Презентация "Целиноград"

Подписи к слайдам:

 

Целиноград

1960 жыл салынған зауыт, яғни тың кезіндегі қаланың орталығы

Ару қала- Астана!

 Қызықты деректер
  •  Қызықты деректер
  • Астана — Азия астаналарының ішінде солтүстік полюске ең жақын орналасқан.
  • Астана — ғаламшардағы ең суық астаналардың бірі, Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдан жылы, Канада астанасы Оттавадан суық
  • Әлемдегі астана аталатын астаналар тек қана Қазақстан астанасы — Астана қаласы және Оңтүстік Корея астанасы — Сеул қаласы.
  • Тарихи және мәдениет ескерткіштері
  • Астана қаласында республикалық маңызы бар жылжымайтын тарих және мәдениет ескерткіштері-2. Жергілікті маңызы бар жылжымайтын тарих және мәдениет ескерткіштері -45, оның ішінде археологиялық-12, қала құрылысы және сәулет -29, монументалды құрылыс -4.

.

Тәуелсіз Қазақстанның жүрегі – қазіргі Астана қаласы әуелде Қараөткел атаныпты. Патшалық Ресей қазақ даласын отарлау мақсатымен 1832 жылы Ақмола бекінісін салған.

1961 жылы бұл шаһардың аты Целиноград боп өзгертілді.

Қай ел болса да астанасын үлкен өзен бойына салу ежелден келе жатқан үрдіс. Өйткені, сулы жер - нулы жер, ол қаланы жағалай жасыл желекке бөлеп тұрады. Біздің Астана қаламыз да Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан. Бұл қаланың Астана ретінде таңдалуына қазақ жерінің қақ ортасынан ойып орын алған географиялық қолайлылығы, өнеркәсіп ошақтары, ауылшаруашылығы, байланыс жүйелері мықтап дамығандығы ғана емес, сондай – ақ, қазақ халқының ел иесі болуға ұмтылған ұлы мұратын аңғартатын астары да бар.

Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Оның өсіп - өркендеуі , сөз жоқ, мемлекетіміздің абыройы. Осы аз уақыт ішінде Астана сыртқы келбетіне ішкі сұлулығы үйлесіп, қанат жайып, сырттан келгенді де, іштен барғанды да бір тамсантып тастайтын ғажайып қалаға айналды. Қалада соңғы жылдары қазақтың зиялы қауымы да айтарлықтай шоғырланып қалды. Олар жаңарған қалаға өзіндік ұлттық сипат дарытып, өркениет сатысына көтере түсері анық. Жаңадан ашылған даңғылдар мен көшелерге қазақша ат қойылып, ірі – ірі меншік – нысандарының бұрынғы аттары қазақшаға ауыстырылып жатқаны да көңіл қуантады.

.

2005 жылы Астана қаласының тұрғындарына барлық мамандықтағы 3,6 мың дәрігер және 4,2 мың орта медицина қызметкерлері еңбек ететін, жергілікті басқару органдарының қарамағындағы 32 мемлекеттік медицина ұйымы және 100-ден астам мемлекеттік емес медицина ұйымдары қызмет көрсетті.

. Астанада 54 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 2 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты, арнаулы түзету мектеп-интернаты, ұйымдардың деректері бойынша жалпы саны 60,1 мың оқушысы бар кешкі мектеп жұмыс істейді. Мектеп жасына дейінгі білім беру жүйесінде 11,2 мың баланы қамтыған 36 мектеп жасына дейінгі ұйым жұмыс істейді. Бес-алты жастағы балалардың мектеп алды дайындығын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалған.

Қалада білім беру кеңістігі құрылды. Білімге ынталы дарынды балалар үшін мектептер ашылды. 26 мектепте жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын сыныптар ашылды

Тарихы

Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.

1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.

1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.

1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

.

  • Хан-Шатыр — Астананың ең
  • үлкен ойын-сауық орталығы.

.

Қаланың дәл жүрегінде орналасқан Бәйтерек мұнарасы жағаласындағы паркқа ұқсас ашық аланында ұдайы арнайы мерекелер өткізіліп отырады. 2010 жылы осы жерде Әкімшіліктің шақырумен Берлин қаласынан келген Аюлар достастығы көрмесінің таныстыру мерекесі өткізіле алынды. Осы көрмеде дүниенің 125 елінен 125 өнерпаздар жасап шығарған 125 көркемөнер уникаттары, бірбірімен татулықпен тыныш тұрып тұрған түрінде, көрсетілді

Биліктің үш тармағы:

Үкімет, Сенат, Парламент.

Әлеуметтік қорғау саласында жүргізілген жұмыс кедейлік шегінен төмен өмір сүріп жатқан халықтың, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал жіктерінің өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталды. Астанада 2005 жылғы желтоқсанда орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс шамасы 6,2 мың теңгені құрады. Кірісі кедейлік шегімен бірдей немесе одан төмен тұрмысы төмен азаматтардың саны 2006 жылдың 1 қаңтарына 2,9 мың адамды құрады, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 4,2 есе кем

"Нұр-Астана" мешіті

Назарларыңызға рахмет!