Конспект урока "Таңғажайып" 7 класс
Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті
Таңғажайып 7 саны
Секция: математика
Бахтиярқызы Аяулым
Қалимбет Нурайым
Сыныбы: 3 «а»
Мектебі: М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп
Жетекшісі: Толкимбекова Нуршолпан Смахановна
2017 жыл
Абстракт
Мақсаты:
1. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында
сақтап қалу.
2. Киелі сандар туралы ең маңызды,қызықты және түсінікті нәтижелерді
жинақтау.
3. Таңғажайып 7 санын зерттеу арқылы сөздік қорын дамыту,тіл нормасын
сақтап сөйлеуге жаттықтыру,өзіндік ой-пікірін,көзқарасын қалып-
тастыру.
4. Халықтық педагогика элементтерін кеңінен пайдалану,ұрпақ бойында
адамгершілік қасиетін дамытуда пайдасы бар екенін зерттеу.
Болжау:
Қасиетті сандардың мағынасы мен тиімділігіне көз жеткізу.Осы
сандардың тұрақты тіркестерде,аңыз-әңгімелерде,жыр-дастандарда салт-
дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданудағы әсерлігін
таныту.
Зерттеу бөлімдері:
1. Қасиетті сандармен танысу.
2. Қасиетті сандардың өмірде алатын орнын түсіндіру.
3. Таңғажайып 7 саны туралы ең маңызды,қызықты және түсінікті
нәтижелерді жинақтау.
4. Білім беруде және тәрбие саласында қасиетті сандардың алатын орнын
зерттеу.
5. Қасиетті сандардың ұрпақ бойында адамгершілік қасиетін дамытуда
пайдасы бар екенін зерттеу.
Эксперименттік әдістеме:
Күнделікті өмірде қасиетті сандарды орынды қолдану.
Өзектілігі:
Қазақ халқының салт-сана мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін
оқушы бойына сіңіру. Қасиетті сандарды тұрақты тіркестерде, әңгімелерде,
салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты дұрыс қолдануға көз
жеткізу.
Тәжірибелік аймақтың қолданылуы:
Күнделікті өмірде қолдану.
П І К І Р
« Таңғажайып 7 саны» тақырыбы бойынша жұмыс жасап
жүрген 3«а» сынып оқушысы Бахтиярқызы Аяулым мен
Қалимбет Нұрайымға жетекшісінің жазған пікірі
3 «а» сынып оқушысы Бахтиярқызы Аяулым мен Қалимбет Нұрайым
екеуі де алғыр,ізденімпаз.Өмірді, айналаны,әлемдегі қызықтарды танып
білсем деген қызығушылығы , ізденімпаздығы жыл сайын ар тып келеді.
Биылғы жылы Аяулым мен Нұрайым өз қалауларымен « Таңғажайып 7 саны»
тақырыбын таңдап ,ғылыми жұмысқа қатысып ,өз білімін ,оқып- үйренген,
зерттеген жұмыстарын дәлелдемекші.
Тақырыпты таңдап алғаннан бастап өз беттерімен ізденіп ,түрлі
материалдар жинастырды.Аяулым мен Нұрайымның ғылыми жұмысқа деген
ынталары мен қызығушылықтары арта түсті,өздерінің білімпаздықтары мен
зеректіктерін байқатты.
Жазғы демалыс кезінде ауылдағы ата-әжелерінен,үлкендерден қасиетті
сандардың құпиялары мен шығу тарихын,себептері мен маңызы жайлы көп
деректер сұрастырып, өздеріне керектерін күнделіктеріне жазып отырды. Сол
сияқты кітапханаларға барып,газет-журналдардан,кітаптардан,интернет
желілерінен түрлі деректер жинақтады.
Қазақ халқы бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін сал-
мақтап,өзіне тән ерекшелігін саралай білген,орнына,маңызына сай
қолданғанын,әр санда өзіндік кие болатынын,мақсаты мен мағынасы
болатынын сезе,түйсіне білді..Әр санның өзіндік қасиеті,тәрбиелік
мәні,саналы орны бар екендігін ұғынды.
Мектепте,сыныпта,үйде жүрсе де айналасындағы достарына ,бауырларына
үнемі қасиетті сандардың мән-мағынасын түсіндіріп беруге тырысады. Ата-
әжесі, әке-шешесі,туысқандары арасында да ғажайып сандар жайлы үнемі
пікір алмасып, білмегенін сұрап,үйреніп отырады.
Бахтиярқызы Аяулым мен Қалимбет Нұрайым екеуі де сабақта өте
алғыр,зерек,шығармашылық жұмыспен айналысқанды ұнатады. Ой-қиялдары
ұшқыр.Бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тырысады. Сыныптағы, сыныптан
тыс іс-шараларға,түрлі сайыстарға үнемі қатысып отырады.
Жетекшісі Толкимбекова Нуршолпан Смахановна
КІРІСПЕ
Қазақ халқы бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін
салмақтап,өзіне тән ерекшелігін саралай білген,орнына,маңызына сай
қолданған.Әр санда өзіндік кие болатынын,мақсаты мен мағынасы болатынын
сезе,түйсіне білген.Әр санның өзіндік қасиеті,тәрбиелік мәні,саналы орны
болған.
Ұлы ғұлама,әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың
жылдан аса уақыт бұрын «адамға ең бірінші білім емес,тәрбие керек.Тәрбиесіз
берген білім адамзаттың қас жауы»,-деген қағидасын ұстанамын.
Ал Пифагор болса: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген
екен.Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз
еркінде.Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе
бермеуі мүмкін.Дейтұрғанмен,әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз
иеленетінін жоққа шығара алмаспыз.Математика өмірді сан арқылы
бейнелейді.Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудан
бұрын-ақ санауды үйренгені хақ.Сен сандарды жалықтыратын нәрсе деп
ойлайсың ба?Тағы да ойланып көр.[1]
Адамдар қалай санай бастаған?Адамдар санай бастаған кезде,сірә,санау
үшін қол саусақтарын пайдаланған болар.Барлық адамдарда он саусақтан
болғандықтан,ондықтармен санау ыңғайлы болған.Біздің қазіргі заманда
санаудағы ондық жүйесі осылай туындаған.Адамзат баласы сандардың атауын
ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға
көмектескен.Сен бірдеңе санау кезінде саусақтарынды пайдалансаң,ешқашан
да жаңылыспайсың.Саусақтарыңа қарап-ақ,сандарды атамастан оларды көз
алдыңа елестете аласың.Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне
замандардан бері бар.Тіпті қазір де біз «сан» сөзін пайдаланамыз.Ол «саусақ»
деген ұғымды білдіреді.Міне,біздің зерттеу тақырыбымызға арқау болып
отырған да осы сандар арасындағы 7 саны және оның қасиеті.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген,әр сөзіне мән берген
халық.Қазақ үшін әр сөздің ғана емес,әр санның өзіндік қасиеті,шариғатқа
қатысы,тәрбиелік мәні,саналы орны болған.Расында Қазақ бір санынан
бастап,әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап,өзіне тән ерекшелігін саралай
білген,орнына маңызына сай қолданған.Әр санда өзіндік ие
болатынын,мақсаты мен мағынасы болатынын сезе,түйсіне білген.[1]
-3-
Негізгі бөлім
1.1.Сандардың шығу тарихы.
Математика-ғылымдардың ішінде ең ерте шыққаны,оның тарихы ғасыр- лар
түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған.Адамзат тағылымының даму
дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кіші»
ұғымдары уған.Бұлар кейін «тең» ұғымының шығуына негіз болған.
Күн көріс қамы тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте заманның адамдарын
айналасындағы заттарды санауға,нәрселердің мөлшерін өзара
салыстыруға,жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен.Заттарды санаудан
1,2,3,4,5,...т.с.с.натурал сандар ұғымы қалыптасқан. «Нәрселерді санағанда
қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады».Кез келген натурал санды
он цифр 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 арқылы жазып көрсетуге болады.Сандарды
осылайша жазу тәсілі ондық тәсіл деп аталады.[1]
Ең алғаш сандар,яғни цифрлар б.з.д. 2 мыңжылдықта болған
деседі.Тарихқа жүгінсек,дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда
қолданылғанын айғақтайды.Ол кезде сандар 1 мен 0-ден ғана тұрған
секілді.Бірлік,ондық,жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған.Кейіннен атақты
ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан.Бірнеше бөліктерге
бөлген.Ол өз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен.
Әрбір сан,цифрдың түбінде қандай да бір ой,идея жатыр.Сол идеяның мән-
мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым-нумерологияны ашқан.
Нумерология арқылы санның шығу төркінін,мән-мағынасын,оның адам
өміріне деген әсерін ұғынуға болады.Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша
әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты.Ол
кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады.[2]
Қарап отырсақ,әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары
болады.Біреудің бақытты саны-13,бақытсыз саны-9 делік.Мұндайға шын
көңілмен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске
асырады.Ал 9-ы күні әр қадамын абайлап басып,тіпті үйден шықпай,төрт
қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар.Сөйтіп,ол
13 саны байқалған жерде батыл жүрсе,9-дан үнемі сақтанады.Жеке адамды
қойшы,мұндай құбылыстарға жаппай халық боп сенетініміз де бар емес пе?
Өзіміздегі «жеті қазына», «ер кезегі үшке дейін», «сәрсенбінің сәтті күні»
ұғымдары,тұрақты көршіміз-орыстардың «қасиетті үштігі», америкалықтар-
дың естігенде жандары түршігетін,күні бойы үреймен өткізетін «айдың 13-дегі
жұмасы» тағы басқа түсініктер жоғарыда айтқанымызға дәлел бола алады.
Сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды.Атап айтсақ,ерекше мәнде
қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары.Сан есімдердің
ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен
-4-
ерекшеленеді.Бұндай жағдай,әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде,
аңыз-әңгімелерде,жыр-дастандарда,салт-дәстүрлерде және басқа дүниета-
нымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі.Сонымен бірге бұл
құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.
1.2. 7 саны – қасиетті сан.
Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті
санында сиқырлық күш бар деп санаса,оны киелі,қасиетті деп ұғатын да ұлттар
бар.Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп,бірқатар таным-түсінігі
мен табиғат құбылыстарын,аспан денелері мен заң,жүйелерді жеті санымен
атайды.Алла Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі-
Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.
Қазақтардың таным-түсінігіндегі Жеті ата.Бұл-қазақ халқының дәстүрлі
салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі.Әрбір
қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті.Мұны
әке-шешесі,ата-әжесі үйретіп,жаттатуға тиіс.Өйткені,қазақта жеті атаға дейін
қыз алыспайды,оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы туыс саналады.[3]
Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады:
1.Бала.
2.Әке.
3.Ата.
4.Үлкен ата.
5.Баба.
6.Түп ата.
7.Тек ата.
Сондай-ақ,адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек
жалғасады:ата,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене.Мұнан соң туыстық
атаулар әрі қарай:жүрежат,туажат,жұрағат,жат жұрағат, жегжат,жамағайын
болып кете береді.Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың,бүкіл халықтың
бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.Ол-
этникалық тұтастықтың қуатты арқауы,темірқазығы.Сол себепті ата-
бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген:жетесіз», «Ата-тегін айтқанның айыбы
жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет,аманат етіп айтып
кеткен.Қазақтар бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат,жүрежатты «Же-
ті Тұсты» деп те атайды.
Жеті қазына.Ол жөнінде пікір таласы көп.Алайда қазақтар ертеде жеті
қазынаға мыналарды жатқызған: [3]
1.Ер жігіт.
2.Сұлу әйел.
3.Ілім-білім.
4.Жүйрік ат.
5.Құмай тазы.
6.Қыран бүркіт.
7.Берен мылтық.
Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып,оған мыналарды
жатқызған:
-5-
1.Адамның ақыл-ойы,санасы.
2.Денсаулық.
3.Ақ жаулық (ердің жары).
4.Бала (өмір жалғасы).
5.Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса,ынтымақ,береке орнайды).
6.Жер («Жерсіз-ел тұл,ерсіз-жер тұл»).
7.Ит.
Жігіттің жеті қазынасы.
Жүрдек аты- жігіт қаны,қанаты
Қыран бүркіт- қарым күші,қуаты.
Құмай тазы- бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы- сөнбес оты,серігі
Алмас кездік- жігіт сусы, һәм мысы
Ау жылымы- амал,айла,әдісі
Қара қақпан серті себі тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің.
Ал, Ислам аңызы бойынша,жеті қазынаға мыналар жатады:
1.Қыдыр (қызыр).Қыдыр дарыған адам бай болады.
2.Бақ.Ол ерекше жаратылған құдірет иесі.Бақ дарымайды,қонады.
3.Ақыл (Байлық пен бақыттың тірегі).
4.Денсаулық.
5.Ақ жаулық.
6.Тұз (Ол –Алланың адамдар мен жануарларға берген несібесі,таусылмайтын
кені).
7.Ит.(Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі).
Қазақтардан басқа халықтарда да жеті қазына туралы өзіндік таным,
түсінік бар. Мысалы,грек аңыз- әңгімелерінде жеті қазынаға мыналар жатады:
1.Көк аспан.
2.Күн (барлық зат оның шуағынан нәралады).
3.Ай (түнгі тіршілік нәрі),
4.От (От-Күннің жердегі сүлдесі.Оны пайдалану арқылы адамдар дүниенің
төрт бұрышына таратады).
5.Су.(Сусыз тіршілік жоқ).
6.Жер (тіршілік анасы).
7.Ит .
Жеті қат көк. Ол- аспан әлемі туралы мифологиялық түсінік.Оның үш
мағыналық сипаты бар.
Біріншісі: Аллаһ Тағала аспанды жеті қабатты етіп жаратқан. «Алланың жеті
аспанды қабат-қабат етіп жаратқанын көрмедіңдер ме?» (Құран Кәрім,72 сүре,
14 аят).
Екіншісі: жеті жұлдызға байланысты атау. Олар: Ай,Меркурий (Ғұтрад),
Шолпан (Зуһра),Күн,Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз),Юпитер
(Мүштари), Сатурн (Зұхал).
Үшіншісі: ежелгі түркілік мифологиялық түсінік негізіндегі мағына. ОЛ
мұсылмандық ұғыммен сіңісіп,ұмытылып кеткен.[3]
Жеті қат жер.Ежелгі наным- сенім бойынша олар мынындай:
-6-
1.Тұңғиық.
2.Жылан.
3.Су.
4.Қос балық.
5.Қара тас.
6.Көк өгіз.
7.Жер.
Жаратылыстың сегізінші қабаты- тағдырдың талайы жазылған «лайық» атты
жазу тақтасынан, тоғызыншы қабаты- «күрсі», «мінбер», және «тақ» орнатыл-
ған тәңірлер әлемінен тұрады.
Жетіқарақшы. Ол- аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз.
Оның 1,8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық
жұлдыздары – Алиот пен Дубке.Жетіқарақшының жарық жеті жұлдыздың
сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық
жұлдызын табуға болады. Жетіқарақшы наурыз,сәуір айлар ында жақсы
көрінеді. Темірқазықты айнала қозғалатын жетіқарақшы арқылы жер
тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады.[4]
Аптаның жеті күні. Олар : дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма,
сенбі, жексенбі.
Кемпірқосақтың жеті түсі. Жарық мынандай жеті түстен тұрады:
қызыл,қызғылт- сары,сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі
жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан
көрініп, кемпірқосақ пайда болады.
Жеті жарғы. Ол – Тәуке хан (1678- 1718) тұсында қабылданған Қазақ
халқының дәстүрлі әдет- ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан «Қасым
ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру
арқылы осынау заң жүйесін өмірге әкелген. Ол 20- ғасырдың басына дейін
қолданылып келді, «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы заңдарға
енгізген жеті өзгертуіне байланысты» дейтін тұжырым бар.[4]
Ол жеті өзгеріс мынандай:
1.Халықтың ханы,сұлтаны,пір- әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы
үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін.
2.Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе,олардың әрқайсысына
екі кісінің құны төленсін.
3.Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлаған-
дықтан,біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн; үйдің жапсарына байлаған ат теуіп
өлтірсе,жарты құн; ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе, тек ат- тон айып
тартады.
4.Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы
ата- ана өлтірсе де ерікті,сұраусыз болады.
5.Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол
тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым
іліп,ауылды айналдыру керек.
6.Құйрық- бауыр жесіп,құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе,оған
берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз
немесе бір қыздың қалың малы беріледі.
-7-
7.Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа атан, тайға ат, қойға тана
төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді.Әрине, бұл жеті өзгерістен басқа
да «Жеті жарғыда» жер дауы, отбасы, неке заңы, қылмыс пен құн дауы, куәлік
ету, ант беру, тонаушылық және тағы да басқа жағдайларға, тәсімдерге
байланысты,әдет- ғұрып, заң шаралары өз көрінісін тапқан.[4]
Жеті жұт:
1.Құрғақшылық.
2.Жұт (мал қырылу).
3.Өрт.
4.Оба (ауру).
5.Соғыс.
6.Топан су.
7.Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ:
1.Жерде өлшеу жоқ.
2.Аспанда тіреуіш жоқ.
3.Таста тамыр жоқ.
4.Тасбақада талақ жоқ.
5.Аллаһта бауыр жоқ.
6.Аққуда сүт жоқ.
7.Жылқыда өт жоқ.
Жеті жетім. Бұл жөнінде мынандай даналық сөздер бар:
1.Тыңдамаған сөз жетім.
2.Киюсіз тозған бөз жетім.
3.Иесіз қалған жер жетім.
4.Басшысы жоқ ел жетім.
5.Аққу,қазсыз көл жетім.
6.Жерінен айырылған ер жетім.
7.Замандасы қалмаса- бәрінен де сол жетім.
Жеті ғашық. Халықтың ән- жырында жеті ғашық мынандай екі нұсқада
кездеседі:
1.Ләйлі-Мәжнүн; Жүсіп- Зылиха; Фархад- Шырын; Тахир- Зухра; Арзу-
Қамбар; Уәлик- Ғарра; Уәки- Күлшаһ.
2.Ләйлі- Мәжнүн; Жүсіп- Зылиха; Фархад- Шырын; Баһрам- Күләнда;
Сейпілмәлік-Бәдіғұл: Бозжігіт- Анула (кей нұсқада Қарашаш); Зияда- Хорлы
(Хорлы-Ғайын).
Әлемдегі жеті санымен аталатын кереметтер Вавилондықтардың түсі-
нігінше, әлемде жеті планета бар.Сол себепті олардың ғибадатханалары да
жеті деңгейлі.Бірқатар діндерде де жеті саны киелі:еврейлердің балауыз
қойғышы,шырағдандары,менорлары жетіден.[5]
Ислам дінінде Жеті аспан: күміс, алтын, меруерт, ақ алтын, жақұт, анартас
және ғажайып жарық.
Жеті шәріп:
1.Мекке шәріп.
2.Мәдина шәріп.
3.Бұхар шәріп.
-8-
4.Шам шәріп.
5.Қатым шәріп.
6.Құддыс (Мысыр) шәріп.
7.Кәләм шәріп (Құран).
Жеті тозақ:
1.Сағир.
2.Лазо.
3.Сақар.
4.Жахим.
5.Жаһаннам.
6.Хауия.
7.Хатома.
Христиан дінінде Жеті саны: сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, са-
бырлық, ақылдылық және тухтың күші.
Таурат кітабы бойынша: Құдай 1-күні жарықты, 2-күні аспанды, 3-күні
жерді, 4-күні күн,ай,жұлдыздарды, 5-күні балықтар мен құстарды, 6-күні
аңдар мен адамдарды жаратқан, 7-күні дем алған. Бұл әлемді жаратуға
арналған жеті күн деп аталады.[5]
Әлемнің жеті кереметі.Алғашқы жеті керемет:
1.Египет пирамидасы.
2.Вавилонның аспалы бағы.
3.Ертедегі Артемида храмы.
4.Олимпиядағы Зевстің мүсіні.
5.Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы.
6.Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн құдайы) қолдан жасалған
мүсін.
7.Александрия маягі.
Бесінші ғасырдан бері танылған 7 керемет:
1.Рим колизейі.
2.Александрияда жер астында жол пішінде қазылған мазарлар.
3.Қытайдың ұлы қорғаны.
4.Англиядағы алып тас қорған.
5.Италиядағы Пиза қисық мұнарасы.
6.Қытайдың Нанжин қаласындағы фарфор мұнара.
7.Ыстамбұлдағы әулие София ғибадатханасы.[2]
1.3. 7 санына байланысты Қазақ аспаптары.
Қазақ ерте заманда көшпенді халық болғандықтан, түрлі музыкалық
аспаптарды тұрмыста кеңінен қолданған. Ағаш,қыш,темір,мүйіз сияқты күн-
делікті өмірде пайдаланатын шикізаттан алуан түрлі аспаптарды жасап
шығарған.Алғашында ол шаруашылыққа қажет бұйым болса,кейіннен
ырғақты ұстап тұратын музыкалық аспапқа айналған. Соның бірі сілкімелі
аспап- сылдырмақ.
Әрбір ұрып ойнайтын аспаптың өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың сыр-
сипаты мен ерекшелігі тембрлік және динамикалық дыбысталуына қарай
айқындалады.Сондай- ақ Орта Азия халықтары мен Латын Америкасы елде-
рінде бір- біріне ұқсас аспаптар көп кездеседі.Соның бірі- маракас аспабының
-9-
аспабының қазақи формасын музыканттар өзі ойлап тапқан.Халқымыз төрт
түлік малдың етін жеп, көлік ретінде пайдаланудан бөлек,оның сүйегін де
кәдеге жаратқан.Соның бірі- ат тұяғының дүрсілі сияқты малдың жүрісін
білдіретін аспап- мүйізше.Ол ерте заманда әуенді сүйемелдеуші аспап ретінде
қолданылған.Шеберлер немесе музыканттар аспаптың дыбысталуына қарай
оның санын қасиетті 7 санына дейін жеткізген.Ал оларға қолданылған
шикізатты Қазақстанның әр аймағындағы және әр түрлі жастағы ірі қараның
сүйектерінен жинайтын болған[2].
Жетіген- Қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы.Жалпы тұрқы
ұзынша,жәшік тектес етіпжасалады.Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ
жабылып,үн беретін ойықтары салынады.Жетіген- жасалуы да,ойналу әдіс-
тәсілі де өте күрделі аспап.Ертеректе ел арасында сақталған көне Жетігеннің
ішегі аттың қылынан тағылып,тиектің орнына асықтар пайдаланылатын
болған.Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі- берлі жылжыту арқылы
келтірілген.Ішек сандары жетеу болғандықтан,сапап Жетіген
аталған.Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым- зерттеуші Б.Сарыбаев
болды.Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған
күйші- өнерпаз жасап, «Жетігеннің жеті күйін» шығарыпты дейтін аңыз
бар.Аспаптық- фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын бұл аспап
1970 жылдан бері Т.Сарыбаев; Е.Құсайынов; С.Мерекеев, т.б. музыка-
шылардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды.Жетіген аспабының қазіргі
шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2-2,5 октаваға дейін
жеткізілді.Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында Жетіген аспабының
этнографиялық сипаттамалар бойынша жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген
үлгілері сақталған.[2]
-10-
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу жұмысымызды қорыта келгенде қазақ халқында 7 саны – ерте
замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз : 7 қазына, ұлттық та-
ғамдардағы 7 түрлі қоспалар, әлемнің 7 кереметі, аптаның 7 күні,
кемпірқосақтың 7 түсі,Жетіқарақшы жұлдызы, т.б. Ертегілерде 7 батыр, 7 аға-
йынды, 7 ұл, 7 қыз.. т.с. сияқты болып кездеседі.Бастапқыда балалар қазақ
тілінде аптаның жеті күнін еске түсірді.Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі,
бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7
күннен кейін жетісін өткізеді.
Қазақ халқы бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін
салмақтап,өзіне тән ерекшелігін саралай білген,орнына,маңызына сай
қолданған.Әр санда өзіндік кие болатынын,мақсаты мен мағынасы болатынын
сезе,түйсіне білген.Әр санның өзіндік қасиеті,тәрбиелік мәні,саналы орны
болған.
Ұлы ғұлама,әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың
жылдан аса уақыт бұрын «адамға ең бірінші білім емес,тәрбие керек.Тәрбиесіз
берген білім адамзаттың қас жауы»,-деген қағидасын ұстанамын.
Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса- дана адам болып есептеледі.
Қазақтарда мынадай ырым бар,кімде-кім өз жанында жайсыздық сезінетін
болса,өзінің немесе жақындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп,киелі
жұма күні 7 шелпек пісіреді. Бұл 7 шелпекті 7 үйге таратып беру керек.
Сондай-ақ шелпекті жеген адам «Қабыл болсын» деп, ал берген адам «Әумин»
деп айту керек.Осы тұрғыда қазақтарда «Өлі разы болмай,тірі байымайды»
деген мақал бар. Яғни,осылай аруақтарды еске алып отырса адамның өмірде
жолы болып отырады,аруақтар қолдап,қоштап жүреді деген мағына
береді.Сол себепті де 7 саны сәттілік,ырыс-береке әкелетін киелі сан болып
есептеледі.
Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы
кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал,
«Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін
дүниенің жарымын аралап,жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп
армандарына жеткен...
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген,әр сөзіне мән берген
халық.Қазақ үшін әр сөздің ғана емес,әр санның өзіндік қасиеті,шариғатқа
қатысы,тәрбиелік мәні,саналы орны бар..Расында Қазақ бір санынан бастап,әр
санның қадірі мен қасиетін салмақтап,өзіне тән ерекшелігін саралай
біліп,орынды маңызына сай қолдана білу керек..Әр санда өзіндік ие
болатынын,мақсаты мен мағынасы болатынын сезіп,түйсіне білген жөн.
Иә,шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте коп кездеседі.
Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама десеңізші!
-11-
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Бәрі де сандар туралы. Алматыкітап, 2008 жыл
2. Қазақ энциклопедиясы. 3-том, Алматы, 2011 жыл
3. Сейіт Кенжеахметұлы. Жеті қазына. 1-кітап
4. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы,1948ж.
5. Интернет материалдарынан
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе__________________________________________________3
2. Негізгі бөлім_____________________________________________
3. 1.1-Сандардың шығу тарихы________________________________4
4. 1.2-7 саны – қасиетті сан___________________________________5-9
5. 1.3.7 санына байланысты Қазақ аспаптары____________________9-10
6. Қорытынды______________________________________________11
7. Пайдаланылған әдебиеттер
Математика - еще материалы к урокам:
- Тест "Компоненты арифметических действий"
- Конспект урока "Умножение числа 4. Деление на 4" 3 класс
- Презентация по математике "Устные упражнения"
- Конспект урока "Числа 6-7. Цифра 6"
- Конспект урока "Класс миллионов. Класс миллиардов"
- Конспект урока "Объем тела. Объем прямой призмы и цилиндра. Решение задач по теме «Объем призмы и цилиндра»"