Конспект урока "Гимнастикалық ағаш аттан аяқты ашып секіру"
Дене шынықтыру сабағы
Сабақтың тақырыбы: Гимнастикалық ағаш аттан аяқты ашып секіру
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ағаш аттан секіру техникасын
үйрету,меңгерту;
Дамытушылық: Спортқадеген қызығушылығын
арттыру; Ептілікке , шапшаңдыққа тәрбиелеу; Дене бітімдерінің дұрыс жетілуіне
көңіл бөлу.
Тәрбиелік: Жинақылыққа, белсенділікке және өзіндік жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практика және ойын.
Әдісі: Түсіндіру, үлгі көрсету
Керекті спорттық құралдар: Гимнастикалық ағаш ат, секундомер, гимнастикалық
төсеніш, ысқырық.
Сабақтың барысы:
Дайындық бөлімі- 15-17 минут
Сыныпты сапқа тұрғызып амандасу. Сыныпты түгелдеу, формаларын қарап шығу.
Саптағы бұрылу жаттығуларын орындату.
- Жалпы жетілдіру жаттығуларын жасату:
1)Ара қашықтықты сақтап қатармен жүру.
2) Қолды жоғары созып, алақанды созып, алақанды ішке қаратып аяқтың ұшымен жүру.
3) Қолды белге қойып, басты тік ұстап өкшемен жүру, аяқты бүкпеу.
4)Қолды белге қойып, жартылай содан соң толық отырып жүру.
5) Бастапқы қалыппен жүру.
6)Спорттық жүріспен жүру және жүгіру.
7)Қолды белге қойып сол қапталмен, оң қапталмен жүгіру.
8)Қолды белге қойып, тізені бүкпей, аяқты алға созып жүгіру.
9)Қолды алға айналдыру, аяққа кезектестіріп жүгіру.
10) Артпен жүгіру, сол қол жақпенқарап.
11)Санақ бойынша жүгіру және спорттық жүріс. -
Дене жаттығуларын жасату:Екі қатарға тұрғызып:
1) Бастапқы қалып. Қолды белге қойып, аяқты иық көлеміндей етіп ашып,
мойнымызды санақ бойынша солға 4- рет, оңға 4-рет толық айналдыру.
5-6 рет қайталау.
2) Бастапқы тұрыс. Қолды иыққа қойып, аяқты иық көлеміндей етіп ашып алға 4-рет,
артқа 4-рет иықты, шынтағымызды толық айналдырамыз. 5-6-рет -қайталау;
3) Бастапқы тұрыс .Қолды кеуде тұсына бүгіп ұстап саусақты ұштастырып бір-сол
қолымызды жазып солға қарай кеудемізді бұрамыз. Екі бастапқы қалыпқа келеміз.
Бастапқы қалып 3-4 солға солай келесі жаққа қарай орындау. 5-6 -рет- қайталау;
4) Бастапқы тұрыс. Аяқты алшақ етіп ашып алға еңкею, оң қолымыз төменде, сол
қолымыз жоғарыда, түзу ұстап санақ бойынша қолды алмастыру.5-6 рет орындау;
5) Бастапқы тұрыс. Қолымызды белімізге қойып аяқты иық көлемінде ашамыз,
денемізді тік ұстау. 1-алға еңкейіп сол аяғымызды ұшына қолымызды тигіземін (тізені
бүкпей ). 2-ортаға қолды тигіземіз (тізені бүкпей). 3-оң аяғымыздың үшына тигізу. 4-
бастапқы тұрысқа келу. 5-6 рет қайталау;
6) Бастапқы тұрыс. Қол белде, аяқты иық көлеміндей етіп ашып, белімізді оңға 4-рет,
солға 4-рет айналдыру. Денені тік ұстап 5-6 рет қайталау.
7) Негізгі тұрыс қол төменде аяқты қосып тік тұрамыз. 1-қолды жоғары көтеріп аяқтың
ұшына тұру, 2- алдыға еңкею, тізені бүкпей, 3-қолды алға созып отыру, 4-негізгі
тұрыс 5-6 рет қайталау.
8) Негізгі тұрыс . 1-сол қапталға аттап отыру, сол аяққа қолды алға созып,
2-бастапқы қалып, 3-оң аяққа отыру, 4-бастапқы қалып. 5-6 рет қайталау.
9) Негізгі тұрыс . 1-сол аяқпен алға созып, 2-бастапқы қалып, 3-оң аяққа, 4-бастапқы
қалып. 5-6 рет қайталау.
Бір сапқа түрғызып арнайы жүгіру жаттығуларын орындату.
Негізгі бөлім- 25 минут
Екі-үш оқушыға өткен сабақты орындатып еске түсіру.
Сапқа тұрғызып жаңа сабақпен таныстыру.
Ағаш аттан секіруді 3 кезеңге бөліп, үйрету. Бірінші-жүгіру және секіру кезеңі, екінші-
қолды алға созып гимнастикалық ағаш аттың бас жағынан ұстап серпіле итеру кезеңі,
үшінші –аяқты қосып денені тік ұстап жерге түсу кезеңі.
Орында ағаш аттан ұстап секіріп, табанды тигізіп отыру жаттығуын орындату.
Осы жаттығудыжүріп келіп орындатып оқушыларды машықтандыру. Оқушылардың
қос аяқпен секіріп мініп , қолды алға созып бірдей етіп тіреп отыруын қадағалау,
қателіктері болса айтып түсіндіру, түзету.
Жүгіріп келіп ағаш аттан ұстамай қос аяқпен мініп алға секіре ағаш аттың бас жағына
қолды қойып итеріле аяқты қосып денені тік ұстап , қолды екі қапталға созып түсу
жаттығуын мұғалімнің көмегімен орындату содан соң өздіктерінше орындату.
Жүгіріп келіп секіріп ,қолды алға созып ағаш аттың орта тұсынан ұстап отыру жаттығуын
орындату. Осы жаттығуды үш-төрт рет қайталату.
Оқушылардың орындағанын мұқият қадағалап кемшіліктері болса айтып түсіндіру.
Соңынан өздіктерінше орындату.
Сыныпты екі топқа бөліп секіруге арналған эстафеталық жарыс ұйымдастыру.
1)Бір аяқпен секіріп жарысу
2) Бақаша секіріп жарысу
3) Капитандар сайысы
Қорытынды бөлім- 3-5 минут
Қайта бір сапқа тұрғызу. Үйге тапсырма беру. Көзге түскен және бағасы аз оқушыларды
деңгейіне қарай бағалау. Оқушылармен қоштасып қатармен киінетін бөлмеге жіберу.
Физкультура - еще материалы к урокам:
- План-конспект урока "Гимнастика. Закрепление опорного прыжка" 8 класс
- Конспект урока "Волейбол. Техника выполнения стойки волейболиста и передвижения игрока. Техника приема и передачи мяча двумя руками снизу" 7 класс
- Конспект урока "Волейбол. Тұру, ауысу, секіру жаттығулары. Ойыншының іс-әрекеті, жаттығу ойыны" 7 класс
- План-конспект урока по волейболу 8 класс
- Конспект урока "Дене тәрбиесінің сабақ жоспары" 7 класс
- План - конспект урока "Нападающий удар. Верхняя прямая подача" 8 класс