбау» ұсынады.
4. Жасау ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік «жасау» деп аталады.
Жасауды қыздың еншісі демеде болады. Халық өыздың жасауына аса
зор көніл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан
жинасаң жетеді» деген екен.
Сайыс арасында бүлдіршіндердің орындауында ән мен ритмикалық
жаттығулар және белсенді ата-аналардың арасында ән орындалады.
Ақылы мен күші тең
Сөз мен ісі тең – дегендей енді
«Қонақжайлық дәстүрі» Алтыншы сайыс: Әр отбасы 10 минутта бір
салат жасап көрсетуге тиіс, онда апаның, әкенің, баланың іс-әрекеті
бағаланады.
Қазылар алқасы сайысты қорытындылағанша, ойын «Мақтау»
(«Комплимент»).
Ұстаз: Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар біріншіден сіздерге
рахмет, осы сайысқа уақыт тауып келгендерініз үшін, тіл
байлықтарыңызбен, шеберлігініз үшін, сөз байлығы тіл байлығы. Тіл
байлығы - ақыл байлығы демекші.
Сіздердің белсенділіктеріңіз арта берсін деп, отбасыларыңызға,
амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!
5
Қазылар алқасының төрайымына сөз береміз.
Өнегелі отбасы, шебер отбасы, өнерлі отбасы, білімді отбасы
денгейі бойынша сыйлықтармен марапаттайды.
6
Тақырыбы: Жарасымды отбасы
Өткізілу түрі: сайыс
Мақсаты: Ата-аналар мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты
ұлғайту, олардың өз ұлттық салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін
арттыру. Қазақтың көне сөздері және ырым-тыйым сөздері жайында
мағлұмат беру. Ата-аналар мен балалардың бір-біріне деген түсінушілік
көз қарастарын кеңейту.
Көрнекті құралдар : Сиқырлы қоржын, асықтар, конверттер, қағаз,
қайшы, желім, түрлі-түсті қағаздар, әр түрлі табиғи материалдар, қыл-
қалам, картон, салфетка, сыйлықтар т.б.
Әдіс-тәсіл : Сұрақ-жауап, ойын.
Ұйымдастыру барысы : Ата-аналармен таныстыру:
Жүргізуші : Бар асылын халықтың
Құйған сана ойыңа
Туған тілім өркенде
Қала берші күшті көркемде.
«Тәрбие басы отбасынан басталады» деген, бүгінгі «Жарасымды
отбасы» атты сайысымызды бастайық.
Жүргізуші : Енді, осы сайыскерлерге сараптап, әділ бағасын беретін,
әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
Сіздерге осы сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейін.
1. Таныстыру
2. Балаларға сұрақтар
3. Ата-аналарға сұрақтар
4. Өз өнерлерін көрсету
5. Мақал-мәтелдер
6. Шеберхана
7. Жұмбақтар
8. Ойын
Жүргізуші : ата-аналар мына жерден бір-бірден нөмір алыңыздар.
Сосын ретпен кім бірінші сол кісі бастайды. Әрі қарай жалғастыра
бересіздер.
Бірінші сайыс: Таныстыру (Әр отбасы өздерін өтеді).
Екінші сайыс: Балаларға сұрақтар (Қаржыдан асықтар алып ондағы
нөмірлерге байланысты сұрақтар беріледі).
1. Жыл мезгілдерін ата?
2. Қандай үй жануарларын білесіндер?
3. Бір жылда неше ай бар, атап бер?
4. Қандай ұлттық ойындарды білесін?
5. Алдымызда қандай мерекелер келе жатыр?
6. Тыйым сөздер?
Үшінші сайыс: Ата-аналарға сұрақтар. Конверттер тандап алып, оның
ішіндегі сұрақтарға жауап беру.
1. Жеті қазынаны ата?
2. Жеті атаны ата?
7
1. Киіз үйдің түрлері?
2. Ұлттық музыкалық аспаптарады атаңыз?
1. Қазақтың ұлттық киімдерін атаңыз?
2. Зергерлік бұйымдар?
1. Бесік қандай бөліктерден тұратынын атаңыз?
2. Қазақша жыл аттарын санау.
1. Наурыз көже қалай жасалады?
2. Мұсылманның бес парызын атаңыз?
Төртінші сайыс: Мақал-мәтелдер сайысы.
Жүргізуші: Мен, қазір бір жолын айтамын, Сіздер әрі қарай
жалғастырасыздар.
1. Өнер он іспен тең
Өнерпаз он кісімен тең.
2. Ақылдан асқан байлық жоқ
Кітаптан асқан қазын жоқ.
Еңбек етсен ерінбей
Тояды қарнын тіленбей.
3. Әзілін жарасса атаңмен ойна.
4. Сөз тапқанға, қолға жоқ.
5. Сәбидін тілегі қабыл,
Атаның батасы қабыл.
6. Ұлт қасиеті – тілінде, Құс қасиеті – қанатында.
7. Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Бесінші сайыс: Өнер көрсету.
Жүргізуші: Қазақ жұрты киелі, қнерліні сүйеді,
Сіздерді күтіп отыр, сонша қауым.
Би билеп, ән салып бер енді. демекші, ендігі кезекті
өнерге береміз. (Әр бір отбасы өз өнерлерін көрсетеді).
Алтыншы сайыс: Шеберхана
Жүргізуші: Әркімге керек қол өнер,
Он саусағынан он өнер.
Түгел болар дүниең,
Біліп алсаң оны егер.
Келесі кезекті қол өнерге береміз (7 минутта әр түрлі заттар жасау).
Жетінші сайыс: Жұмбақ сайысы.
Жүргізуші: Ойнайықта, ойлайық қандай жұмбақ болсада шешпей
оны қоймайық.
1. Еріксе, құйрығымен ойнайды,
Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды. (Мысық)
2. Қаймықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл)
3. Бір көрсе өзі білік, іші қуыс,
Ол заттың сүйегі көп айқыш-үйқыш
Көзі бар жарқыраған төбесінде,
8
Жайса үлкен, жинағанда бәрақ уыс. (Киіз үй)
4. Қолы бар, саусағы жоқ,
Мойыны бар, басы жоқ.
5. Әжем уыстап сығып кептірген,
Қатты, әрі тәтті делік,
Кім бар жеп көрген? (Құрт)
6. Ұшады қанастыз, зырлайды аяқсыз. (Зымыран)
7. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза, жаза арықтаған. (Бор)
8. Жазу үшін соған, қажет қағаз. (Қалам)
9. Бір нәрсе өзі жансыз, іші талпақ,
Бір қолы шекесінде шыпамактап,
Бір мұрны, бір ауызы бар, бәр қалпағы,
Өзінің аяғы жоқ табаны жалпақ. (Шәйнек)
10. Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (Түйе)
Жүргізуші: Енді әділ-қазылар сіздердің ұпайларыңызды, есептеп,
санағанша біз сіздермен ойын ойнайық.
Ойын: «Жыланның құйрығын басып кетпе».
Жүргізуші: «Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар»- демекші, сөз кезегін
әділ-қазылар алқасына береміз.
Өнерлі отбасы, өнегелі отбасы. Шебер отбасы, білімді отбасы деңгейі
бойынша сыйлықтармен марапатталады.