Конспект урока "Діни экстремизм - бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп" 7 класс

Сынып сағатының тақырыбы: Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа
төнген қауіп
Мақсаты:
1. Білімдік: Экстремизм, терроризм терминдеріне түсінік беру,
Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері,
қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден
нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға
байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
3. Тәрбиелік: Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып,
имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: әңгімелеу, сұрақ-жауап
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер
келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / слайд суреттері –
плакаттар,
Сабақ барысы
Жоспар:
І. Ұйымдастыру
1 Экстремизм, терроризм дегеніміз не? Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай
ажыратамыз?
2. “Діни экстремизмслайд көрсету.
3. “Абайлаңыз секта!.... Дінімізге берік болайық!”
5. “Не істер едің?" Жағдаяттардың шешімін табу.
Кіріспе: Құрметті оқушылар. Бүгін сіздер «Діни экстремизм – бейбітшілік пен
тұрақтылыққа төнген қауіп» атты тақырыбында әңгіме өткіземіз.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз тегіміз түрік, дініміз - ислам екенін ұмытпауымыз
керек», - деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған.
Ислам он төрт ғасырдан бері барша адамзаттың наным - сеніміне, нәсілі мен тегіне
қарамастан, ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабырлылыққа шақырып келе
жатқан Аллаһ тағаланың соңғы, әрі бірегей діні. Қоғамның ең әлсіз тұсы дін,
жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба, әлде бір себептерінен бе,
секталарға кіру себебі, неде? І. Ой қозғау.
- Оқушылар, «Экстремизм,терроризм» деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не
келеді?
- Террорлық іс - әрекеттерден зардап шегетін кім?
( Ойларын дәптерге жазады)
ІІ. Мағынаны тану.
I. Экстремизм деген не? Қоғамға тигізер әсері қандай? Қазіргі таңда діни - ахуал
жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн
беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл
үлкен қауіпті құбылыс.Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу,
тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді.
Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан
туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге
саяды. Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз? Сонымен, «діни экстремизм»
дегенді қалай түсіндірер едіңіз? Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау.
Зайырлы қоғамға қарсы әрекет ету. Алайда қазіргі кезде ислам мен қазақы салт -
дәстүріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарама қайшылықтар
түсінбеушілікті тану қиындық тудыруда. Олай дейтінім соңғы кездері түрлі топтар мен
жұртты алдап, соңынан ертіп, әулие әмбиелердің басына барып зиярат жасап, сол жолда
пайда тауып елді адастырып жүрген діндар сымақтардың көбейіп бара жатқаны жасырын
емес.Терроризм – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту»
Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлері және
көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі
заманда ең өткір мәселеге айналды. Осы орайда аталған мәселенің жай - жапсарын
тереңірек тану үшін мына бір бейнематериалға назар аударайық. («Шындық пен сұмдық»
бейнематериалы арқылы оқушылар пікірін тыңдау) «Абайлаңыз секта!... Дінімізге берік
болайық!» (Діни экстремизм) Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін
ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану
және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне
жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен
арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп,
халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті
лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп
арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп,
солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей
өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің
таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол - шоқпары бола, солардың жыртысын
жыртып, сойылын соғып жүр.
Қазіргі кезде Қазақстан аумағында қызметтері арнайы сот шешімдерімен Заңсыз деп
таңылған діни ұйымдардың тізімі жасалған. (кесте тақтаның көмегімен көрсетіледі.) Не
істер едің? оқушыларға тақырыпқа байланысты жағдаяттар беріліп, пікірлері тыңдалады.
1) ҰБТ – дан жоғары ұпай жинап, қаладағы жоғарғы оқу орнының біріне қабылдандың.
Сабақтан қайтып келе жетқанда алдыңнан өзің қатарлы жігіттер немесе қыздар шығып
сенің дінге деген көзқарасыңды білмек болып сұрақтар жаудырды. Осы жағдайдағы сенің
іс – әрекетің қандай? Олармен пікір бөлісесің бе? Үндемей кете бересің бе? Шешіміңді
дәлелде?
2) Сыныпқа жаңадан оқушы келді, онымен жақын әңгімелесе бастағаннан саған бейтаныс
діни ағымдар туралы қызықты оқиғалар айтып, сол ортамен байланыс орнатуға
үгіттеді.Тіпті сені мол қаржы табудың көзі ретінде сонда жұмысқа шақырды.Осы
жағдайдағы сенің іс – әрекетің қандай? Ұсынысқа көзқарасың туралы ойыңды бөліс.
Мұны білу өте маңызды!
1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін
тақырыбындағы диалогқа араласпа!
2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға
бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.
3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім
қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.
4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет
айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге
тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.
6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер
уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің
мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.
7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды
ертіп жүріңіз.
8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды
түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз
ба?
9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін
дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.
10. Есіңде болсын! Есте сақта!
Қорытынды.
Бүгінгі сабағымызда дін, әдет - ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алдық
деген ойдамын. өзге діннің алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хал
кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыруы керек.
Жазушы болсын, жұмысшы, қайраткер болсын, рухтың кемелденуі – ең негізгі
қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін адам ибалы, қоғам иманды болуы керек.
Бүгінгі сабақтың түйіні келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керек болса, ибалы
адам, иманды сол тіршіліктің алтын тірегіне айналсын демекпін. Осындай тілекпен бүгінгі
қоғамымызды дөп басар кезінде ұлт зиялысы, ел жанашыры Міржақып Дулатұлының
«Оян, қазақ!» атты өлеңінің мына бір жолдарымен қорытындылағым келеді.
Оян, қазақ!
Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,
Дініңді сен ардақтағын, құнтта!
Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,
Қателесіп жаман жолмен былықпа!
Сабақ аяқталды.
Потанин жалпы орта білім беретін мектеп
Сынып сағаты
Тақырыбы:
«Діни
экстремизм»
Өткізген: 7«а» сыныбы
Сынып жетекшіcі: Есимханова Н.Е.
Черное ауылы
2015-2016 оқу жылы.