Конспект урока "Сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев" 6 класс

6 сабақ жоспары
Сынып: 6
Күні:
Тақырыбы: Сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев
Мақсаттары: Оқушыларға сырлы әндерімен халыққа танымал әнші,
композитор А. Қоразбаев туралы мәлімет, тың ақпараттар бере отырып,
өнерге деген көзқарас қалыптастыру, оқушының танымдық қабілетін
дамытып, саналы деңгейге көтеру.
Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін - өзі таныған, ақыл - ойын жан -
жақты дамытқан өзіндік пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу
Әдіс - тәсілі: Түсіндірмелі, диалогтік оқыту әдісі. Сыни тұрғыдан ойлауға
үйрету
Басы
1. Осы күні сыныптағы оқушылардың санын білу және оқу құралдарының
әзірлігіне, көңіл – күйлеріне мән беру.
Үй тапсырмасын сұрау одан әрі жаңа сабаққа көшу.
Ортасы
1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, жетістік критерийлерімен таныстыру.
І Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал.
Сыныпты топқа бөлу
1 - топ. “Үшқоңыр”
2 - топ. “Шашбаулым”
3 - топ. “Бозторғай”
«Миға шабуыл»
1. Қандай тарихи әндерді білесіңдер?
2. Ә. Бейсеуовтың «Армандастар» әні қалай туды?
3. «Армандастар» әнінің сөзі өзіңе қандай ой салды?
Дауыс жаттығуы
Күй сандықты ашайық,
До, до, до.
Тілдерін біз басайық,
До, до, до.
Бас дыбысты басайық.
До, до, до.
Жайлап әнге салайық
До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до.
Ән орындау: Ә.Бейсеуовтың «АРМАНДАСТАР» әнін орындау
2. Ой шақыру:
Домбырамен «Әгугайды» жырлаған,
Кыздарға Шашбаулымды сыйлаған.
Кара кемпір, қара шалды әнменен,
Халқына өшпес мұра етіп қалдырған кім?(- А. Қоразбаев)
Музыка тыңдау: А. Қоразбаевтың
« Сағындым Алматымды» әнін тыңдата отырып, әннің орындаушысын,
композиторын ажырату.
(Әнші, композитор портреті көрсетіледі)
Үштілділік:
Сазгер - композитор - composer
Жаңа сабақты үй тапсырмасымен байланыстыру.
1) Портреттегі кісі сендерге таныс па?
Оқулықпен жұмыс. «Сырлы әндерімен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев»
- А. Қоразбаев туралы не білесіңдер?
Жаңа ән: «Көк тудың желбірегені» Әнін жазған Ермұрат Зейіпхан, сөзін
жазған Алмас Ахметбекұлы. Әннің мәтінімен жұмыс
Әннің әуенін үйрету
Әнді сүйемелдеумен орындату
әнінің 1 - 2 ш үйрету.
- Балалар тыңдаған әніміз бен үйренген әніміздің арасында қандай ұқсастық
бар?
Постермен жұмыс:
1 - топ. А. Қоразбаевтың өмірі мен шығармашылығы.
«Көк тудың желбірегені» әнін шапалақтау арқылы орындау
2 - топ. А. Қоразбаевтың әндері.
«Көк тудың желбірегені» әнін аспаптар арқылы орындау
3 - топ. А. Қоразбаевтың шәкірттері.
“Көк тудың желбірегені” әнін адымдай жүріп орындау
Әннің мәтінімен жұмыс
Әннің әуенін үйрету
Әнді сүйемелдеумен орындату
Соңы
«Ой қорыту» стратегиясы
1. Бүгін мен не үйрендім?
2. Маған не ұнады/ ұнамады.
3. Жаңа сабақ бойынша пікірің, сұрағың.
«Мен бүгін не білдім...» сұрақ аясында оқушылардан сұрап өту
Тақырыпқа байланысты түрткі сұрақтар беру