Конспект урока "Қожанасыр мен ашқарақ" 3 класс

Күні : 21.10.2016ж
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: «Қожанасыр мен ашқарақ»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің үлгісі, жанры-аңызбен
таныстыра отырып , қомағайлық, тойымсыздықтың ұятқа қалдырып, азапқа түсіретінін,
қанағатшыл, байсалдылық бақытқа жеткізетінін түсіндіру.Аңызды дұрыс түсініп,
түсінгенін баяндай білуге баулу.Топтық жұмысқа, шығармашылыққа, адамгершілікке,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мазмұны бойынша суреттер, төрт түлік малдардың беипердесі,
үлестірмелі қағаздар т.б.
Сабақтың түрі: проблемалық сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Психологиялық дайындық.
Ойға толып санамыз,
Бестік баға аламыз.
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз.
Өте жақсы балалар, бүгінгі сабағымызды бір үйдің баласындай татулықта өткіземіз деген
сенімдемін.
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау,қайталау
«Серпілген сауал» арқылы үй тапсырмасын қорыту.
Енді қыркүйектен бері әдебиеттік оқу пәнінен алған білімдерімізді жалпылама түрде
қорытып өтсек. Олай болса, тақтаға назар аударамыз.
(сөзжұмбақ шешу арқылы қорыту.)
ІІІ. Жаңа сабақ
А
Б
А
Й
Қ
Ң
Б
А
Қ
Ы
Б
Ы
Р
А
Й
З
Е
Р
Е
К
Т
і
к
Б
Д
А
Й
Б
О
А
Қ
Р
Ы
Н
Б
А
С
1.Қазақтың ұлы ақыны
2.«Уф» десе ұшасың,
«Суф» десе қонасың – деген өлең жолдары қай кейіпкерге қатысты айтылған?
1. Қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан ұстаз
2. Шоқан Уалиханов туралы жазылған әңгіме қалай айтылады?
5.Жиғанымыз дән,
Айналамыз толған ән – деген кейіпкерді ата
6.Түйенің төлі
7.Жұмыртқадай жұқа басын жарып, жан тапсырған ертегі кейіпкері
Осы сөзжұмбақты шешкенде, тігінен қандай сөз шықты?
Дұрыс аңыздар
Ал, балалар аңыз деген сөзді кім қалай түсінеді екен?
(оқушылардың ойларын тыңдау)
Өте жақсы, олай болса бүгін біздер қазақ әдебиетінің ауызша жеткен халық
шығармаларының бір түрі аңызбен танысамыз. Олай болса экранға назар
аударамыз
(Өмірде болған адамның басынан өткен әңгімені аңыз дейді.)
Жақсы, балалар , енді барлығымыз экранға назар аударайық.
(экраннан аңызды көрсету)
Міне, балалар аңызды тыңдадық. Аңыз кім туралы екен?
V. Жаңа сабақ :
Оқулықтан «Қожанасыр мен ашқарақ» аңызын ашқызу.
Дәптермен жұмыс
Дәптерге күннің реті мен тақырыпты жазғызу.
Оқулықпен жұмыс :
1. Тақырыпты оқыту. –Ашқарақ деп кімді айтады?
2. Аңызды тізбектей оқыту, мазмұнын әңгімелету.
3. Іштей оқыту.
4. Рөлге бөліп ойнату
Сабағымызды әрі қарай
№ 5 тапсырманы қарап жалғастырамыз.
(оқушыға оқыту)
Жақсы балалар, бұл тапсырманы әр топқа бергім келіп тұр. Қазір мен
Топқа
1 топқа «Қонақта», 2-топқа «Қонақ күту», 3-топқа «Қонаққа бару» тақырыптарын бөліп
беремін. Бірігіп,топтасып,жұптасып, ойланып жауап беріңіздер ауызша немесе жазбаша
түрінде.
(Әр топтың жауаптарын тыңдау)
Өте жақсы балалар, барлығымыз қонаққа барып, көңіл көтергенді жақсы көреміз. Той
мерекелерге барғанда не істейміз?
Билейміз.
Дұрыс балалар, би адамның көңілін көтеріп, денсаулыққа едәуір пайдасын тигізеді. Көп
билеп, қимылдаған адам артық салмақ қоспай, әдемі, сымбатты болып өседі екен.
Олай болса, қазақ халқының аңызға айналған биін билеп бой сергітіп алсақ деймін.
Сергіту сәті: «Қаражорға» биі. (2-3 мин)
Жаңа сабақты қорыту.
Бекіту. Топтық – шығармашылық тапсырмалар.
Енді, бүгінгі жаңа сабақты әр топ өз мүмкіндігінше бекітеді.
(әр топқа тапсырмалар беру)
Топпен жұмыс «Ойлан-Бірік-Талқыла» әдісі
1 топ «Қожанасыр» мінездеме
ІІ топ «Ашқараққа» мінездеме беру
ІІІ топ Өлең жолдарындағы жасырын сөзді аңыз мазмұнының желісі бойынша
табу керек.
Тойға барған Қожанасыр,
Көріп қалды ашқарақты.
Қылығына ашуланып,
Құйды шәйды қалтасына.
Ашуланған ашқарақ,
Дүрсе қойды Қожаға.
Жауап берді Қожа сонда,
Қанағат керек адамға.
Қорытындылау.
Міне, балалар қазақ халқы үнемі шүкіршілікті, қанағатшылдықты еш уақытта жадынан
шығармаған халық. Қазақтың ұлы ақыны Абай адамзатты бес асыл іске талап, еңбек,
терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой — деп адамды адамгершілікке, ұқыптылыққа,
әдемілікке шақырды емеспе. Олай болса, бар болғанымызға қанағат тұтып, салиқалы
азамат пен азаматша болады деген үлкен сенім білдіре отырып, бүгінгі сабағымызды
қорытындылаймыз.
Үйге тапсырма: «Қожанасыр мен ашқарақ» мазмұнын айту
Бағалау.