Конспект урока "Қазтуған Сүйінішұлы" 7 класс
Тақырыбы: Қазтуған Сүйінішұлы
Мақсаты:
Қазтуған жырау туралы деректерді білу, шығармашылығымен
таныстыру, толғауларының мәнін көрсету.
Сабақтың түрі: ізденіс, шығармашылық сабағы.
Әдістері: талдау, СТО , шығармашылық, сөз әдісі
Көрнекілігі: Тарихи тұлғалар, Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық
анықтамалық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды үш топқа бөлу.
«Ой қозғау» сатысы. Интербелсенді тақтаға мына өлең жолдары
жазылады:
Көрінген мынау көк Нарын
Ойран салып өткен жер.
Маңдайы күнге күймеген,
Жорғадан басқа мінбеген,
Сұлудан басқа сүймеген,
Қамқадан басқа кимеген...
Оқушылар осы өлең жолдарынан бүгінгі тақырыпты анықтайды.Сабақ
тақырыбы анықталған соң, сабақ барысы тақтадан көрсетіледі.
Кіріспе бөлім: «Ой жалғау» сатысы. Оқушыларға Қазтуған туралы
мәлімет таратылады.Олар өздеріне берілген тақырып төңірегінде негізгі
мағұлыматтарды жинақтап, өзіндік ойларын ортаға салады.
Тақтаға Қазтуған жыраудың өміріне байланысты суреттер ілінеді.
Оқушылар сол суреттер арқылы Қазтуған өмірі жайлы деректерді айту
керек (оқушылар үйден өздері қосымша деректер әкеледі.).
Қазтуған
Қарға бойлы Батыр Жорықшы жырау Халық эпосын
жасаушы
І топ «Қазтуғантанушылар»
Зерттейтін мәселелері: Жыраудың шыққан ортасы, өмірінен мәлімет.
ІІ топ. «Жыр танушылар»
Зерттейтін мәселелері: Қазтуған жырау Сүйінішұлы (ХV ғ.)
шығармашылығының өзіндік сипаты.
Жырау мұрасының басылуы, зерттелуі.
Осы мәселерді оқушылар зерттеп, ойларын ортаға салады.
«Ой толғау» сатысы.
1. Қазтуған жыраудың өзіне арналған мадақ жырын талда.
2. Қазтуған жырларындағы Асан қайғы сарыны қалай көрініс тапқан?
3. Өлең-толғауларының көркемдік сипатын айқында.
4. Қазтуған шығармаларының кейінгі жырауларға әсері қандай?
Үй жұмысы:
Міндетті деңгей: « Ескі елдік, бөлінбес бірлік, қайтпас ерлік» мағанасын
түсіндіру.
Қазтуған жырау шамамен ХV ғасырдың 20-30 жж. Еділ бойында, қазіргі
Астрахань облысының Красный Яр қаласының маңында туған. Оны халық
Қарға бойлы Қазтуған деп атап кеткен. Жыраудың дәл қай жылы туып,
өлгені туралы деректер әзірге белгісіз. Шамамен 75 жасында қайтыс болған.
Ол көшпенді шонжарлар әулетінен шыққан. Жаугершілік заманда қолбасы
батыр, жорық жыршысы болған.
Қазтуған туралы алғашқы деректерді С.Сейфуллин жинақтаған. Жырау туып-
өскен жері — Еділ, Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл өзендері бойын өз еркімен
тастап кетпей, оны амалсыз қалдырып бара жатқанын жырларына арқау
етеді.
ХІХ ғ. көрнекті ақыны Мұрат Мөңкеұлы Қазтуған туралы көп толғап, оның
пікірлерін талмай уағыздап өткен.
Өзіне арнаған мадақ жырында («Бұдырайған екі шекелі…») жырау өзін ең
күшті, ең құрметті заттарға балайды. Тарпаң тағыны ұстар ұзын құрық, ақ
орданы сүйеп тұрған әшекейлі сырық, жас бураның тал шайнар өткір азуы,
қыранның ең қуатты тырнағы. Осы жолдардан Қазтуғанның жорықшы,
жауынгер жырау болғандығы көрінеді.
Қазтуған нәр алған әдебиет — көшпенділердің көне поэзиясы. Кет-Бұға,
Сыпыра жыраулардың толғаулары.
Қазтуғанның нағыз ақындық қуатын танытатын шығарма – оның туған
жермен қоштасу жыры. («Алаң да, алаң, алаң жұрт»). Еділ бойы —
Қазтуғанның ата-бабасының ғұмыр кешкен, өзінің туып өскен жері.
Сондықтан да Еділді қиып тастап кету мүмкін емес. Жырау қайғы айтып еш
түңілмейді. Батырлар дәстүрін қолдап, асқақ жыр шертеді. Ескі елдік,
бөлінбес бірлік, қайтпас ерлік дәстүрлерін уағыздайды.
ҚР ҒА қолжазба қорында «Қазтуғанның қоныстан ауғанда айтқаны» деген
бір толғау бар. Бұдан Қазтуғанның Асан қайғының жер туралы пікірлерімен
бағыттас екенін байқап, Асанның баласы Абат екеуінің көзқарасының бір
екенін көруге болады. Толғау Асан, Абат, Қазтуған үшеуінің диалогы ретінде
беріледі. Ол кезде Асан 120 жасаған қария. Ол ел бастауды екі батырға
жүктеп, ақылшы ғана болып отырады.
Кейінгі ақындар, әсіресе Махамбет сияқты батыр ақын оған еліктеген,
Қазтуған образдарынан тікелей үлгі алған, сөз саптаулары бірыңғай, әуендес.
Себебі, бұлардың алдына қойған мақсаттары ұқсас. (портрет, теңеу,
аллитерация қолданудағы ерекшеліктер).
Қазтуған эпостық жырлар да шығарған. Олардың көбі ел аузында
сақталмаған. Бізге жеткен санаулы шығармаларының өзінен-ақ өршіл
романтикалы жауынгер ақын болғаны байқалады.
История - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Қазақстандағы этносаяси үрдістер" 7 класс
- Конспект урока "Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары" 7 класс
- Конспект урока "Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты" 7 класс
- Конспект урока "Ғылым мен білімнің дамуы" 7 класс
- Технологическая карта урока "Экономическое положение Казахстана XIII - первой половине XV вв." 7 класс
- План-конспект урока "Царь Василий Шуйский" 7 класс