Конспект занятия "С. Сейфуллин «Ақсақ киік»" 5 класс

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин «Ақсақ киік»
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: ақын жайлы мәліметтерді тыңдай
отырып, жаңа мағлұматтар алуға жағдай туғызу «Ақсақ киік» өлеңінің
тақырыбы мен идеяларын ашу.
ә) дамытушылық: шығармашылық жұмыстар аркылы ойлау қабілетінің
дамуына ықпал жасау, өз бетінше түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруға
жол ашу.
б) тәрбиелік: отансуйгіштікке, табиғатты қадірлеуге, экологиялық және
эстетикалық тәрбие беру, адамгершілікке баулу.
Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойтолғаныс.
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану, әдебиет
I. Ұйымдастыру
1) амандасу,оқушыларды түгендеу,оқушы назарын сабаққа аудару
2) қайталау сұрақтары
II. Жаңа сабақ
Ой қозғау
- Балалар,бәйтерек деп аталатын алып ағаш туралы не білеміз?
(осы сұрақ арқылы қазақтың «Үш бәйтерегіне»жауап алынады)
С.Сейфуллин (Сәдуақас) Сейфоллаұлы - 1894 жылы 23 мамырда Ақмола
облысы, Ақмола уезінің Нілді болысында дүниеге келген.Әкесі өз еңбегімен
күн көрген саятшы, домбырашы, әңгімешіл адам болған. Ал анасы Жамал да
ел әдебиетін жақсы білген. Тәрбиелі орта Сәкеннің халық өнеріне деген
сезімінің оянуына көмектескен. Оның «Далада», «Сыр сандық», «Қамаудан»,
«Тұлпарым» деген адам жанының сыршылдығын, құпиялылығын терең
мағынамен берген өлеңдері бар.
«Ақсақ киік» өлеңі
Географиялық сипаттама: Арқа, яғни Сарыарқа Орталық Қазақстанды
алып жатқан аймақ. Батысынан Шығысына дейін 1200 км өңірді алып
жатыр.Қысы суық, жазы ыстық. Қуаңшылық жерлер көп болғандықтан
сортаңды жерлерде өсетін көкпек, жусанның бірнеше түрлері өседі. Ақбөкен
де осы Арқада мекендейді. Еті пайдалы, мүйізі медицинада қолданылады.
III. Шығармашылық жұмыс:
1-Тапсырма
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
1-топ. Өлеңнің алғашқы шумағын құрылысына қарай талдау
2-топ. Өлең ішінен өздеріне таныс көркемдегіш құралдар табу
2-Тапсырма «Сэнкуэн» әдісі. Бес жолды өлең
1) зат есім
2) сын есім
3) етістік
4) синоним
5) сөйлем құрау
Сөздікпен жұмыс: қу баялыш шөп атауы
сегіз көштік ұзындық өлшемі
таңы жануардың сұлуы
қос шатыр, күрке
бетеге шөп атауы
Ойтолғаныс
1. Өлең мазмұнына сүйене отырып, өлең ішінен табиғат көрінісі, киіктің сұлу
мүсіні, мүшкіл халін суреттеген жолдарды табу
2. «Азайды соңғы кезде байғұс бөкен
Мүйізін пайда қылмай шетке сатқан» деген жолдардың мәнін ашу
IV. Бекіту сұрақтары:
1. Өлеңді оқи отырып нені үйрендік?
2. Табиғатты қорғау мақсатында біз қандай шаралар ұйымдастырып жүрміз?
3. Табиғат, жан-жануарларды қорғау туралы қандай мақал-мәтел,
нақылдарды білеміз?
Қорытындылау
Сабақты Қ.Мырзалиевтің өлең жолымен қорыту:
Аяймын мен анасыз, атасызды,
Аяймын мен құлынсыз, ботасызды
Хайуанатқа жасаған қиянатың
Бауырыңа жасаған опасыздық.
V. Үйге тапсырма: 1) Өлеңнен ұнаған шумақтарды жаттап келу
2) Бөкеннің аянышты халін суреттеп жазу
VI. Бағалау
Сабақтың тақырыбы: О.Бөкей « Тортай мінер ақ боз ат...»
Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың білімдерін тексеру, әңгімені
талдау арқылы тақырыбын, идеясын, мәнін ашу
ә) топппен жұмыс негізінде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, көркем
сөйлеу және жазу шығармашылығын арттыра отырып, тіл байлықтарын,
сөздік қорын дамыту
б) балалардың ойын тұжырымдауға, өзгелермен пікір алмаса білуге,
адамгершілікке үйрету, мейірімділікке, қамқорлық жасауға, жанашырлыққа
баулу
Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақ әдісі: кубизм, ойтолғаныс, «Венн» диаграммасы, сұрақ-жауап,өткен
сабақпен байланыстыру (С.Мұратбеков «Жусан иісі»)
Топтық жұмыс: а) топ пікірі
ә) топтастарына көмек беру
б) әңгімені өмірмен байланыстыру
I. Ұйымдастыру
1) амандасу, оқушыларды түгендеп, сабаққа даярлықтарын байқау
2) өткен сабақты қайталау
II. Жаңа сабақ
- Балалар, бүгін әдебиетіміздің көрнекті тұлғасы О.Бөкейдің
шығармашылығына тоқталамыз.
О.Бөкей 1943 жылы Шығыс Қазақстанның Қатонқарағай ауданындағы
Шыңғыстай ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Жасатайынан
өнер, білімге құштар өскен ол арман жетелеп 1963 жылы Қазақ Мемлекеттік
университетінің журналистика бөліміне түсіп, сырттай оқиды. Кейін тілшілік
қызметтер атқарады. Оның «Қамшыгер», «Үркер», «Қайдасың, қасқа
құлыным», «Біздің жақта қыс ұзақ» тәрізді әңгімелері мен повесть
жинақтары бар.
Жазушының балаң оқырманның таным-түсінігіне сай жазылған туындылары
жеткілікті. Соның бірі – «Тортай мінген ақ боз ат... » әңгімесі.
Әңгіменің композициялық құрылысы
Басталуы: Салықсалған етегіндегі ауыл бейнесі
Дамуы: Үңгірден пана тапқан Тортай немесе оның ертегісі
Шиеленісуі: Тортай мінер ақ боз ат...(арманы)
Шарықтау шегі: Ораштың ауылға оралуы
Шешімі: Тортай ертегісінің соңы
III. Шығармашылық жұмыс
1- Тапсырма «Кубизм» әдісі
Суреттеу және көркемдегіш құралдар табу: 1. Салықсалған тауының етегі
2. Тортайдың бейнесі
3. Тортайдың қиялға шомуы
2- Тапсырма «Венн» диаграммасы
3- Тапсырма Ойтолғаныс
1-топ: Автордың «Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді...
Иесіне қайтаруға кеш еді...» дегені қандай ойға жетелейді?
2-топ: Тортайдың «Бұл дүниеде пір тұтар жалғыз-ақ нәрсем бар, ол - кітап»
дегенінен кітап оқудың қандай құдірет-күшін байқауға болады?
3-топ: Бас кейіпкерлерге (Тортай, Ораш), яғни еңбекқор да талапты
балаларға мінездеме беріңдер
IV. Бекіту сұрақтары: 1) Әңгіме неге «Тортай мінер ақ боз ат...»
аталынған? Өздерің қандай ат қояр едіңдер?
3) Тортай қандай бала? Оның арманшыл, қиялшыл болуының себебі неде?
4) Тортай мен Ораштың шынайы достығы туралы не айтар едіңдер?
V. Үйге тапсырма: 1) Әңгімені оқып, мазмұнын айту
2) «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп Аян мен Тортай ертегісін
жалғастырып жазып келу
Мұханбетқали А.Қ.