Сценарий "Тәуелсіздікке тағзым" 10 класс

Байқоңыр қаласындағы №273 орта мектебіндегі Абай мұражайындағы
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған бұрыш.
Мұражай меңгерушісі
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бигерестанова Гунжамал Жаркамбеевна
Көрме «Тәуелсіздікке тағзым»
(Көрме патриоттық үлгіде безендірілген. Түрлі түсқағаздар ілінген. Ортаға
жүргізушілер шығады)
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тағзым» атты
Абай мұражайындағы көрмемізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізді.
Осы атаулы күнге дейін біз көптеген қиындықтарды бастан кешірдік.
Енді осы атаулы оқиғаларға тоқталып өтейік.
Қазақ хандығы
Жонғар шапқыншылығы
Фашисттік Германия
Семей полигонындағы ядролық сынақтар
Қайғылы желтоқсан оқиғасы
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке
мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991
жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен
мемлекеттің егемендігі туралы” заң қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25
қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен
бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
Еліміздің ең алғаш тұңғыш президентін де сайладық. ҚР-ның президенті
болып елбасы Нұрсұлан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
25 жыл ішіндегі еліміздің жеткен жетістіктері тізбектелген шежіреге
назар аударыңыздар!
1991 жылдың 29 тамызындағы Қазақ КСР Президентінің «Семей
ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы болды. Қазақ
жерінде 40 жылдан астам уақыт бойы сынақ жүргізілген ядролық
қаруға нүкте қойылды.
1992 жылы парламент отырысында Қазақстан республикасының
рәміздері: елтаңбасы, туы, әнұраны қабылданды.
1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ-на мүше болып
қабылданды
1992 жылы 8 мамырда ҚР-ның дербес Қарулы күштері құрылды.
1992 жылы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО құрамына енді.
1993 жылы Тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Конституциясы
кабылданды.
1993 жылы 15 қарашада «Ұлттық валюта» тенге енгізілді.
1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
«Болашақ» бағдарламасын тағайындады. Осы жылы «Болашақ»
бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.
1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола
қаласына көшіруге шешім қабылдады.
1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары
дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке
самғады.
1995 Абай жылы болып жарияланды.
1995 жылы 1 наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан
халықтарының Ассамблеясы құрылды.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстанның жаңа Конституциясы
қабылданды.
1996 жыл Жамбыл жылы болып жарияланды .
1997 жылы «Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданды.
Президенттің жарлығымен мемлекет астанасы болып Ақмола
жарияланды.
1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР
Заңы қабылданды.
1998 жыл - Ұлттық тарихы мен бірлігі жылы.
1998 жылы Қарулы күштердің үш түрі құрылды: әуе
қорғанысы,мемлекеттік шекараны қорғау күштері,жалпы мақсаттағы
күштер.
1999 жыл Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы жылы деп
жарияланды.
2000 жыл - «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.
2001 жылдың 22-25 қыркүйек аралығында ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың шақыруымен Рим Папасы ІІ Иоанн Павелдің
Қазақстанға мемлекеттік пасторлық сапары болып өтті. Әлемдік
діндер съездерінің өткізілуі - еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың
айғағы.
2002 жыл «Денсаулық жылы» деп жарияланды.
2002 жылы 23-24 қарашада Түркістан қаласында қазақтардың Екінші
Бүкіләлемдік құрылтайы өтті.
2002 жылы 24-26 қарашада - Екінші Еуразиялық Медия Форум өтті
(Алматы қаласында).
2003-2005 жылдары -«Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды.
2006 жылдың қаңтарында республиканың жаңа әнұраны қабылданды.
Әнұран негізіне композитор Ш.Қалдаяқовтың (сөзі
Ж.Нәжімеденовтың) 1950 жыдары жазылған «Менің Қазақстаным» әні
алынды. Қолданыстағы әнұранның заңды авторларының бірі -
Н.Ә.Назарбаев
2007 жыл «Қазақ тілін қолдау» жылы деп жарияланды.
2009 Мемлекет басшысы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы
аясында әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді.
2010 жылы Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев
Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға
(ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті.
2011 жылы Қазақстанда жетінші қысқы «Азиада-2011» өтті.
2012 жылы Қазақстан астанасының EXPO-2017 көрмесін өткізуге
байланысты конкурсты жеңіп алды.
Жылдың ең маңызды саяси оқиғасы – «Қазақстан 2050» стратегиясы.
2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы аталып өтілді.
Жүргізуші
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Тәуелсіздік- ол ұлттық мемлекеттілік.
Оның тамыры- жасампаздық. Тәуелсіздіктің ұраны: «Ел мен халық». Олай
болса Қазақстан халқы жаңа әлемнің жаңалықтары мен жақсылықтарына
ұмтыла бермек!
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар! Бүгінгі «Тәулесіздікке тағзым» атты көрмеміз өз
мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Елдің ертеңі жарық болсын! Келесі кездескенше аман болыңыздар!