Тест "Философия пәнінен дидактикалық тапсырмалары"

Философия пәнінен дидактикалық тапсырмалары
Нұсқа 1
Бақылау жұмысы
1. Философия дегеніміз не?
2. 2.Философияның мәдениеттегі орны мен ролін анықтаңыз?.
3. Буддизм – адамгешілік – этикалық ілім ретінде.
4. Тянь діні және көне Қытай философиясы.
5. Легистердің саяси – этикалық ілімі.
6. Дүниенің қозғаушы күштері: Махаббат және Өштесу.
7. Клазомендік Анаксагор.
8. Элей мектебі.
9. Ф.Аквинскийдің іліміндегі құдай идеясын негіздеу.
10. 10.Қайта Өрлеу Дәуіріндегі утопиялық идеялар.
11. 11.Қайта Өрлеу Дәуіріндегі эстетика.
12. 12.Готфрид В.Лейбниц. Монадалар туралы ілім.
13. Ф.Бэкон: «Жаңа Органон».
14. И.Канттың антиномиялары.
15. И.Фихте философиясындағы субъект белсенділігі мәселесі.
16. Гегельдің философиясы.
Тест тапсырмалары
1. Философия сөзінің этимологиялық мәні:
А) өмірге құштарлық; Б) ғылымға құштарлық; В) даналыққа құштарлық; Г) әділеттікке
құштарлық; Д) ізгілікке құштарлық.
2. Философия қай кезде пайда болды?
А) б.д.д. ҮІ-Ү ғ. ғ; Б) б.д.д. ҮІІІ-ҮІІ ғғ; В) б.д.д. ІҮ-ІІІ ғғ; Г) б.д.д. ІХ-ҮІ ғғ; Д)б.д.д. ҮІІ-ҮІ
ғғ.
3. Философия пайда болды және қалыптасты:
А) Көне Римде Б) Вавилонда; В) Көне Мысырда; Г)Көне Иранда; Д) Көне Грекияда;
4. «Философ» сөзін алғаш қолданған:
А) Пифагор; Б) Гераклит; В) Демокрит; Г) Платон; Д) Фалес;
5. Философияны сипаттайтын тұжырым:
А) философия – “адам-әлем” қарым-қатынасын анықтайтын дүниетаным;
Б) философия әлемді образды эмоциялық бейнелеу;
В) философия – практикадан бөлінген білім;
Г) философия ғылым туралы ғылым;
Д) философия қарапайым практикалық тәжірибеге негізделген дүниетаным;
6. Философияның негізгі мәселесінің дәл мағынасын көрсетіңіз:
А) Дүниені тану қажет пе?
Б) Философиялық бағыттардың, өз көзқарастарын насихаттау күресі;
В) Материя және сана ұғымдарын қарсы қою;
Г) Материяның бастапқы екендігі және рухтың одан тәуелділігі;
Д) Ойлаудың болмысқа қатысы;
7.Философияның негізгі мәселесі (Ф. Энгельсше)
А) ойлаудың болмысқа қатынасы; Б) бостандық пен өмір; В) әлемдегі кеңістік қандай; Г)
жасанды интеллект деген не? Д) адам дегеніміз не?
8. Философияның пәні мен объектісін анықтаңыз:
А) Адам және оның әлемдегі орны; Б) Дүние – біртұтас әлем; В) Қоғамдық-тарихи
процестер; Г) Әмбебап заңдар мен принциптер; Д) Табиғат және оның заңдары;
9. Философия анықтамаларының бірі
А) қоғам туралы ғылым;
Б) жоғарыдан ашылатын ақиқаттарға сенім;
В) табиғатты тану;
Г) табиғаттың, қоғамның және танымның дамуының жалпы заңдары туралы ғылым;
Д) аспан денелері қозғалысының теориясы;
10. Мифологиялық көзқарасқа тән емес:
А) Социоморфизм – қоғамның ерекшеліктерін табиғатқа беру;
Б) Анимизм – табиғаттың жаны бар деп түсіну;
В) Антропоморфизм – адамның қасиеттерін табиғатқа беру;
Г) Тотемизм – жалпыға бірдей арғы атаға табыну;
Д) Теоцентризм – құдайды дүниенің жаратушысы деп түсіну;
Ситуациялық тапсырмалар
Неміс ағартушысы Г.Лессинг: «Егер Құдай мені өзіне шақырып: «Бір қолымда Дүние
жөніндегі толық ақиқат, екіншісінде ақиқатқа деген іңкэр бар. Қайсысын таңдап аласың?»
- десе, мен: «О, Жаратқан, бүкіл ақиқаттың иесі сенсің, маған тек сол ақиқатқа іңкәрлікті
берсеңіз болғаны», - дер едім» - дейді. Осы көркем сөзбен берілген ойды сіз қалай
түсінесіз?
«Ешкім де философияны жастық шағында ысырып тастап, қартайғанда одан шаршамасын.
... философия жасқа да, кәріге де керек, біріншіге жастық жігерді болашақ алдындағы
пісіп-жетілген батылдықпен ұштастыруға, екіншіге өмірдің соңында рухани жаңарып,
өткенге қуану үшін» деген пікірді грек философы Эпикур айтқан екен. Бұл ойдың маңызы
неде?
Француз ағартушысы Д.Дидро айтқандай, «Ең тамаша ойшылдар философиямен ғасырлар
бойы айналысты. Бірақ соған қарамастан, онда бірде-бір дау туғызбайтын пікір жоқ». Неге
олай?
«Өткен және болашақ замандардағы қасіреттерге философия жоғарыдан қарағанмен,
қазіргі қасіреттер философияға жоғарыдан қарайды» деген ойды француз жазушысы
Франсуа де Ларошфуко айтқан екен. Бұл ой-пікір біздің қазіргі өтпелі заманымызды
бағалағанда, қандай тебіреністерді тудырады?
«Жалғыздықтың шеңберінде өмір сүру үшін я жануар, я болмаса Құдай болу керек» -
дейді Аристотель. Бірақ үшінші бар, ол - философ», - дейді Ф.Ницше. Бұл пікірді қалай
түсінуге болады?
«Қайғы таныммен бірге басталады», - дейді француз ойшылы А.Камю. Сіз бұл пікірді
қалай түсінесіз?
«Философия қоғамға тәуелді болмауы керек, керісінше, қоғам философияга тәуелді болуы
керек», - деген екен орыс философы Н.Бердяев. Бұл тұжырым қазіргі өтпелі қоғамда
қандай ойларды туғызуы мүмкін?
«Егер өлім болмаса, адамдар философиямен айналысар ма еді?» - дейді неміс философы
А.Шопенгауэр. Оған қалай қарайсыз?
Аралық бақылау
1. Дүниеге көзқарас дегеніміз не? Дүниеге көзқарастың өзіне тән ерекшеліктері.
2. Философиялық ойлаудың өзіне тән ерекшелігі неде?
3. Философиялық проблеманың табиғаты қандай?
4. Ертедегі Қытай философиясының ерекшеліктері және ежелгі Қытайдағы негізгі
философиялық мектептер.
5. Ежелгі Үнді философиясындағы негізгі мектептер.
6. Милет мектебінің өкілдері және бастама (субстанция) проблемасы.
7. Антика диалектикасының негізін салған кім?
8. Аристотель философиясының мәні және өзіндік ерекшелігі.
9. Орта ғасыр философиясының ерекшеліктері мен сипаттаы белгілері.
10. Қайта Өрлеу философиясындағы антропоцентризм және гуманизм.
11. Арабтілді мұсылман философиясындағы негізгі ағымдар.
12. Мұсылмандық Шығыстың ең ерекше сипатты белгілері.
13. Жаңа заман философиясының ерекшелігі және оның жаңалығы неде?
14. Ағартудың негізгі идеялары.
15. Р.Декарттың дуализмі және ғылыми әдіс проблемалары.
16. Неміс классикалық философиясының басты проблемалары мен міндеттері.
17. 19 ғасыр бас кезіндегі постклассикалық философиясының негізгі бағыттары.
18. Орыс философиясының негізгі проблемалары мен өкілдері.
19. Вл. Соловьевтың "орыс идеясын" түсіндіріңіз.
20. 19 ғасыр философиясының негізгі тенденциялары мен проблемалары.
2-Нұсқа
Бақылау жұмысы
1. Қоғамдық – экономикалық формация ұғымы.
2. Марксизм қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы.
3. Марксизм философиясындағы жаттану мәселесі.
4. Қазақ философиясының ерекшелігі неде?
5. Ш.Уәлиханов – ойшыл. Ш.Уәлихановтың әлеуметтік – саяси көзқарастары.
6. Абай және оның қазақ философиясының қалыптасуындағы ролі.
7. ХҮІІ ғ. Орыс философиясы. М.Ломоносов, А.Радищев.
8. Ф.Достоевский шығармашылығының философиялық мазмұны.
9. Л.Толстойдың адамгершілік философиясы.
10. К.Ясперстің тарих философиясы.
11. О.Конттың позитивизмі.
12. Структуализм. К.Леви – Стросстың концепциясы.
13. За қажеттілік ретінде, заң және мән.
14. Дүниенің бірлігі және көптүрлілігі.
15. Монизм. Дуализм. Философиялық плюрализм.
16. Тірі және өлі материяның ұйымдасуының негізгі деңгейлері.
Тест тапсырмалары
1. Ежелгі үнді философиясына тән ерекшелік:
А) қарапайым, күнделікті дүниетаныммен тығыз байланыстылығы;
Б) діни-мифологиялық дүниетаныммен тығыз байланыстылығы;
В) ғылыми дүниетаныммен тығыз байланыстылығы;
Г) теориялық таныммен тығыз байланыстылығы;
Д) сезімдік таныммен тығыз байланыстылығы;
2. Ежелгі Үнді философиясына тән негізгі сипат:
А) Адамгершілікке, руханилыққа баса назар аудару;
Б) «Иоганы» денені машықтандыру мағынасында түсіндіру;
В) Салт-санаға (дәстүрлік) мән беру;
Г) Ұстаздың бет-бейнесін қайта жасауды талап ету;
Д) О дүние мәселесі, жанның көшуі.
3. Көне Үнділік қазір әлемдік діннің бірі болып табылатын діни-философиялық ілім:
А) жайнизм; Б) йога; В) брахманизм; Г) буддизм; Д) чарвака-локоята.
4. Ежелгі Үнді еліндегі варналарды көрсетіңіз:
А) брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар, шудралар;
Б) брахмандар, кшатрийлер, чарвактар, локаяттар;
В) вайшьялар, шудралар, санкхья, брахмандар;
Г) кшатрийлер, йога, миманса, вайшьялар;
Д) шудралар, брахмандар, локаяттар.
5. Нирвана дегеніміз:
А) адамның бәрі бәрінен аулақтану күйі, сананың сөнуі; Б) ақиқатқа жету; В) демалу
тәртібі; Г) тірі жандардың түрлену тізбегі; Д) әлемдік ой.
6. Антикалық философия:
А) орта ғасырлар философиясы; Б) көне Үнді философиясы; В) ертегі гректер мен
римляндықтардың философиясы; Г) ертедегі мысырлықтардың ілімі; Д) көнешығыстық
даналық.
7. Ежелгі грек философиясының басты ерекшелігі:
А) ғарыштық орталықтық; Б) діни орталықтық; В) антропологиялық орталықтық;
Г) әлеуметтік орталықтық; Д) ғылыми орталықтық.
8. Антика философиясындағы Милет мектебінің басты мәселесі:
А) алғашқы бастауды іздестіру; Б) таным жолын іздестіру; В) өмірдің мәнін іздестіру; Г)
таным өлшемдерін іздестіру; Д) құдіретті бастауды іздестіру.
9. Софистер мектебіне тән пікір:
А) субъективті ақиқат жоқ; Б) барлығына бір ғана ақиқат тән; В) ақиқат әрі объективтік,
әрі субъективті болады; Г) әркімнің өз ақиқаты бар; Д) ақиқат әрқашанда нақты.
10. "Бәрі ағып, бәрі өзгереді, бір өзенге екі рет кіруге болмайды" - деген қағида кімдікі?
А) Гераклиттікі; Б) Фалестікі; В) Парменидтікі; Г) Зенондікі; Д) Пифагордікі.
Ситуациялық тапсырмалар
Қытай философы Конфуцийдің мына пікірлеріне ұқсас қазақтың ғибрат сөздері,
мақалдары туралы ойланыңыз.
1. Жастар үй – ішінде ата – ананы ардақтауға, жасы үлкендерді сыйлауға, өз ісіне
іңкәрлікпен , инабаттылықпен қарауға, халқын шексіз сүюге, адамдарды бір бірімен
жақындастыруға міндетті. Егер де осы міндеттерді орындаудан уақыт қаласа, оны кітап
оқуға жұмсау керек.
2. Адалдық пен әділділікке ұмтыл, қателескен кездеріңде қателерінді түзетуден қорықпа.
3. Оқығанды ойға тоқымау – жетесіздік. Ойлағанды оқымау көрсоқырлық.
4.Ақылды жанды көрсең, соған ұқсауға ұмтыл.
Ақылсызды көрсең, өзіңнің қандай екеніңді онымен бір сәт салыстырып, іштей ойлан.
Нұсқа 3
«Дхаммападаның» мына қағидаларымен қазақтың даналық сөздерін салыстырып, талдау
жасаңыз:
1. Дхаммааның арқауы ақыл, оның үздік бөлігі де ақылдан жаратылған.
2. Бұл дүниеде күншілдік арқылы күншілдік тиылмайды, біреуге біреудің күншілдігі
болмаса ғана күншілдік тиылады.
3. Денсаулық ұлы жеңіс, қанағат – ұлы байлық, сенім – ең жақсы туыс, нирвана ұлы
игілік.
4. Парасатты адамның жүзіне қараудың өзі бір ләззатты сәт қой, олармен бірге болу –
рахат. Надандардан аулақ болудың өзі бақыт.
Аралық бақылау
1. Дүниеге көзқарас дегеніміз не? Дүниеге көзқарастың өзіне тән ерекшеліктері.
2. Философиялық ойлаудың өзіне тән ерекшелігі неде?
3. Философиялық проблеманың табиғаты қандай?
4. Ертедегі Қытай философиясының ерекшеліктері және ежелгі Қытайдағы негізгі
философиялық мектептер.
5. Ежелгі Үнді философиясындағы негізгі мектептер.
6. Милет мектебінің өкілдері және бастама (субстанция) проблемасы.
7. Антика диалектикасының негізін салған кім?
8. Аристотель философиясының мәні және өзіндік ерекшелігі.
9. Орта ғасыр философиясының ерекшеліктері мен сипаттаы белгілері.
10. Қайта Өрлеу философиясындағы антропоцентризм және гуманизм.
11. Арабтілді мұсылман философиясындағы негізгі ағымдар.
12. Мұсылмандық Шығыстың ең ерекше сипатты белгілері.
13. Жаңа заман философиясының ерекшелігі және оның жаңалығы неде?
14. Ағартудың негізгі идеялары.
15. Р.Декарттың дуализмі және ғылыми әдіс проблемалары.
16. Неміс классикалық философиясының басты проблемалары мен міндеттері.
17. 19 ғасыр бас кезіндегі постклассикалық философиясының негізгі бағыттары.
18. Орыс философиясының негізгі проблемалары мен өкілдері.
19. Вл. Соловьевтың "орыс идеясын" түсіндіріңіз.
20. 19 ғасыр философиясының негізгі тенденциялары мен проблемалары.