Конспект урока "Күй шежіресі Ә. Қонысбеков" 5 класс
Үлгі сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Күй шежіресі Ә.Қонысбеков».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Күйші Ә.Қонысбековтың Наурыз күйін оқушыларға үйрете
отырып , ұлттық өнердің құндылығын насихаттау.
Дамытушылық:Жас тұлғаның ойнау шеберлігін арттырып , есте сақтау
және сауаттылығын жетілдіру .
Тәрбиелік : Күй арқылы шәкірттің ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін
және патриоттық рухын көтеру.
Сабақтың жабдықталуы: Суреті, слайд, нота.
Сабақтың формасы: ұжымдық сабақ
Сабақтың барысы: Ә.Қонысбековтың өмір баянына тоқталу . Күйдің шығу
тарихымен таныстыру . Наурыз күйін оқушыға тыңдатып сосын күйдің
шығу тарихын айту.
Жоспары:
1.Ұмдастыру кезені
2.Өмірі
3.Күй туралы әңгіме
4.Күйді ұйрену
5.Музыкалық сауатылық күйдің қийын жерлеріне, музыкалық терминдерге
түсінік беру.
6.Күйді талдау
Жаңа сабақ:
Қазақ күй мәдениетін дамытуға өз үлесін қосқан Өзбекстан
Республикасының Әндіжан облысының тумасы Қонысбеков Әлімбек
Тұрсынбекұлы қасиетті Созақ өңірінде діни медресседен білім алған адам .
Кешегі кеңес дәуіріндегі Голощикин үстемдік құрған тұстағы зомбылықтың
тұсында әкесі қуғын көріп , отыз жылдай уақыт Қырғыстан , Өзбекстан ,
Тажікстанды паналауға мәжбір болды . Әкесі Қонысбек Ұлы Отан соғысында
екі мәрте ауыр жараланып , көрсеткен ерлігі үшін ІІІ- дәрежелі «Даңқ»
орденімен , бірнеше ерлік медалдарымен марапатталған.Әлекең
П.И.Чайковский атындағы консерваторияны бітірген . Әлімбек Қонысбеков
кезінде Асанәлі Әшімов , Раймбек Сейтметов білім алған Ы.Алтынсарин
мектебінің түлегі . Отбасылық « Қонысбековтер ансамблінің» көркемдік
жетекшісі ретіндде де танымал болған. Сонымен қатар Кентау қаласындағы
№1 балалар саз мектебінде халық аспаптар бөлімінің жетекшісі болды. Содан
кейін облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының бөлім
меңгерушісі қызметін атқарды . Бүкілодақтық ІІ-ші және ІІІ – ші халық
шығармашылығы фестивальінің лауреаты атанды. Жоғары дәрежелі ұстаз ,
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі атағына ие болған және
кезінде кеншілер мәдениет сарайының халық аспаптар оркестірінің
ұйымдастырушысы болған. Бүгінгі сабағымызда «Наурыз» күйіне
тоқталамыз.
Күйдің өлшемі 2 4
қағысы : ПVПV , ПVП
екпіні : көңілді динамикалық белгілері : mf , P , f
Альтерация белгілері : Ь, # Осының бәрін оқушыға түсіндіріп , алдымен
оқушыға бірден оқытып үйретемін . Сосын домбыраға салып ойнатамын.
1.Наурыз дегеніміз не?
2.Оны қалай қарсы алу керек?
Күйдің шығу тарихымен таныстыру . Наурыз – өте көнеден келе жатқан
шығыс халқының көпшілігінің жаңа жыл мейрамы . Наурыз парсы тіліндегі
нау – жаңа , руз – күн деген сөздерден қалыптасқан . Көшпенділердің
байырғы астрономиялық түсінігі бойынша әрбір жыл алты ай жаз бен алты
ай қысқа бөлінеді . Демек Наурыз жаз бен қыстың жамандық пен
жақсылықтың суық пен жылының қайрымдылықпен қатыгездіктің
күрестартысының тоғысқан жері. Енді қайта құру уақытының,
демократиямен жариялылықтың салтанпатты нәтижесінде 1988 жылдың
көктемінен Наурыз ұлттық қана емес , татулық мерекесі болып тойлануда .
Наурыз күйі еліміздің Егемендік алып салт-дәстүріміз қайта жаңғырып ,
әдеп-ғұрпымыз оралып халқымыз қуанышқа бөленген тұста 1991 жылы
дүниеге келді. Күйде жыл басы Наурыз бен қайта қауышқан халықтың
ақжарқын пейілі шаттық көңілі көрініс тепкен. Наурызды ислам дінінің
беделін арттыру үшін пайдалануды мақсат етіп , Наурыз мерекесі халифатты
басқарып отырған Әли иманының құрметіне тойланатын той , ал 22
наурыздағы берілетін тағам Мұхаммед пайғамбарға бағышталған қасиетті
тағам болып жарияланады. Наурыздың 21-22 –не қараған түннен жақсылық
женген күн «Наурыз келді» «Ұлыстың ұлы күні келді» деп халық қуанышка
бөленген.
Қорытынды бөлім.
Бағалау. Үйге Ә.Қонысбековтың «Наурыз» күйін жаттау.
Жаңа тақырып сұрақтар арқылы бекітіледі.
А) Ә.Қонысбеков туралы не білесіңдер?
Ә) Ә.Қонысбековтың қандай күімен таныстық?
Б) Күйдің шығу тарихы қандай?
Үйге берілген тапсырманы сұрау және пысықтау.
Бағалау:
Үй тапсырмасы мен жаңа тақырып бойынша оқушының бүкіл сабақ
бойы берген жауабы жинақталып, дәріптей отырылып бағаланады.
Үйге тапсырма: Үйге Ә.Қонысбековтың «Наурыз» күйін жаттау.
Наурыз мерекесіне байланысты өлең, тақпақтар,сурет салып әкелу
Анализ: Мұғалім жүргізілген ашық сабақ бойынша анализ жасайды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Музыка әлемінде №1, Алматы 2005ж
2. Ғаламтор
3. Б.В.Асафьев «Избранные статьи о муз просвещении» 1973г
4.«Ұлттық энциклопедия» 7том, Алматы2003ж
Музыка - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Красота русской природы в музыкальном искусстве" 5 класс
- Конспект урока "Как Россия ела" 5 класс
- Конспект урока "Изучение фортепианной пьесы с использованием ИКТ" 5 класс
- Конспект урока "Изучение современной музыки в ДШИ" 5 класс
- Конспект урока "И. Нүсіпбаев “Біздің Отан”" 5 класс
- Конспект урока "Зимние образы в музыке" 5 класс