Конспект урока "Үшжүздіңбасын біріктірген хан Абылайға 300 жыл" 9 класс

Тақырыбы:Үшжүздіңбасын біріктірген хан Абылайға 300 жыл.
Мақсаты: 1. Қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, қазақ мемлекетінің
іргетасын қалаған Абылай хан жайында мәлімет бере отырып, оның қазақ
тарихындағы орны, ерлік істері жайында және Ұлы ханға биылғы жылы 300
жыл толып отырған тілге тие кету.
2. Абылай ханның қазақ тарихындағы алатын орнын анықтай отыра,
оқушыларды қаһарман тұлғалардың ерлігін құрметтеуге , ерлікке,
отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбилеу.
Әдісі:Әдеби-тарихикеш
Барысы:
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші:
Халық үшін жаратқан Дана-Құдай,
Әруағыңнан айналдым,Хан Абылай.
Шемендеген зар заман шер-сағыныш
Домбырамның сыймайды шанағына-ай.
Жүргізуші:
Тауқыметін тағдырдың тарқан ханым,
Арқасына нар жүгін артқан ханым.
Иісі қазақ баласын соңына ертіп,
Жолбарыстай жаранып жортқан ханым.
Жүргізуші:
-Қайырлы күн құрметті қонақтар, оқушылар! Аты аңызға айналған тарихи
тұлға Абылай ханға биыл 300 жыл толып отыр.
2- Жүргізуші:
«Үш жүздің басын біріктірген хан Абылайға 300 жыл » атты әдеби монтажға
қош келдіңіздер!
1-Жүргізуші:
Абылай хан-қазақ халқының ұлы ханы, дарынды қолбасшы және шебер
дипломаты. Ол 1711 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында, Тәшкент
маңында дүниеге келсе керек.
Ей,Абылай , Абылай!
Мен өзіңдікөргенде,
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің,
Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан құл едің!
Жаныс Қарабайдың үйінде
Түнде туған ұл едің,
Ол қазақ халқының басына түскен ең ауыр қасірет «Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама» жылдарында жетім қалып, Төле бидің қолында
тәрбиеленеді.
2-жүргізуші
20 жасында қалмақтың атақты батырынан қаймықпай, жекпе—жекке шығып,
жеңіске жеткеніне қарағанда, жауынгерлік өнердің мектебін жетік меңгерген.
1- Жүргізуші:
Шарышты жеңіп атағы шыққан соң Абылайды Әбілмәмбет сұлтан
Көкшетауға алып кетеді. Абылай сұлтан атанып, ел билеу ісіне араласады.
1734жылы Әбілмәмбет Орта жүздің ханы болып сайланады да, Абылай
сұлтан Әбілмәмбетке көмекші болады.
2-Жүргізуші:
Жүзге, жікке, руға бөлмеген хан,
Екісөзгеегессекелмеген хан.
Иен даланың мәңгілік киесіндей,
Өзі өлседе, рухы өлмеген хан.
Абылай Әбілмәмбеттен батырлық жағынан ғана емес, шешендік пен
көсемдік жағынан да алда тұрған. Сол себептен де Әбілмәмбет хан бірнеше
рет билік тізгінін Абылайға ұсынған.
1-Жүргізуші:
Абылайдың сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, жау қашырған батыр
екенін көпшілік білгенімен, оның дарынды күйші екенін біреу біліп, біреу
білмейді. Абылайдың «Ақ толқын», «Алабайрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние
қалды», «Жетім торы», «қайран елім», «Қара жорға», «Майда жел», «Шаңды
жорық» және т.б. күйлері бізге жеткен.
жүргізуші:
«Қара жорға »күйі белгілі бір тарихи оқиғалардан бастау алған.
…Абылайдың Ұлытау баурайында саясатшылық құрып жүріп, түнгі ұйқыға
жатқанда қалмақ қолына түсіп, қапы қалғаны, сөйтіп Қалдан серенге
жеткізіліп, екі жылдай тұтқында ұсталғаны белгілі. Қалмақ ханы Абылайды
өлтіре алмайдды. Кемеңгерлігі мен ерлігіне құты құлап, қазақ елін билеуде
сенімді серігі етуді ойлап, сұлу қарындасы Хошаны Абылайға қосады,
атсына су төгілмес қара жорға мінгізіп, үш жүздің әрқайсысынан отыз-
отыздан келіп жатқан мәмілегер елшілерге қосып, еліне қайтарады. Ата
жаудың тұтқынынан бір тал қылшық қисатпастан азат болғаны өз алдына,
Хоша сұлуды алып, қара жорғаны тайпалтып, көңілі өскен хан «Қара жорға»
күйін шығарған.
Енді «Қара жорға» күйін тыңдайық.
Күй «Қара жорға»
Көрініс «Абылай жоңғар тұтқынында»
1- Жүргізуші:
Абылай 1743жылы қалмақтың тұтқынынан қайтып келген соң Әбілмәмбет
хан Орта жүз билігін Абылайханға тапсырып, өзі Түркістан шаһарына қоныс
аударған. Абылайдың азаматтығы сол, Әбілмәмбет өлген соң ғана 1771 жылы
оның орнына хан сайланған.
Оқушы:
Алтын тәжін бақыттың киген ханым,
Елі-жұртын еңіреп сүйген ханым.
Алты Алаштың алауыз басын қосу
Еншісіне ең алғаш тиген ханым.
Өшкенотықайтаданлаулаған хан,
Жан-жүрегінжалпыныңжаулаған хан.
Мың оралған жерұйық құрағындай,
Ұрпақтары алшынып қаулаған хан.
Кеншінді елеп, кемді де қоштаған хан,
Келешекке кемеңгер бастаған хан.
Дара туған дарбозым, хан Абылай,
Қазағымда өзіңнен аспаған хан…
2-жүргізуші:
1779 жылы Абылай Ресей патшалығының өзіне арналған Орта жүз ханы
деген лауазымының ата-белгілерін қабылдау үшін Орынборға келіп қайтуға
жіберілген шақыртуынан бас тартты. Себебі, ол өзін Орта жүздің ғана емес,
бүкіл қазақтың ханымын деп есептейтін.
Оқушы:
1-жүргізуші: 1771 жылы Еділ қалмақтарының шығыстағы атақонысы
Жоңғарияға қазақ жері арқылы көшті. Цин империясы жоңғар хандығын
талқандап, халқын қырып-жойғаннан кейін Еділ қалмақтары қаңырап, иесіз
ата-бабаларының жеріне қайтуды ұйғарады. 11 мың отбасы өзеннен өте
алмай Ресей шегінде қалуға мәжбүр болды. 31 мың отбасы, яғни шамамен
170-180 мың адам қазақ жері арқылы өтуге бел буды. Олардың 40 мың
жауынгері болды. Қалмақтар бірнеше қазақ ауылдарын таптап өтіп., Жем
өзенінің жағасына Кіші жүздің ханы Нұралы әскерінен жеңіліс тауып,
Мойынты өзені жағасына аялдады. Абылай хан бастаған қазақ әскері жауды
қоршауға алады. Соғыстың алдындағы уақыттан көрініс ұсынамыз.
Көрініс «Соңғы соғыс»
2- Жүргізуші:
Үш тәулік соғысып, қазақ жасақтары қалмақтарды күндіз-түні өкшелей қуып,
біртіндеп жоя береді. Шөл мен сансыз шайқастардан қалжыраған қалмақтар
қырылып, тірі қалғандары тұтқынға түсумен болды.
жүргізуші:
Ақтамберді жырау «Күлдір-күлдір кісінетіп»
жүргізуші:
Антроплог Оразақ Смағұлұлының зерттеуінше: Абылай орта бойлы, ашаң
жүзді, бет сүйегі сопақша келген, сарғылт жүзді адам болған.Дене қимылы
өте ширақ, өмір бойы ат үстінде жүргендіктен жамбас сүйектерінің
құрылысы аз ғана деформацияға ұшыраған. Әсіресе, ерекше атап өтетін
жайт, Абылай белгілі найзагер, қылыштасудың шебері болса керек, оның оң
қолының бұлшық еттері жетілген, өте қарулы болған. Абылайдың он екі
әйелі, отыз ұлы, қырық қызы болғанына қарағанда, оның денсаулығы зор
болған деп болжауға болады. Тіпті, 45 жасында алған ауыр жарақаттан соғыс
кезінде сол жақ санының ортан жілігі екіге бөлінген көрінеді. Сол сынық
қайтып бітіп кеткен.
Оқушы: ...
жүргізуші:
1781 жылы Тәшкен жорығынан қайтып келе жатқан жолда Абылай хан өзін
жайсыз сезінеді. Әскер тоқтап аялдады. Хан осы жерде бекініс тұрғызуға
бұйрық етті. Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жеріндегі бұл бекініс халық
«Хан қорғаны» деп атап кетті. Осы жылдың мамыр айында ұлы хан дүние
салды. Абылайдың сүйегін үш жүздің жақсылары Түркістанда Қожа Ахмет
Йассауи кесенесіне арулап қойды.
Жүргізуші:
Иә, Абылай аңызға айналған тұлға, бірақ біз ата тарихының бар шындығын
ашу үшін сол аңыздан ақиқатты ажыратып алуымыз керек. Және оны
өткеннен сабақ, тарихтан тағылым алу үшін жасауымыз керек.
жүргізуші:
Өзіңсіңайбарым да, айбатым да,
Санасқанорыс, қытай, ойратың да.
Ел берген жігер болды жігерің де,
Ел бергенқайратболдықайратың да.
жүргізуші:
Елің үшін жауластың,
Жерің үшін дауластың,
Уа, Хан ием, Абылай!
Ешкімнен де ықпалдың,
Намыс туын жықпадың,
Маңдайдағы бағым-ай.
Теңіз құсап бұлқындың,
Найзағай болып сілкіндің,
Уа, Хан ием, Абылай!
Сөзжұмбақ шешу:
1.Абылай хан қазақтың қандай мемлекеттігін сақтауды көздеді? (Алаш)
2.Орта жүз ханы (Әбілмәмбет)
3.Үш жүздің өкілдері қол қойған тау аты қалай аталады? (Ұлытау)
4.Қазақтың соңғы ханы (Уәлихан)
5.Үш жүздің бірі қалай аталды? (Орта)
6.Қазақстандағы өзен аты (Жайық)
А
Б
Ы
Л
А
Й
Мақал-мәтелдер:
«Ел үмітін ер ақтар,ер атағын ел сақтар»
«Ер азығы мен бөрі азығы жолда»
«Ер жолдасы- тәуекел»
«Ел барда,ер қор болмас,
Ер барда,ел қор болмас»
«Ердің ісі-елдің мойнында,
Елдің ісі-ердің мойнында»
«Ер салмағын ел көтереді,
Ел салмағын жер көтереді»
«Ерді ел теңгерер»
«Ауырлықты жер көтерер,
Ауыр қазаны ер көтерер»
«Отан-оттан да ыстық»
«Отан үшін –отқа түс күймейсін»
Осымен «Үш жүздің басын біріктірген хан Абылайға 300 жыл.» атты әдеби-
монтажымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Абылай
Шығыстың
жеті тілін
білген
Керемет
шешен
Барынша
адал әрі
әділ
Сөзіне
берік,алғыр
ойлы
Дене күші
зор
Сөзге шебер,әрі
тапқыр
Домбыраны
жақсы тарта
білген
Батыл,ержү
рек,әбжіл